Жарияланымдар

Жасырын камераға ұсталған танымал саясатшының ұяты 2 еселенді



Ашынасымен қатынасы жасырын камераға жазылып қалған танымал саясатшы Артур Самсиннің ұят көрсеткіші жақында 2 еселенді. Видеоның толық нұсқасы көрсетілгенен кейін Артур кіретін тесік және есік таба алмады. Өйткені видеоның ұзақтығы небәрі 00:01:27 еді.
Әрі қарай

4 сағат өлең тыңдаған жігіт ауруханаға түсті


Алматы қаласының кафеде есінен танып қалған бір студент жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға түсті. Оқиға кеше Қорқыт-ата кафесінде болған. 2-курс студенті Аян Өтей 4 сағат бойы дос қызының өлеңдерін тыңдаймын деп, жүйкесі шыдамай есінен танып қалған. №2 қалалық ауруханада жатқан жас жігіттің жағдайы қазір түзеліп келеді дейді дәрігерлер.
Әрі қарай

Нигер Үкіметі Ақпарат және байланыс министрін қызметінен босатты



Екінші Дүниежүзілік Соғысқа дайындықтарын енді ғана тамамдаған Нигер өз әскери күштерін Ливия шекарасына жақындатқан кезінде елде жаңа жанжал пайда болды. Ливиядағы әскери белсенділікті байқаған нигерліктер мұны Муссолини әскерлері деп ойлаған екен, соғыстың 1945 жылы аяқталғанын енді білген Нигер үкіметі Ақпарат және Байланыс министрі Оболеме Матиуды өз қызметінен босатты.

Бір жағынан соғыстың біткеніне қуанған және бір жағынан кеш естулеріне қайғырған ел президенті Маси Лоева «Соғыстың аяқталғаны әрине қуанышты жәйт, бірақ басқа елдер неге бізге бұл туралы айтпаған?» деп өз ренішін білдірді.
Әрі қарай

Танымал психолог тойда соққыға жығылды



АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚызАқпарат /Әндірей Сақалов/ — «Кеше Атырау қаласындағы бір тойда белгілі психолог, „Метросексуализм негіздері“, „Сый-құрметке жаңаша көзқарас“, „Менің де құрметім шексіз“ кітаптарының авторы, „Бір қолмен амандасуды үйренейік“ атты курстарымен танымал болған Тамерлан Нуриев соққыға жығылып, сол қолы сынды»,

— деп хабарлайды Қызақпарат, Мақатньюске сілтеме көрсетіп.

Психологтың өзі «Бір түсініспеушіліктер болды. Қазір ешқандай мәселе жоқ» десе де «Аноним Еркектер Қауымдастығы» Facebook желісінде және Асаттық сайтында өз наразылықтарын білдіруде.
Әрі қарай

Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушыларына бөлек квота шығуы мүмкін


Астанада 11-ші сынып ата-аналарына арналған «ЕНТ стресін бірге жеңейік» атты тренинг және форум өтті. Тренинг барысында ата-аналарға үлгерімі нашар балаларын ұрмау, балағаттамау үшін қандай тәсілдермен өздерін ұстау керектігі, баланың оқуға түсе алмай 1 жыл үйде отыруы қоғамда ешқандай күлкілі жәйт емес екендігі, оқу үшін кредитті сәтті алу жолдары түсіндірілді. Жарты күнге созылған тренингтің соңы кішігірім форум-конференциямен аяқталды. Форум барысында ата-аналар балаларының бұрынғы сыныптастарының көпшілігі мектептегі соңғы жылдарын ауылдық жерде бітіруге кеткендерін айтып, бұл құбылысқа өз наразылықтарын білдірді.
Әрі қарай

Отандық аватар жасаушылар үкіметтен қолдау күтуде

Нұрислам Муслимов 21 жаста, жас дизайнер. Ағасының фотостудиясында жұмыс істейді. Бос уақытында аватар жасаумен айналысады.


— Нұрислам, жасаған аватарларыңыз қай тақырыптарда?
— Біз жолдас жігіттермен көбінесе азалы күндерге арналған авалар, ру аттары және қазақша ою, бүркіт суреті, Қазақстан туы бар авалар жасаймыз.

— Қиын ба аватар жасау?
— Әрине оңай емес. Үлкен тәжірибе және талант керек.

— Соңғы жасаған шығармаларыңыз қандай?
— Атырау, Тараз, Жаңаөзен қалаларының аттары жазылған қара ленталы аваларды мен жасадым.

— Қандай мәселелер, қиындықтар бар?
— Біз бұл туындыларды тегін жасап жүрміз. Үкіметтен материалдық қолдау күтеміз. Қанша дегенмен Қазағымыз үшін істелініп жатқан тірлік қой. Моймирде ашқан сообществомыз бар. Алла разы болсын, бүгінге дейін 2 адам қолдау көрсетті. Біреуі біз көрсеткен номерге 175 единица, ал екіншісі 57 единица лақтырған. Ал көп адамдар тегін алады да рахмет айтпайды.
Әрі қарай

Марсель Көшімхан нейтрино жылдамдығы туралы өз пікірін білдірді

Естеріңізде болса өткен жылдың қыркүйек айында Еуропа Ядро Зерттеу Орталығы (CERN) нейтринолардың жарық жылдамдығынан да тез екенін мәлімдеген болатын. «Осымен былай дейік» ток-шоуы да бұл оқиғадан тыс қалмай, жаңалықтың болғанына бірнеше ай өтсе де кешегі тақырыптарын осы оқиғаға арнады. Еліміздегі қазақтілді және интеллектуал пікір дефицитін ескере отырып, бұл бағдарламаға 33-ші рет суасты хоккейінен бастап, швед әдебиетіне дейін кез келген тақырыпта өз пікірімен ерекшеленіп жүрген бұрынғы Парламент депутаты Марсель Көшімхан шақырылды.
Әрі қарай

Алдар Көсенің сүйегі табылды. Алайда...


Жаңа ғасырдың алғашқы жылдары еліміздің археологиясы үшін керемет табысты жылдар болып жатыр деп айтуға толық құқығымыз бар. Соңғы 5 жылдықта бірнеше тарихи тұлғаның сүйегі табылып, мәре-сәре болып жатқан жайымыз бар. Соңғы табылған сүйектер қатарына Алдар Көсе сүйегі қосылды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облыстарының қиылысқан, шекара тұстарындағы бір үңгірден табылған 2 адамның бірінің сүйегі Алдар Көсенікі екені анықталған еді. Алайда, біздің археологтармен бірге жұмыс істеген неміс генетиктерінің айтуынша бұл сүйектің иесі кезінде гей болған екен. Бұл хабардан кейін алғашында «Біздің облыстан табылды, тойын біз өткіземіз» деп таласқан қос облыс өкілдері енді бұл ойларынан бас тартып, үңгірдің орналасқан жері біздің облыс территориясында емес деп отыр.
Әрі қарай

Барселона бас бапкері Х.Гвардиола өз өзін ұстай алмады

Кезекті турда Осасунамен кездесетін Барселонаның бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан бір күн бұрынғы баспасөз мәслихатында өз өзін ұстай алмай күліп жіберді:



— Алдағы ойынға қатты дайындалдық. Осасунамен соңғы ойынымыз 8:0 ірі есеппен біздің пайдамызға шешілгені ештеңені білдірмейді. Қарсыласымызды сыйлаймыз, қазіргі футболда үлкен команда, кіші команда деген жоқ. Кез келген команда басқа команданы жеңіп кете… Буахахахххааа
Әрі қарай