Жарияланымдар

Жаздың дәмі

Өз басым ыстықтан көрі салқынды жақсы көремін. Қыста тоңа қоймайтыныма көп жұрт таңырқайды. Бірақ, мұның тақырыпқа қатысы шамалы.  
Әрі қарай

Шор

Шор ұлысы Ресей Фередациясының Кемеров облысы мен Алтай және Хакас Республикаларының аумағын мекендейді. 2010-жылғы бүкіл ресейлік халық санағының қортындысы бойынша шорлардың саны 12 888 адам.
Әрі қарай

Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды

Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.
Әрі қарай

Көңілді көпаяқтар

Сіздерге ұсынып отырған бұл тағамды дайындау қиын емес. Есесіне, әдетте тамақтан қашатын балаңыз, рахаттанып, сүйсініп отырып жеуі, тіпті тағы да сұрауы мүмкін.
Әрі қарай

Домбыра Party: Мерекелік тарту

Әлқисса: өткен бейсенбіде Домбыра Party болмай қалды. Себебін бәріңіз білесіз. Астананың қыз мінез аспаны сол күні өкпелеп қалды. Бетін бері қарату қолдан келмегесін бір сыласы болар деп тыныш қалдық. Есесін сенбіде, шілденің алтысында, Астананың он бесінші туған күнінде қайтардық! Әлгі, «Абылайдың асында шаппағанда» дегеннің нағыз өзі болды.
Әрі қарай

Шөл даланың кейбір тіршілік иелері туралы

Обаның табиғи ошақтарын іздеп, шөл даланың сүрлеу-соқпағымен Қызылқұм, Қарақұм, Матайқұм, Үстіртті талай араладым. Жаяу, автокөлікпен, тіпті ұшақпен (Ан-2) мыңдаған шақырымды артқа тастаппын.
Меңіреу шөлдің өз өмірі бар. Әсіресе көктемі ерекше. Бір қарағанда тіршілік нышаны байқалмайтын құм іші әп сәтте жасыл кілем жамылып, ерте көктемнің гүлді өсімдіктерінің хош иісі масайратып тастайды. Алайда аспаннан тамшы түспей күн күрт ысып, көктемнің ең әдемі кезін шорт кеседі.
Әрі қарай

Party болсаң осындай бол

Шіркін-ай! Кешегі Астанадағы Домбыра Party бітпей-ақ қойса екен деп едім. Көрген де арманда, көрмеген де арманда деген осындайда айтылса керек. Домбыраны қолдан қолға тартып, таласып, ән айту үшін кезекке тұрдық. Несін айтайын, видеолары шыққанда өзіңіз де көрерсіз.
Бәрі әдеттегідей басталды. Алдымен Нұрғиса Асылбеков пен Алмас Алтайдың әндерін тыңдадық. Қонақ кәде сұрағаным сол еді Дастан есімді бауырымыз суырылып шықты. Шиелінің жігіті екен. Сырдың екі термесін орындап бергенде қол соқпаған жан қалмады. Дастан өрт сөндіруші болып жұмыс істейді екен. Әрі батыр, әрі әнші, сөзге де, іске де бар жігіт екен. Патиді Фейсбуктегі парақшамыздан естіп келіпті.
Әрі қарай