Жарияланымдар

Ата-ана №1, ата-ана №2...



Британияда екі аптадан соң «жыныстық азшылықтардың» жанайқайына құлақ түрген атқамінерлер балалардың туылуы туралы куәліктерінде "әкесі", «шешесі» деген тармақтарды «ата-ана №1» және «ата-ана №2» етіп өзгертуді ұйғарды. АҚШ-та да бұл мәселе көтеріле
Әрі қарай

«Махаббат пен жаза» немен бітеді? (Видео)



Сериалды үзбей көрушілерге арналады.
62 сериядан тұратын сериалдың соңы немен бітетінін білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз.
Чичек Савашпен ресми айрылысып, Балдар холдингке қаржы директоры болып келген Хаканға тұрмысқа шығады. Хаканның тұйық қызы алғашында бұл одаққа қарсылық танытқанымен, кейін әкесінің таңдауын қолдайды.
Назан ақыр түбінде Бораның әрекеттері құйтырқы болғанын ұғады. Жымысқы пиғылды одан кетіп, өз үйіндегілеріне барып қосылады. Түпнұсқада Назанның Музафферден туылған баласының аты Боран емес, Баран.
Пала мен келіншегінің арасында түсініспеушіліктер туындайды.
Әрі қарай

Баспен соғылған супер гол

Норвегияның «Одд Гренланд» командасының «Тромседен» 3-1 есебімен айла асырған матчы хавбек Самуельсонның өз «жартысынан» баспен соққан голымен тарих анналдарында қалайын деп тұр. Ойынның соңғы сәттерінде алаң иелері қараусыз қалған қақпаны дәл көздепті:

Әрі қарай

Туылған күніңмен, Google!



Бүгін Google өзінің бірінші мүшел жасын тойлап жатыр! Сүйікті гугылымыз он үшке толды. Алғашында джимейлді таңсық дүние деп қабылдағансып, қазір, міне, тек соны айналсоқтап отырып алдық. Бәрі де 1995 жылы басталған: Ларри Пейдж және Сергей Брин Стэнфордта жолығады. Ол кезде біріншісі 22, екіншісі 21-де. Ең қызығы,
Әрі қарай

Фатмагүлдің кінәсі не? 41 бөлімі



Вуралдың өлімінен кейін абақтыға жабылған Керим Ылгаз өмірдің небір тауқыметін бастан кешуде. Фатмагүл екеуінің өзара ынтызарлығының бұл аса күрделі кезеңі.

Керимнің басына түскен нәубеттерді естіп, шалғайдан сюрприз бір іздеушісі келеді… Ал Яшарандар Мелтемнің әкесі үшін бір қырсық ойластыруда. Әркім өз басымен әлек.

Мерием апа кафелеріне үйсіз-күйсіз студент баланың еңбек етіп, нан табуына, сол жерді мекен етуге оңай рұқсат береді. Өз құшағына кімді қысып жатқаны әзірге белгісіз.

Ал сол кезде, Мұстафаның басына қара бұлттар үйіріле бастайды…


Әрі қарай

Fanzone енді Европа лигасында!

Осындағы бірқатарымыз бірер күн бұрын УЕФА-ның чемпиондар лигасындағы фанзоунды бастап кеп жіберіп едік. Өз қалауымызша команда жасақтап, ұпай жинап, өзара жарысу бәсі. Енді бүгін кешке Европа алаңдарында жалауын көтеретін матчтардың да өз фанзоуны болғалы жатыр!

Мына бет арқылы өтіп, тіркеуден өтіп, өз командаңызды жасақтайсыз:
ru.uelfantasy.uefa.com
Әрі қарай

Керекшілер пикникке шықса...

қалай болар еді? Сөз дуэлянттарының тартысын тамашаладық, мың бұрала билеуде де жасындай жарқылдар ма еді-ау… @satibaldi мен @VKM жұбының арқа-жарқа болғанын көргім келер еді, өз басым…

Әрі қарай

КХЛ-дің "Локомотиві" ұшақ апатынан қаза тапты

Бүгін Континенталды Хоккей Лигасы өз жалауын көтеріп, кезекті біріншілікті бастауы керек болатын. Бірақ Башикирияның Уфасында жергілікті «Салават Юлаев» пен «Атлант» арасында «Ашылу кубогы» ойналып жатқан кезде трибунадағыларға қазалы ақпар келіп жетті. Минскіге бет алған Ярославльдің «Локомотив» командасы толық құрамда ұшақ апатынан қаза тапты.
Әрі қарай

Әзірбайжан-Қазақстан (тікелей репортаж)

Қайырлы кеш, патшакөңіл футболсүйер қауым.
«Керекинфодағы» кезекті тікелей репортажымызды бастаймыз.
Әзірбайжанның Бакуінде жергілікті ұлттық құрамамен біздің команда Еуро-2012 бәсіне іріктеу шеңберінде қарымта кездесуді өткізуде.
Астанадағы «Астана Аренада» өткен кездесуде жерлестеріміз қонақтаушы команданы 2-1 есебімен қапыда қалдырғанын естеріңізге сала кетейік.
Әрі қарай