Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Анекдотшы бала

Өткенде(21-ші ақпан) әжемнің қырқын беріп жатқан кезде бір туысымыз мені қасына шақырып алды. «Баяғыда бізге анекдот оқып бергеніңді білесің бе?».«Жоқ» дедім. Негізі есімде. Ол кезде мектепке бармаған кезімтін. Бес жас шамасындамын. Үйде "Қазақы қалжыңдар" әлде "Қазақша анекдоттар" дей ме бір жұқалтаң кітап бар еді. Ағаларым соның ішінен бір анекдотты бір-біріне оқып беріп, шиқылдап күліп отырғаны есімдетін. Сондай кезекті қонақтардың алдында өзімнің кітап оқи алатынымды көрсетіп мақтанғым кеп кетті. Көбісі «Лениншіл жасты» судыратып оқығанымда мақтап кететін. Қырсыққанда газет табыла қоймады. Әлгі жұқалтаң кітапты қолыма ұстап «Мама, анекдот оқып берейін бе?»-деп сұрадым. Әжем марқұм рұқсатын берді.
«Автобус ойдым-ойдым жерлермен секіртіп келе жатады. Жолаушылардың ішінде масаңдау жігіт болса керек. сол жүргізушіге „Әй, гондон! Ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жай жүұр“ деп қайта-қайта ескерту жасай берсе керек. Шыдай алмай кеткен жүргізуші қолына мантировкасын алып»Өзің түсесің бе, әлде түсіріп жіберейін бе?" деп анаған тұра ұмтылады. Сол кезде екеуінің ортасына бір әжей килігіп "Қарағым, Гондонжан, бір ашуыңды маған бер, барар жерімізге жетіп алайық" депті" деп бітетін әлгі анекдот. Қонақтар күлкіден қырылып қалды.«О»-ны «А» қылып оқу білмейміз. Әлгі сөзім тіптен күлкілі естілді -ау деймін…
Әрі қарай

Шөпшегінің маңдайын иіскеп

ӘжемӘжем екі жыл болды күз бен қысты біздің үйде өткізеді. Үйде шөберелеріне бас-көз. Жазда ұлына ауылға кетеді. Дастархан басында билер мен батырлар туралы аңыз, әңгімелер айтып, сексенге жуықтаса да кітапты көзілдіріксіз оқиды. Монғалиядан көшіп келген Ғизат деген жолдасымыз: “Қазақстанда да осындай шежірелі қария бар екен ғой”,-деп таң қалды. Бала кезімде атам екеуі жеті атамды жаттатып, тақпақ айтқызып жарыстыратын. Коридорда перде тағылушы еді. Екеуін отырғызып қойып, пердені сахна етіп сәндеп, “Роза Рымбаева ән салады”-деп концерт қойып бертінмін. Жатар кезде ертегі айтқызбай ұйықтамаймын. Студенттік жылдарымда ауылға барғанда да жақсы көретін ертегімді айтқызып қоятын едім. Әжем айтқан “Өлген жігітке күйеуге шыққан қыз” туралы ертегіні әлі бір кітаптан кездестірген жоқпын. Ауданда “Әжелер сайысының” жұлдызы, бас жүлдені ешкімге бермейді. “Қараторғай” деген әнді алғаш әжемнен естігем. Қуатты кезінде сырмақ басып, кілем тоқып, құрақ құрап, он саусағынан өнер төгілген әжем қазір шөпшек сүйіп отыр. “Аллаға шүкір, мендей жаман кемпір қайда жоқ” деп қояды.
Әрі қарай

Шәй әлде кофе?

«Чай или кофе?». Осы сұрақты бала кезіңізде талай рет кинолардан естігеніңіз анық. Өсе келе қызмет бабымен офистік жұмыстар атқарғанда, басқа да кездесулерде, әйтеуір бір жерлерде осы сөзбен ұшырасқан да боларсыздар. Ал, мен бұл сұрақпен тым ерте ұшырасыппын қарап отырсам. Сексенінші жылдардың орта шенінде туған ауыл баласының бес-алты жас шамасындағы кезінде кофе туралы түсінігі болмаған да екен ол кезде. Біздің үйдегі (ата-әжемнің баласымын ғой) қыздардың екіншісі тұрмыс құрды да күйеуінің қызмет бабыменБалқашқаласына көшіп кетті. Шешей марқұм (әжем) буынып-түйініп қаладағы «аш-жалаңаш» (Марқұм өле-өлгенше қаладағы біздерге азық-түлік тасушы еді) қызына азық-түлікке толған үлкен-үлкен сөмкелерімен пойызға мінеді. Мен шешейдің қасында еріп жүрмін.
Әрі қарай

Амансыңдар ма ей жүгірмектер?

Сәлемдеріңді қабыл алдым! Үлкен әже келді деп төрді ұсынбайтын шығарсыңдар, аптобуста орын бермей үйренгенсіңдер ғой сен жүгірмектер! Анау мынау қате кетіп жатса аса қатты сөкпеңдер, соғыс біте туып, сауатымыз кемдеу болып қалған. Мынау баланың ентернет дегені жақсы болды, қашан көрсем осында кіріп отырады. сосын көрске барып, оқып алдым. енді бұйыртса отыратын шығармын сендермен
Әрі қарай

Ең алғашқы тамағым.


Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді
Әрі қарай

Соғыста өлген әже

Шал мен кемпірдің қолында немересі тұрыпты. Бала неме бірдеңені түсініп қалмасын деп шалы «Кемпір соғысайық» дейді екен. Содан екеуі соғысып алады екен. Күндердің күнінде ойнап жүрген немересін шақырып алған әжесі «Барып атаңа айтып келе қойшы, әжем соғысайық деп жатыр де».содан немересі атасына келіп, «Ата,әжем соғысайық деп жатыр»депті.сонда шал "Әжеңе айтып бар, атам кешегі соғыста өліп қапты де" деген екен.
Әрі қарай

Нервіній

Ауыл мен ауданның арасы 25 шақырым. Таңертеңгі тоғызда ауылдан, кешкі алтыда ауданнан КАвЗ автобус жүреді. Жеңіл мәшинесі жоқтар осы автобуспен қатынайды екі ортаға. Сондай күннің бірінде автобусқа ақаңнан сілтеп алған бір жігіт мінді. Жаман жолда шоқаңдап келе жатқан автобустың жүрісіне дәп жүргізуші кінәлідей:
-Әй, гандон! ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жайырақ жүрсеңші-деді.
Жүргізушінің де жүйкесі дәретхана қағазындай жұқа екен. Жыртылды да кетті. Қолына «рукояткасын» ұстап салонға кіріп келіп:
-Жігітім, мынамен басыңды қақ айырам, түс!-деп кіжінді.Сол кезде бір әжеміз:
-Қарағым, Гандонжан бір ашуыңды маған бер" Үйімізге кеш түспей жетіп алайық-депті
Әрі қарай

"Синоптик" әжелер

Ауылда дейм дә рахат қой. Ауылдың тіршілігінің өзі қарапайым. Шәй үстінде айтылатын үлкендердің әңгімелерінің өзі бір ғанибет еді. «Бүгін түнімен тізем қақсап шықты, жаңбыр жауатын шығар». Әжеміздің тізесі бекер қақсамапты, расында да түстен кейін жаңбыр жауады. «Оң иығым көтертпей қалды, күн салқындайтын болар».Ертесіне мектепке қалың киініп кетіп бара жатамыз.Күн салқын шыныменде.
Әрі қарай

Бесік той

Елдің бәрі 28-не Алматыдағы кездесу жайлы айтып жатыр. Бармағандықтан ба кеудемде аздап қызғаныш сезімі аласұрады. Әбілдің, сені ма @bleackbeard!
Очм менің ол жаққа бара алмауыма себеп болған бір нәрсе бар еді. Немере қарындасым Інжудің бесікке
Әрі қарай

Әжемнен естелік.

Нағашы әжем марқұм көзі ашық, көкірегі ояу, жаны таза, дана кісі еді. Қашанда бата оқығанда сөздерінде шынайылық білініп тұратын. 85 жасында дүние салды. Ол да болса кәріліктен өтті болмаса бақуат кісі болған. Бұрынғының адамдары қазақшылыққа салынып оқымаған ғой, сол замандастарына қарағанда зерек болып, оқып, көзі ашылып өскен әжем. Жасы 80-нен асар аспас газет-журналдарды судыратып оқитын, сөйтіп алып көзім көрмейді-әй деп қоятын.Ал, біздер оның жасының төрттен біріндеміз, қазірден көзімізде көзілдірік((. Әжем ақындыққа бір табан жақын кісі еді. Мамам айтуына қарағанда кәдімгідей айтыса беретін суырыпсалма болған дейді, тек енесіннен табан тартып, ел-жұрттан ұят деп айтыспай қойған дейді. Сол қазір шкафты жинастырып жатып, соңғы жылдары шығарған өлеңін тауып алдым, соны жаза кетейінші. Блогымда естелік болып тұра берсін.))
Бастайын бісміллә деп тойдың басын,
Аман боп өсе берсің малы басың
Құдайым Берікжанға бала беріп,
Бәрінің ұзақ қылсын өмір жасын.

Немене өлең деген құрағанға
Өлеңді аямаймын сұрағанға
Айтпаушы ем бұл өлеңді басқа жерде,
Тек қана айтамын ұнағанға.

Басында бір ағаштың елу қарға
Сөзіне жалғаншының сену бар ма?
Барында оралыңның ойнада-күл,
Жалғанға екі айналып келу бар ма?

Жаратты Құдай сені айдап қылып,
Шәйнекке демдеп қойған шәйдәй қылып.
Тоты құс сен бір тұрған тал басында
Қолымды жеткеремін қандай қылып?

Қарағым айналайын кекілдім-ай
Судағы өмілдірік секілдім-ай.
Аллаға мінажат қып зарын қылып,
Жолына ғашықтыңтың бекіндім-ай.

Басында бір ағаштың алты қарға
Болама жаяу жолдас аты барға?
Қыздар көп өлең айтсам ел ішінде
Айтамын сіз сияқты заты барға.

Немене өлең деген білген құлға
Жақсы адам таптырмайды алсаң пұлға
Барында оралыңның ойна да күл
Жалғанға қайта айналып келу бар ма?

Базардан базар барып мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын.
Айтар ем бұл өлеңді таң атқанша
Жасым келіп қалды ғой, ұяламын.
Әрі қарай