Ілмектерден іздеу
Blogcamp 2012
Көзбен көрген Blogcamp
Сонымен, бұл да өтті...
Жаңа жылдан кейінгі алғашқы басқосулардағы күпінген максимализм (Бурабайға бару жоспарын айтам), демеушінің жоқтығынан сағымыз сынғандағы сары уайым (Талғаттың табандылығына рыспектен басқа айтарым жоқ), құрылтайдың күні жақындаған кезде жұмыстың қарбаласы артып кеткендегі жанталас, Препатиге әуелі адам жинай алмай, сосын адам сыйғыза алмай қалғандағы сасқанымыз, виртуалда көргендерді реалда көргендегі ерекше сезімдер, Кофе-брейктің асай-мүсейлерін алып келе жатқанда Астананың жол полиция қызметкерлерінің туған күніме жасаған «сыйлығы» (Нұрғиса, енді сенің үйіңнің қасымен жүрмеймін), өзімнің туған күнімде отырып, көңілім афтепатиде болғаны, бәрі де өтті…
Кешеден бері барлығыңның жазбаларға қарап түйгенім, блогкемп бәрінің дерлік көңілінен шығарлықтай өтіпті. Дегенмен, көңілдегі түйткілдер де жоқ емес екен. Ол да болса, өскелеңдігіміздің, енжар еместігіміздің белгісі болар.
Бәрін айт та, бірін айт, Блогкемпте өзім көрген жайларды жазайын. Не ғо, менің жазбамнан Қазнеттің дамуына сүбелі үлес қосар ұсыныс, блогкемптің декларациясына жарайтындай қарар іздемеңдер, жай ғана прикол ғо.
Сонымен...
КазЖурлықтардың Блог Құрылтай есептері
Блог құрылтай – 2012 басталып та кетті!!!
Ұлыстың Ұлы күні Елордаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ағылып блог құрылтайдың қатысушылары жиналып жатыр. Алдымен бейресми кездесу “Кәусар” мейрамханасындағы кештен басталды.
http://gulgumyr.kazjur.kz
Әрі қарай
Ұлыстың Ұлы күні Елордаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ағылып блог құрылтайдың қатысушылары жиналып жатыр. Алдымен бейресми кездесу “Кәусар” мейрамханасындағы кештен басталды.
http://gulgumyr.kazjur.kz
Блог Құрылтайдан кейінгі ойлар
Препати
Айжанмен бірге мен де қорыққам адам жетпей қала ма деп. Ойлағанымыздан көп адам келді. Көңіл сиса бәрі сияды дегендей бәріне орын табылды. Блогшылардың бір бірімен араласып кетуі үшін, ертеңгі құрылтайдың жақсы өтуіне де осы препатидің әсері болды деп ойлаймын.
Блогқұрылтай суреттері сөйлесін
Жалғас пойызда осылай отырды. Тілін күйдіріп алыпты
Аршат Оразов. Блог құрылтай 2012
LiveStreetCMS жүйесіне қатысты Аршаттың презентациясы. Сапасы үшін кечроң:
Әрі қарай
Өтті блогкэмп осылай...
Әне-міне дегенше блогкэмп те өтіп кетті. Блогкэмп маған қатты ұнады. Астаналық блогшылардың біраз тер төккені көрініп тұрды. Осы орайда, Алдан, Админ, Талғат, Сәлімгерей, Айжантабын бастаған бір топ блогшыға рахмет айтқым келеді. Өкінішке орай блогкэмпте бәрімен танысып үлгермедім. Алайда, виртуалда танитындардың бәрін көре алдым. Енді әңгімені көп созбай блогкэмпті менің фотоапаратым қалай көрді екен, соған кезек берсек:
Әрі қарай
Препати
patick пен Erbol АзанбекКерек...
Армысыз, ағайын менен апайын!
«Тойдың болғаннан боладысы қызық» дегенді енді сезініп жүргендеймін.
Былтыр сырттан ғана бақылап жүрген едік.
Кедесуімізге сегіз күн қалды. Жан-жақтан не істейік, қандай көмек керек деп сұрап жатыр. Қуантарлық жағдай. Аудиториялар, блокнот, қалам, кофе брейк, кітапшаларға қатысты мәселелер шешілді.
Сонымен қазір бізге не керек?
Астаналық керекшілер, Керуенде жиналамыз!
Армысыз, құрметті құрылтайшы достар!
Бұйырса, үш аптадан кейін Ел Ордамыз — Астанада кезекті қазақ тілді интернет жан ашырларының басқосуының куәгері боламыз!
Тіркелу аяқталды.
Тіркелгендердің саны: 171. Жаман көрсеткіш емес. (Былтыр Алматыда 150 шамасында болды)
Осылардың арасында Астанадағылардың саны 35.
Әрі қарай
Бұйырса, үш аптадан кейін Ел Ордамыз — Астанада кезекті қазақ тілді интернет жан ашырларының басқосуының куәгері боламыз!
Тіркелу аяқталды.
Тіркелгендердің саны: 171. Жаман көрсеткіш емес. (Былтыр Алматыда 150 шамасында болды)
Осылардың арасында Астанадағылардың саны 35.
Блог құрылтай: Q&A
Керекинфо еркін блог жүйесінде «Блог құрылтай», «Блогкемп» деген алашапқынның басталғанына көп бола қойған жоқ. Алда болар шараға қатысты жарияланған, жарияланатын жазбалар «тақырып аясынан тыс жердегі» юзердің әуелі сұрау белгісін (не бұл?), содан кейін сұрау белгісі мен леп белгісін (не айтып кеттіңдер?!), соңынан тек леп белгісін (ой, немене, блогкемп, блогкемп деп бәрің, басқа әңгіме жоқ па!) туғызуы мүмкін. Қызықтың көкесі әлі алда, Құдай сәтін салса, наурыздың аяғына таман он жазбаның тоғызы құрылтай туралы болады, сол кезде «асанқайғылатқан» кейбіреулер болмаса, өзгеміз баяғы сауын айтқан қазақтың ар жақ-бер жағынан табылармыз деп үміттенемін.