Жарияланымдар

Сеул сапарынан сарқыт

Бүгін Сеул қаласындағы Өнер көрмесіне бардық. Мына сурет соның белгісі. Көрмеге майлы бояумен салынған суреттер мен корей иероглифтері қойылған екен. Сол жердегі өнер шеберлері менің сапарластарыма тілек жазылған парақтарды табыс етті. Корея қызықтары таусылар емес. Алдағы уақыттарда барлығын сіздермен бөліспекпін.
Сеулдегі көрме.
Әрі қарай

Блогкэмп сайраны да бітті

Бүгін Н.Назарбаев атамыздың атындағы ЖОО-да блог құрылтайдың негізгі бөлімі тәмамдалды. Біршама уақытқа созылған шаралар ойдағыдай өтті деген пікірдемін. Маған Елдар Шебердің презентациясы ой салды. Сосын құрылтайдың соңында айтылған «келесі құрылтай қай жерде өтеді?» деген сауал біразымызды дүрліктірді ау деймін. Қаскелең де емес, Шымкент те емес, Семейде өткені дұрыс деп білемін.
Әрі қарай

Блогкэмпке

Астанада өтеді блогкэмп,
Қайтайық блогкэмпті бір өткеріп.
Жаратқан жаратқан сон бәрімізді.
Интернет түсінетін жүрек беріп.

Біздер де адамбыз ғойи ой іздеген,
Мен бірақ, ешқашан да той іздемен.
Ұшақпен шақыртады деп ойлап ем,
Еріксіз кетіп барам пойызбенен.
Әрі қарай

БҰҰ-да қызмет атқаратын білікті қазақ

БҰҰ құрамында еңбек еткен қазақтан шыққан тұңғыш ерікті жайлы естуіңіз бар ма? Естімесеңіз таныса отырыңыз. Оның есімі – Телжан Жүнісбеков.
Ерікті деген кім? Кімдер ерікті бола алады? Олардың қызметі қандай? Бұл туралы қазақтан шыққан тұңғыш еріктінің өз аузынан естіп көрелік.
– Ерікті болу күндіз-түні жұмыс істеу деп түсінетіндер бар. Бұл – қате ұғым. Әрбір азамат, маман иесі ерікті ретінде БҰҰ-да жұмыс істеуіне құқылы. Өйткені, ол өзінің жинақ¬таған тәжіри¬бесін жергілікті халыққа көмек ретінде көрсете алады. Мысалы, біз жер¬¬г¬ілікті халықты дәрі¬герлікке, м嬬ди¬цина ісін ұйымдастыруға үйретіп, баулы¬дық. Кей¬де нау¬қасқа опе-рация жасау қа¬жет пе деген мәселе туа¬ды, сон¬дай кезде ке¬ңес бердік. Жергі¬лікті дәрі¬герлерге білім бердік, талай мамандарды бау¬ли отырып, тәжіри¬бемізді көрсе¬ттік. Соның арқасында сен кімсің, қайдан келдің, қайдан шықтың, қай ұлт өкілісің деген мәселе тұрады. Осы жерде қазақты таныта білу – менің азаматтық борышым әрі басты мақсатым болды, – дейді Телжан Жүнісбеков.
1946 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген азамат Алматыдағы мемлекеттік медициналық институтты тәмамдаған соң еңбек жолын осы шаһардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған ауруханадан бастайды. Одан кейін Алматы клиникалық ауруханасында ортопедия хирургі ретінде қызмет атқарады. БҰҰ еріктісі ретіндегі алғашқы қызметін 1995 жылы Бурунди мемлекетінен бастайды. Сол елдің астанасында жүріп соғыстан жарақаттанған жандарды сауықтыру ісімен шұғылданады. Үш жыл өткенде БҰҰ қызметін мінсіз атқарған қазақ баласын Руанда мемлекетіне жұмысқа шақырады. Руандадағы жоба аяқталғасын Конго елінде бір жылға жуық қызмет істеп, Австралия мен Ин¬донезияның ортасында орналасқан Шығыс Теймур мемлекетіне жұмыс ауыстырады. Бүгінде білікті дәрігер Африканың Піл сүйегі жағалауы елінде қызмет атқаруда.
Әрі қарай

