Керекте былтыр TERISKEY -дің анасының туған күніне арнап жазған постын оқып қатты толқығанмын. Енді өзім де ағымнан жарылып сондай жазба жазғым келіп отыр.
Кокос жапсырылған, глазурьленген, қызыл, жасыл, сары түсті, не дәмі керемет емес, не сыртқы түрі онша емес пешенейлер болады ғой. Шамамен, мынадай:
Дастарханда көп адам қол созбағасын, тұрып-тұрып көнеріп кететін де осылар. Бұларды не істейміз, тастаймыз ба?
Бөлмеде аз болатындығым себепті, қазанның қасында да көп жүрмеймін. Кеше инеттегі қазақша блогтарды ақтарып отырып, солақай қолдарыммен мына тағамды дайындап көрдім.
Бұл суреттер Ербол Азанбектің фотоаппаратына түсірілген. Суреттер тым көп болғандықтан, кейбір суреттерді ғана назарларыңызға ұсынып отырмын.
Мұзайдында
Достар! Керемет қуанышым бар. “Әрбір блогшы журналист болуға міндетті емес, бірақ, әрбір журналист жақсы блогшы бола алады” қағидасы біздегі блогкеңістікте қалыптасып келеді. Десе де, жаңа медианың дәстүрлі медианы шаң қаптырып кетуінен сескенетін кей аға буын өкілдері блог ұғымын қабылдай алмай жүр. Журфакта Асхат ағайымның үйреткен білімін екшеп көрсету және блогшылар деген қауымның еріккен жұрт еместігін дәлелдеу мақсатында