Жарияланымдар

Malimetter
Нетке даналық десеңші! Халқымыздың қыстырмалары ғой мынау дегенің :)
Malimetter
Мен де соны меңзеймін. Қазақтілділердің арасынан керекинфо мен абайды қоссақ, екеуі аудиториясы үлкен законды басып озбасы анық қой.
Қазақтілділер мұң-зарларын жеткізер-ау амалын тауып, бірақ олардың айтқанына шын көңілмен қарайтын крутойлар табыла қойса деңіз.
Malimetter
Мәселе тек қана ақшада емес. Ақшасыз да біраз жерге жетіп, дұрыс іспен айналысуға болады. Ал ары қарайғы жағы әркімнің өзіне байланысты.

Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суға сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.

Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Malimetter
Аға, кешірім өтінемін, сізге жауап жазғандай болып қалыпты мына пікірім. Оны жеке пікір етіп жазамын деп, сіздің пікірге жауап ретінде қосып жіберіппін.
Malimetter
Мәселе тек қана ақшада емес. Ақшасыз да біраз жерге жетіп, дұрыс іспен айналысуға болады. Ал ары қарайғы жағы әркімнің өзіне байланысты.

Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суған сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.

Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Malimetter
Аға, оның да түсінерлік жөні бар емес пе?! Қазақтілді сайттардың аудиториясы мен орыстілділердің аудиториясын салыстырсақ, үкімет басшысының шағын сайттарды жағалауының өзі ыңғайсыз сияқты.
Malimetter
Ол сайтты Аршат тұрмақ, HTML-дің не екенін білмейтін адамдар да жасата алады, яғни тапсырыс береді. Себебі ол жерде ақша маңызды рөл ойнайды. Ал қалғандары кейінгі орындарда.
Malimetter
Иә, сұраныс пен ұсыныстың шама-шарқы теңесіп қалған сыңайлы. Санымыз болғанымен сапамыз жоқ қазақтар, ой, қазақстандықтар үшін кең аудиториялы Интернет-ресурс ашудың өзі үлкен тәуекелмен тек.
Malimetter
Ағатай, меніңше, бір сайт туралы көпшілікке айту үшін оның былайғы ортадағы белсенділігі мен танымалдылығы да ескерілу керек сияқты. Мысалы, 6 000 адам кіретін сайт пен 600 адам кіретін сайтты бірдей деңгейде айтып, көпке жарнама еткен бір түрлі емес пе?!
Malimetter
Орыстілділердің көбінің, әсіресе, ювижнда, арандатып жүретіні атамзаманнан белгілі. Ондайлардың іштері күймесе, өртеніп кетсін. Бастысы, Блог-құрылтай керемет өтті. Ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген сіздерге (Алматылық белсенді топқа) алғыс айтамын.
Malimetter
Тауықтың миындай миы, жыланның тіліндей тілі бомласа, қиын екен.
Malimetter
Ластамайық деп, көрінген жазбаған минус қойып жүргенің қалай?
Malimetter
Сол қате аудармаларды компьютерден көріп отыр былқ етпей :)
Malimetter
«Сенген сиырым сен болсаң, ...» дегеннің дәл өзі екен аламан.кз. Одан сайын қоздырды ғой жалтаңдаған жалпақшешейлігімен.
Malimetter
Тіркеліп пе едіңіз? Тіркелмеген едім. Бассам, былай дейді:
Тек қана тiркеулi қолданушыларды дауыс беру алады. Егер тiрке сiз болса, онда сайтта өз Логинi және пароль қолдана авторластырыңыз.
Malimetter
Сынамайық, сыйлайық.
дейді. Сонда, менің ана тілімді сыйламағандарды сыйлауым керек пе? FFK Webлар «жалғызы» болмаса басқасы болсын :)
Malimetter
Әрине, адамның барлығына жағуы мүмкін емес. Біз де, сіз де алмай бермей біреуге антипатиямыз болады
Осы сөздердің өзі жеткілікті. Абайдың өзі мен өлеңдерін жақсы көрген көпшілік болмаса, ондай тұлғаға да күйе жағудан тайынбайтындар бар, өкінішке орай.