Таңдаулы

Қисық сөздер. Бірінші сөз. БлоГ



Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.
Әрі қарай

"Ғашық қыз"


Санджай Лила Бхансалидің "Ғашық қыз" «Saawariya» деп айдар таққан фильмін көріп шықтым.(2007 жылы шыққан) Үнді фильмдеріне әуестігім аса емес. Алайда, үнді киносының бір қолтығын ұстап тұрған Бхансалидің Достоевскийді экранизациялауы қызық көрінді. Әйгілі «Белые ночиді» оқымағандарыңыз кемде-кем шығар. Қанша дегенмен үнді өз үнділігін істепті. Біршама реалдан ауытқу, әлмисақтан үнді киносында қалыпты жағдайға айналғанын мойындасақ, фильм орта көрерменге арналған.
Әрі қарай

Сағындым

Сен жыладың… Бұның себебін екеумізден басқа ешкім білген жоқ… Кеудеме басыңды қойып, көз жастарың бетіңнің балғын терісін жуып жатқанда, менің жүрегім қан жылап жатқанын сездің бе екен?! Бейне бір Ләйлі мен Мәжнүннің күйін бір сәтке кешкендей болдық… Біздік мұңның алдында Ромео мен Джульеттаның азабы әлдеқайда жеңіл еді…
Әрі қарай

Туған күніңмен, Жапониядағы Жанна:)

Қхурметті Кхерекшілер! Бүгін менің жақсы досым, тек қана менің емес, осындағылардың барлығының жақсы досы, Жапонияда білім алып жатқан Жаннаның Altygradus туған күні екен. Жанна сені шын жүректен құттықтаймын. Оқуыңды өте жақсы бітіріп, ғылымның биік шоқтығынан көрінуіңе тілектеспін. Google сайтынан әрең іздеп тапқан мына гүлдерді керекшілердің атынан саған сыйлаймын Бақытты бол!
Әрі қарай

Қамқор шайтан

Бір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Алланың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі.
Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Алла сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! – деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала.
Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:
— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаға жан жүрегіңмен беріліп, осынша ауыр хәлде болсаң да мешітке барсам деген ниетің үшін Алла саған жәннат сыйламақ. Сен жолда екі рет оңбай құладың. Енді сүрінсең — өліп кетуің мүмкін. Өлсең – жәннатқа кетесің. Сондықтан мен сенің бұл күйіңде өлуіңе қарсымын. Жер басып, жүре тұрғаның жақсы. Әйтеуір бір қате қадам жасап, күнәлермен былғансаң – тозаққа лайық болып қаласың. Сол үшін мен бұрынғыдан да қатты жұмыс жасауым керек. Абайла! Құлап қалма! – депті.
Әрі қарай

Қазақша фонттарды жасасақ

Қазақша әріптерді көрсететін фонттар жазатын қыз-жігіттер бар ма? Білсеңдер айтыңдаршы қандай программамен жасауға болады? Жасаған фонттарын болса лақтырыңдар.
Әрі қарай

ҚҰДАЛЫҚ ХИКАЯСЫ

Біздің ауыл сұрағанға Тастай деп аталады. Біреу білер, біреу білмес. Қараүзген ауданы, Қоқан совхозының білдей бір бөлімшесі. Он екі түтіні бар алақандай ауыл. Оған қоса, 4 кластық бір мектеп, 2 мұғалім және Кеңес кезінен мұраға қалған жалғыз мәдениет үйіміз бар. Жылына бір жиналатын біз секілді қаладағы студенттер жазда мәдениет үйінің аузындағы қара құлыпты алып, үлкендерге кәнсерт қойып береміз. Басқалай ауылдың өз қызығы өзінде.
Әрі қарай