Жарияланымдар

Алматыдағы алғашқы "Асық party" қалай өтті?

Блог - Zako: Алматыдағы алғашқы Асық party қалай өтті?
3 мамыр күні Алматыда қалалық әкімшілік ғимаратының маңында алғашқы «Асық party» шарасы болды. Асық ату ойынына өмірінде қолына асық ұстап көрмеген кішкентай баладан (тіпті араларында орыстың кішкентай сары қызы да бар) бастап ересек жігіттерге дейін қатысты. Алғашында бәрі бірге ойнап еді, ересек ойыншылар саны артқан соң балалар бөлек, ересектер бөлек ойнады. Ересектер өзара жарысты. Нәтижесінде Нұрдәулет Жеңіс жеңіске жетті. Бижан Сәдібеков есімді жігіт екінші орын алды.
Әрі қарай

Қарағанды қаласының жаңа ғимараттары

Сәлем, блогерлер! Көптен бері блогқа жазуды қойып кетіп едім. Оқуға байланысты жоспарларым да басқаша еді. Астанадан Алматыға баратын пойыздан қалып қоюым менің блог жүргізуді қайта қолға алуыма себеп болды. Блогқұрылтайдағы байқаулар да адамға шабыт береді екен.

Енді іске көшсек. Биылғы БҚ-да "Қарағанды қаласына 80 жыл" деген бірнеше байқау болғалы жатыр. Солардың бірнешеуіне қатысу үшін Қарағанды қаласына өз бетімізше блогтур жасадық. Білгенімізден білмегеніміз көп болды, қызықты жағдайлар да болды. "Қарағанды қаласына 80 жыл" фотобайқауына заманауи Қарағандының фотоларды ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Дүңгіршектерде қазақша газет-журналдар неге аз?

«Газет-журнал сататын дүңгіршектерден қазақша газет-журналдарды таппайсың. Қазақстанда тұрсақ та қазақша басылым сатып алу мүмкін емес» дейді көп адамдар. Айтып жатқандары қазақша басылымдардың орыстілді басылымдармен салыстырғанда саусақпен санарлықтай ғана екенін білдіреді.

Дүңгіршектердегі қазақша газет-журналдарының саны неге аз?
Кез келген газет-журнал ә дегеннен танымал болып, таралымы артып кетпейді, яғни сұраныс уақыт өте келе артады. Ал оған дейін редакция немесе баспагер біраз әбігерге түсіп, шығындалады, терлейді. Өйткені басылымды шығарып, халыққа жеткізу оңай шаруа емес. Әсіресе, қаржысы аз басылымдар үшін қиынның қиыны деуге болады.
Әрі қарай

Сауалнамаға қатысушылар керек

Қайырлы түн/таң/күн, блогшылар!
Осыдан бір ай бұрын «Ана мен бала» сайтында сайтпен аттас журнал шығару жайында оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп едік. Дауыс берушілердің саны 501-ге жеткенде сауалнаманы тоқтатып қойып едім. Сөйтсем, сауалнаманың нәтижесімен қоса, берілген дауыстардың саны да маңызды болып шықты. Енді дауыс берген адамдардың санын арттыру үшін сайтымыздан тыс жерлерде (басқа сайттарда) дауыс беретіндерді іздеп жатырмын.

Дауыс берудің еш қиындығы жоқ. «Ана мен бала» журналы қажет пе? деген сұраққа жауап берсеңіз болғаны. Дауыс беру кезінде үш жауаптың қай-қайсысын таңдасаңыз да өз еркіңізде.
Сауалнама мына бетте: ana-bala.kz/saualnama

Ескерту!
Сауалдың астарында ешқандай философия жатқан жоқ. Дауыс берген адамдар санының көп болғаны керек.
Әрі қарай

"Өркениет" бағдарламасынан соң түйген ой

«Мәдениет» телеарнасындағы "Өркениет" бағдарламасы қазақ елінің мәдениеті мен руханияты тақырыбында «Күлтөбеде күнде жиын» дегендей жақсы басқосулар өткізіп, келген қонақтар (сарапшылар, мамандар) мәселелерді талқылайды, әр саланың бүгіні мен өткенін сөз етіп, болашағы туралы ойланады. Осы жағынан маған ұнады. Бірақ бір өкініштісі: қазіргі жағдайымыздың өркениеттен алыста екендігімізде. Бұған бағдарламаның кінәсі жоқ екенін білемін.
Әрі қарай

Блогшы не дейді, лицензиясы не дейді?