Еркек арманындағы әйел бейнесі

«Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды» демекші, әрбір еркектің жүрегінде өзінің өміріне өң берер бұрымдысы болатыны әмбеге аян.
Осы орайда ғалымдар әлем бойынша ауқымды зерттеу жүргізіп, нәтижесі бойынша еркек кіндіктілердің қандай қыздарды жақсы көретінін анықтағандай болды.
Өмірлік серік іздеп жүрген 70 мыңнан астам еркек аталған зерттеу сұрақтарына ойлану үшін көп уақыт жұмсапты. «Талғамға талас жоқ» демекші, әрбір ер-азаматтың пікірі әр түрлі болды. Дегенмен, көпшілігінің өз аруына деген сипаты бір арнада тоғысты.
Ақыры қаншама азаматтың іздеген қызының түр-кескіні де анықталды. Олардың талғамына – көзі көгілдір, шашы ұзын және сарғыш түсті, бойы 172 см, салмағы 60 кг тартатын қыздар сәйкес келді. Олар көзіне анда-санда ғана көзәйнек киіп жүреді. Сонымен қатар, баласы жоқ, өзінің жеке тұрғын үйі болуы керек. Бөріктілердің ойынан шыққан қыздың үй шаруасына мықты болғандығы да қаперге алынады. Бірнеше жігіттің үмітін үкілеген арулардың тағы бір ерекшелігі – олар жан-жануарларды жақсы көріп, клубқа барғанды ұнатуы қажет. Бәрінен де ең басты талап – темекі тартпауы керек.
Бұл әлем еркектерінің көзқарасы. Ал, қарғатамырлы қазақтың қарадомалақ жігіттерінің армандаған бұрымдысы қандай екен? Осы мәселе аясында біз бірнеше азаматтардың ой-пікірін білдік. Нәтижесінде, олардың талғамына шашының түсі қара, қос бұрымды, қарақат көз, көзәйнек тақпайтын қыздар сай келеді екен. Қазақ жігіттерінің «Қыздардың тән салмағына емес, мінезінің салмақты болғанына, бойының биіктігіне емес, ойының биіктігіне қараймыз» деген сөзі қуантты.
Әрі қарай

Мақала кз неге мақаламды ұрлайды?

Мақала кз мақаламды ұрлады. Менің жазған «Жасанды түсік жасату — ұрпағыңа тас ату» атты мақаламды көшіріп алып, соңғы жағына ғана өз пікірін қосып жіберген. Өздеріне жазба жазып жіберсем, жауап бергісі жоқ. Бұл плагиаттықтарына не істеуге болады? Мақала ең бірінші "Қазақстан Заман" газетіне, Ислам ком сайтына жарияланған болатын.
Әрі қарай

«Магистр» болғың келе ме? Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Мақсат Семей қаласында тұрады. Сатираға әуес. Сіздерге тарту ретінде Мақсаттың сатирасын ұсынамын.

