Мына бастама қызық болып отыр. Жазсаң, толтырып тастауға болады ғой, бірақ әркім таңдаулы тұлғаларды жазса, тізім сапалырақ шығады деп ойлаймын. Асып кетіп жатса, пікірлесіп тізімді қысқартамыз, сол кезде қызық болатын сияқты
Келісем, финалы асығыстау. Авторлар Рахимның атасын неге өлтіріп тастады, онымен не айтқысы келді? Жеті жылдан кейін деп ертегілендіріп керек емес сияқты
Фильм ұнады. Бұрын осы тақырыпта неге кино түсірмейді екен деп ойлайтын едім. Актерлар өте шынайы ойнапты, әсіресе «бас ахи». Фильмде тек бір жақты қарамай, кейбір мәселелерді диалогтар арқылы көрсете білген.
Айтпақшы, кейде әлеуметтік желіде әбден өзіммен-өзім мұңайып алғым келеді, жәй ғана статустатып. Тіпті жауаптың да керегі жоқ, болады ғой сондай бір кездер.
Мен үшін тек қана Василий Жиров тұлғалық символ болды. Қалғандарынан түк хабарым болмапты. Оның өзінде телеарналардың жарнамасының арқасында деп ойлаймын, өйткені Жировты бұрын естімегенмін, төбелестерін көрмегенмін. Алекс Ганзалеспен болған жекпе-жекке президент қатысып, тікелей эфирден бірнеше канал қатарынан көрсетті. Жер-көкке сыйғызбай мақтады. Жеңісіне қуанғаннан бірде жазып, бірде қойып жүрген шала күнделігімен үлкен әріптермен Жировтың Ганзалесті қашан, қалай жеңгенін жазып қойдым. Жировтың суреті бар дәптерлер пайда болды. Бірақ одан кейін Жировтың жекпе-жегін көрмедік, үн-түнсіз жоғалып кетті
Нағашы жағымнан бір мал емшісі бар. Малдардың сынығын теуіп салады. Сүйегі сынып, ауырып жатқан малды барып бір тебеді екен, содан әлгі мал жазылып жүріп кетеді
Қазақша дубляждалған бір де фильмге бармаппын. Өйткені мен арнайы кинотеатрға барып көретін фильмдер аударылмаған екен. Бірақ кішкентай інілерімді қасымда болса, жоғарыдағы дубляждалған фильмдерге апарар едім.
Ақын: Мағжан Жұмабаев, Тқлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев
Жазушы: Ілияс Есенберлин
Әнші: Мақпал Жүнісова
Өнер адамы: Құрманғазы,
Спортшы: Асылбек Килимов, Шоқыр Бөлтекұлы;
Ғалым: Ақжан Машани.
Тағы еске түсіп жатса жазармын
Неге соңғы пост? Блогиадада балың аз ба?