Авторлық құқықты реттеуге арналған халықаралық Creative Commons (мағынасы: Халық игілігі) лицензиялары бар. Ол лицензияны қолдану дегеніміз өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізді жұртшылықпен бөлісу дегенді білдіреді. Ары қарай қандай шарттар қоятындығыңыз көрсетіле береді.

Бір блогты оқып отырып, мынадай ескертпені көрдім:

Ескертпедегі лицензия мен оған қосымша жазылған түсініктеме бір-біріне қайшы келіп тұр. Неге? Өйткені блогшының таңдаған лицензиясы белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, мақаланы көшіруге болатындығын білдіреді.
Әрі қарай

Басылым табысты болу үшін не істеу керек?

Газет болсын, журнал болсын, редакция басылым таралымының артқанына ниетті. Таралымы артса, басылымның танымалдылығы артады, табыстарының арту мүкіндігі арта түседі. Сонымен, басылымның таралымы арту үшін не істеу керек? Осы сұраққа шетелдік басылымдардың тәжірибелерінен жауап іздеп көрелік.

Басылым уақыт пен оқырман талабына сай болу керек
Қандай керемет болса да, басылым уақыт өткен сайын оқырмандардың жаңа буынының қалыптасатынын, оқырман сұранысының өзгеретінін ескеру керек. Ескеріп қана қоймай, сұранысқа жауап беретіндей қызмет жасау керек. Мысалы, 90 жылдардың басындағы басылымның қазіргі күндері де бұрынғы бағытынан танбай жұмыс істеуі ешқандай табыстың кепілі болмайды. Өйткені 90 жылдары оқырманға басқа тақырыптар қызық еді, қазіргі оқырманға басқа тақырыптар қызықты.
Әрі қарай

Аналар күні мерекесі керек пе?


Аналар күні (мереке демей-ақ қойдым) едеген атаулы күнді бекіту туралы тиісті мекемелерге ұсыныс жасау туралы идея бар еді. Ананың кім екені, оның біз үшін маңызы туралы жазбасам да білесіздер. енді сұрақ: сіздер аналар мен жүкті әйелдердің (ана болағалы жатқан әйелдер) құрметіне байланысты атаулы күннің біздің елде де Аналар күні деп аталып өтуіне қалай қарайсыздар?

Сауалнаманы қалай қосады? Солай етіп шығарайыншы.

Сурет: livesupdate.blogspot.com
Әрі қарай

Біртүрлі тіркестер

Мен қазақ болып туылғаным үшін бақыттымын?
Неге? Орыстар орыс болып туылғанына өкініп жүр ме екен?

Қазақ тілінен асқан бай тіл жоқ!
Қанша тіл білетін адамның сөзі бұл?

Бізді біріктеретін нәрсе — ұлттық идеология.
Ол не? Жай ғана ұран ба?
Әрі қарай

8 наурыз мерекесі һәм Олимпиада ойындары

8 наурыз жақындағанда «Бұл мереке — харам мереке. Шығу тарихы Исламға жат» деп шу көтеретіндер жетерлік. Қайтейік енді. Кезінде Олимпиада да гректердің құдайларына байланысты шығып еді. Қазір қай мұсылман «Олимпиада — харам жарыс. Ол Құдайға серік қосқандардың ойыны болған» деп айта алады? Жауап жоқ па?
Суретте: Зевс. afins.ucoz.ru
Әрі қарай