Біздің дәлдүріш қызық өзі. Көксу ауылындағы орталау мектепті 1 ден жоғары 3 тен төмен бағамен әрең бітірген болатын. Қалаға барып емтихан тапсырып көріп еді… Екі аяғы көктен келді. Даңғарадай кең аудиторияға кіріп тест тапсырды. Жанында отырған шикіл сары Мақтанбай деген грантқа үміткердің де ынта-ықыласы шамалы. Ол Дәлдүріштің жанына отыра бере көмек сұрады. Дәлдүріштің білгенінен білмейтіні көп. Есепке басы қатып отырып, тарих пәнінің сұрақтарын бір сүзіп шығайын деп сұрақ кітапшасын ашып еді «Абылай ханның неше тісі болған?» деген сұрақ келді. Арт жағында отырған қыздан сұрады. Ол білмейтінін айтты. Осылайша екеуі де наугат жазып шықты-ау әйтеуір. Ақыры Дәлдүріш түспей, оқуға Мақтанбай түсті. Қазір Мақтанекең білдей бір институттың студенті. Әкесі білдей бір компанияның басшысы. Түспей қайтсін?! Қазір қолында ақшасы барлар жаннан басқасының бәрін сатып алатын болды ғой…
Сөйтіп, Дәлдүріш жігіт бір жыл ауылда Мурка деген бизнесмен ағасының қойын бақты. Қойларды кешке қарай қорға қамаған кезде братаны: «Қорықпа, бауырым келесі жылы грантты сатып аламыз...».
Осылайша бір жыл сынаптай зыр етіп өтті де шықты. Оқудың барлық емтиханын ақшамен жапқан Дәлдекең бакалавриаттың төрт жылын есінеп жүріп өткізді. Қазір қолында табақтай қызыл диплом. «Дипломмен – ауылға» барайын десе, ауылдағыларға көрінгісі жоқ. Ақыры, ойланып толғанып магистратураға құжат тапсырғанды жөн көрді. Сөйтіп, күндердің күнінде магистратураға құжат тапсыру қашан екенін біле салайын деп ӘЛГІ университеттің корпусына кірсе сабылған халықты көрді. Қабылдау комиссиясына барып еді, ол деканға жұмсады. Дәлдүріш зырыл қағып деканның кабинетіне бас сұқты. «Аға, бола ма?»
– Кел, кір.
– Сіздердің факультеттеріңізде магистратура оқиын деп ем…
– Аааа. Бізге ме?… Бізге түсу дегенің қиын ғой… Тәк, ақша бар ма?
– Бар ғой… Грантқа тапсырып көрсем деп ем, ақылмен… тегін дегендей…
– Е, онда жолың болмайды…
– Биыл мен жаңадан кеп жатырмын, мына тәртібі жоқ факультетке… бұл жерде бәрі тегін түсіп жаман үйреніп алған, биыл мұндай жалпақшешейлікке жол бермейін деп отырмын… Өйткені, бұл факультеттің студенттері алдындағы тәп-тәуір деканын да зар еңіретіп, құрдымға кетірген. Көрсетем мен бұларға… деп декан әңгімені доғарды.
Ақыр аяғында Дәлдүріш Қаражатов емтиханнан 100 деген балла алып магистр атанды. Қазір шырт түкіріп Қағазстанның ең первыйсортты ВУЗында білім алады. Декан оған арнайы диссертация тақырыбын жүктеді. Тақырып: «Жемқорлықты қалай жоюға болады?». Осыны жазып бітсе Америкаға жолдама алмақшы.

Семей. 2010
Әрі қарай

ІЛЕ. Қайсар ҚАУЫМБЕК

Менің жыр сұлтанатымнан таңдап тағы бір шайырды алдарыңызға әкелдім. Жыр оқып, әділ бағалаңыздар. Бұл ақын ҚазҰУ-да оқиды.

Ілем менің,
Түнермегін — шерлі анам,
Сені күтіп жатыр алда кең далаң.
Мен де қалдым арман — тауға бара алмай,
Сен де қалдың арнаң толмай сорлаған.
Сен жыладың Балқашыңа кете алмай,
Мен жыладым қалқашыма жете алмай.
Жұртын аңсап бота көңіл боздайды,
Бұлқынады бұғаудан бір босанбай.
Сен де ортайдың, сан тарау боп бүліндің,
Мен де ортайдым, мың сүріндім, жығылдым.
Жағалаудан үні естілер іңірде,
Үйірінен адасқан бір құлынның.
Толқыныңды ұзатып сап сан асау,
Тарылдың ба, беу, ілемнің жағасы — ау!
Сені күткен қасіретті Балқашың,
Мені күткен қасиетті Алатау.
Түнермегін!
Ілем менің — мұңлығым,
Сізге пана, бізге пана кім бүгін ?!
Бетонжүрек, безбүйрек бұл заманда,
Бауырлар да іздемейді бір -бірін!
Толқып -толқып сенен де енді құм қалар,
Өртей -өртей менен де енді күл қалар.
Арғы жақтан жүрек жылытар тым құрса,
Екеумізге келмей қойды -ау бір хабар!..
Әрі қарай

Көңілсіздік-2 Дәурен АЙМАНБЕТОВ

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Өтуде, қызық емес —
Өмірім өзіңсіз түк.

Тағы да арайсыз күн,
Тағы да ақ Айсыз тун.
Мен жайлы сұрамаңыз,
Халіңіз қалай сіздің.

Сіз дағы мұңлысыз ба,
Бағыңыз тұрғысыз ба?
Жүрсіз бе отырғызып,
Ақ үміт — гүлді мұзға.

Мен дағы үмітсізбін,
Үмітсіз қызықсыз тым.
Әйтеуір артыңыздан,
Барамын жүзіп сіздің.

Тағы да көңілсіздік,
Тағы да сол үнсіздік.
Еңсем жүр көтерілмей,
Сезімсіз, өзіңсіз тік.

Көңілсіздік…
Мазам жоқ өзіңсіз түк.
Әрі қарай

Қайшылық

Жайраң қағар сәттері бар мұңның да,
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.

Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.

Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.

Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.

Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Әрі қарай