Оразаны ұйқыда өткізуге болады

Блог - Pokemon: Оразаны ұйқыда өткізуге боладыБлог - Pokemon: Оразаны ұйқыда өткізуге боладыСіз де: «оразаны ұйқыда өткізу дұрыс емес қылық» деген ойда боларсыз? Онда қателесіз! Ораза айында күндіз ұйықтамай сауапты істермен айналысу, құлшылық жасау өте пайдалы. Бірақ есіңізде болсын ораза ұстаған адам ұйықтамау керек деген қағида жоқ. Сізге бұл туралы мынадай жаңсақ сөздер Уатсап желісінен келген болар: «Оразаны ұйықтап өткізген адам сауапты түсінде көреді»-деген. Əрине, мені бұлай айтуға діни білімі жоқ дейтін шығарсыздар? Бірақ бұған islamdini.kz сайты жауапты əлдеқашан беріп қойған:

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?

Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай күнә істелмейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Мына үш адамға күнә жазылмайды: Ұйықтап жатқан адамға оянғанға дейін, бала балиғатқа жеткенге дейін және ақыл-есі кем адам жазылғанға дейін.» (Әбу Дауд)
Егер ораза ұстаған адам дәретпен жатқан болса, бөлек сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Дәретті болып жатқан адам ұйқыда жатқанда, күндіз саим (ораза ұстаған), түнде қаим (түнде оянып ғибадат ететін адам) сияқты сауапқа қауышады.» (Дәйләми)
Жатарда, қайырлы істерді жасай алу үшін тынығып алуға, намазға тұруға, оянғаннан кейін жақсы амалдар істеуге ниет ету керек! Осылай ниет еткен адамның ұйқысы ғибадат болады. Ғалымдар мұны біліп, осылай ниет ететін болғандықтан, сүйікті пайғамбарымыз «Ғалымдардың ұйқысы ғибадат» деген. Кімде-кім «түнде ғибадат етемін» деген ниетпен жатып ұйықтаса, бірақ ояна алмай қалса, осы ниетінің себебімен сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ғибадатқа ниет етіп жатқан адам ояна алмай ұйықтап қалса, ниетінің себебімен оған түнді ғибадатпен өткізгендей сауап жазылады, ұйқысы да өзіне берілген садақа болады.» (Нәсаи, Ибн Мажа)
Ораза ұстаған адам ояу кезде намаз оқи алмай, жақсы амалдар істей алмайтын болса, ғайбат айтып немесе күнә болған істерді жасайтын болса, ол адам үшін ұйықтағаны жақсырақ болады. Ұйықтау арқылы күнәлардан құтылған болады. «Оразаны ұйқыда өткізген адам оразаның сауабын қиялдай да алмайды» деп айту бекер сөз.
"Ұзақ және ыстық күндерде ораза ұстау, қысқа әрі суық күндерде ораза ұстаудан және кедергілер арасында қиыншылықпен ораза ұстаудың сауабы көбірек" деп өзін қиындықтарға соғу қате болады. Қиындықтар табиғи болып келу керек, өз қолымызбен өзімізді қиыншылыққа түсіруіміз сауап болмайды.
Әрі қарай

Соңғы он күндікке дайындығың қалай?

Рамазан - қасиетті ай...: Соңғы он күндікке дайындығың қалай?Бауырым, рамазанның үштен екі бөлігі аяқталғалы тұр. Сен соңғы он күндікке аман жетуіңді Алладан тіле! Алла құлшылық еткен пендесін тозақтан құтқарамын деген уәледі күндері дәл осы соңғы он күндік. Осы күндерді бос жібермесең — бағың жанды.
Дұрыс қой, пікір жазысамыз, әзілдесеміз, ойнаймыз. Бірақ күніміз санаулы. Әр сағат санаулы. Осы рамазан сенің соңғы рамазаның еместігіне кепілдігің бар ма?!
Бұл он күннің ішінде қасиетті Қадр түні бар. Ол түнде жасалған құлшылығың ғұмыр бойғы құлшылығыңа тең келетінін сен жақсы білесің. Мүмкіндікті бос жіберіп алма, бауырым! Біздікі — ескертіп отыру ғана. Дінде мәжбүрлік жоқ. Осы сайтта бір ескертушің бар екенін біле жүргейсің.
Әрі қарай

Өлім

Өтеді адам әрісі жүз жыл жасап,
«Қайтты» дейді өлгенді біздің қазақ.
Келген-кеткен өмірдің бәрі бекер,
Жолымызды сайраған із қылмасақ.
Әрі қарай

Аллаһтың хақысы

Му`аз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда
Әрі қарай

Ең сауатсыз адамның өзі таухидті түсіне алады

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрандағы аяттардың көбісі таухидті түрлі жақтардан, ең сауатсыз адамның өзі де түсінетін сөздермен баяндайды.
Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар»
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 7



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Қорытынды

Құрметті ағайын! Қазақта жақсы бір сөз бар: «Өлімге барсаң, өлді деп жылама, өлемін деп жыла» — деген. Кез-келген адамның ажалы жетіп келеді. Біз соған дейін дайын болуымыз керек. Өйткені, Аллаһқа қайтар сәт келгенде, ештеңені өзгертуге мүмкіншілігі болмайды!
Аллаһ Тағала былай деді:
«Жоқ! Жан алқымға келген кезде (адамдар): “Кім оған дем салады?” — деп айтады. Сонда (өліп бара жатқан адам) мұның қоштасу екенін анық түсінеді! Балтыры, балтырына қосылады (немесе, қиыншылықа қиыншылық қосылады). Ол күні (адам) Раббысына қайта оралады».
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 4



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



11 – «Құлшылыққа әлі дайын емеспін», — деп жүрген адамдарға не айта аласыз?

Адам әуелден-ақ Бір Аллаһқа ғана құлшылық үшін жаратылды. Оның құлақ-көздері, қол-аяқтары бар. Сол үшін: «Мен дайын емеспін», — деп айту орынсыз болып табылады. Ия, білімсіз ешқандай іс қабыл болмайды. Ия, бәріміз надан болып туылдық. Алайда, ғалымдар айтқандай: «Білмеу — айып емес, алайда білмей жүре беру — айып!» Сондықтан, «Мен білмеймін ғой, мен дайын емеспін ғой!» — деп жата беруге болмайды. Аллаһ Тағала былай деді:
«Ол сендерді аналарының құрсақтарынан шығарды, сонда сендер ештеңені білмейтін едіңдер. Ол сендерге құлақ, көз және ойлау қабілетін берді. Мүмкін сендер шүкір етесіңдер!» (Нәхл сүресі, 78-аят)
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 1



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп атайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керегін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін» (Ниса сүресі, 165-аят).
Әрі қарай