Жарияланымдар

akpatscha
Торғай Атажанмен түсуің керек еді. Әй, риза болатын едім соның қылықтарына. Қайтпайды ғой…
akpatscha
Реал жеңілмеуге тиіс, ең болмағанда бір гол айырмашылығымен жеңеді.
akpatscha
Бес жасымда оқуды үйреніп алған едім. Ең бірінші рет әкем Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» деген кітабын сатып әперген. Сол кітаптан жаттағандарым, тіпті нешінші беттерін қайырып қойып оқығаным да әлі күнге дейін есімде қалыпты.
Кейін 1 сентябрьде әліппені алып келдім де, киімімді шешпей жатып басынан-аяғына дейін оқып тастадым. Негізі, мені құртқан осы болды. Мектепте басқалар әріп үйреніп жатқанда, ішім пысып отыратын. Үйде бір-екі сынып жоғары оқитын тәтелерімнің оқулығын оқып, тіпті есептерін де шығаратынмын. Содан дандайсып, жалқаулыққа ұрынған сияқтымын.
akpatscha
Битлдардың әнінің атын қате жазсам, ағылшынша қақпайтынымды басында айтқанмын.
Екіншіден, «Шет елде жасалғанның бәрі алтын жалатылған...» деп келетін пікіріңіз де маған қатысты емес. Мұқағалидың, Қадырдың, Мұхтардың сөздеріне жазылған әндерді, басқа да сұрапыл дүниелерді шетелдікінен кем санайтын адамыңыз мен емес. Фрэнк Синатра, «Битлз», Шарль Азнавур Элвис Прэслилердің әндері біздің ТАЛАЙ әндерімізден артық деп санайтыным рас. «Ойлай берме, жаным», «Ауылдағы ару қыз», «Мен саған ғашықпын, баяғыдан» деген тіркестерді жүз рет қайталайтын қыртымбайлардан тошны артық, әйтеуір.
«Шет елде жасалғанның бәрі алтын жалатылған риторикасына келіңкірейді екен аздап. Ол эпоханы аман еңсердік пе десем…»
Ондай эпоханы өз басым сезінген де емеспін…
akpatscha
Осындайда ағылшынша білмейтініңе өкінесің. Битлдардың «Иес ту дей», «Хэллоу, субмаринасының», сосын «Отель Калифорнияның» мәтінінің орысша аудармасын оқығамын, тамаша әсерлі өлеңдер екен. Мағынасы біздің талай әндерімізден артық.
Қазір бір әнді таба алмай жүрмін. Қызығы, авторы кім екенін білмеймін. Ағылшынша білмегенсін, әннің атын да айта алмаймын. Ағылшынша сайрайтын жігіттерге музыкасын салып беріп едім, түк слухтары жоқ, таба алмады. Даусына қарағанда Элвис Прэсли болу керек. Общым, махаббат туралы ән.
akpatscha
Барри Пеппер мен Джош Бролин туралы пікірлерің ұнады. Бірақ Барри Пеппер бір-екі фильмде басты-рөл ойнап, алып шыға алмағанын көргенмін. Соған қарағанда, осындай шағын, бірақ есте қалатын рөлдерде жүре бергені дұрыс шығар. Кім бәледі, мүмкін мен ққателесетін шығармын.
Коэндардың фильмографиясынан «Старикам тут не местоны» ғана көргенмін, әзірге. Мына фльмді де көру керек міндетті түрде.
akpatscha
Беу, бееееууу. Админ ағай потенциалын бес жасынан бастап көрсеткен екен…
Авторды жақсы білем, осыдан үш жылын бұрын марқұм болып кетті ол кісі. Ақтөбелк журналист. Біздің шалдың курстасы… Мына мақаланы "Ұланға" лаықты етіп қатырып жазыпты. Жас балдарға бояуын осылай бояуын қалыңырақ қып жазған қызыты болады емес пе?! (Бір-екі рет жылап алды дегеніне қатысты айтқаным ғо).
akpatscha
"Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім".
Ай, адамның қанын іштіңдер-ау. Лібә, фильмге сценарий жазатын адамсың ғо.
akpatscha
Арсенал маладес. Атойлап ойнауын ешқашан қойған емес. Барселона шабуылдайды, бірақ шабуылы постепенно, қысқа фастармен, көбінесе алаңның орта тұсынан, қарсыласына доп бермей қажытумен басталады. әйтеуір, маған солай көрінеді. Ал Арсенал жарады осы жолы. Былтыр Жозенің жігіттері де (Интер) Барсаны дәл осылай құртып еді. Камп-Ноудағы ойын бұдан да қызық болады деп үміттенемін…
Арша жолы болғыш жігіт екен. «удача улыбаетяся смелым» деуші ме еді?!
akpatscha
Қазақта әдебиет сыншылары бар, бірақ журналистика сыншысы туралы естімеппін. Сол себепті, сені «журналистер сыншысы деп адаспаймын». Алайда, Кездесуде жүргенде сыни пікірлер айтатынсың, соны есепке алып отырмын.
akpatscha
Роя Медведева деп жазған айқындық әріптесіме, хоккейде «пенальти соғылатыны» туралы жаңалық ашқан телевидениелік әріптесіме қарным ашады. Бәлкім, менің де қателескен тұстарымды көріп жүргендер кпө шығар. Орыс журналистері қазір мықты болып тұр, бірақ қазақ журналистері өздерін олардан кемшін санаса, онда біткеніміз…
akpatscha
Жұматай Сабыржан деген марқұм мықты журналистің айтқаны бар еді:
— Шіркін, менің жазғандарымы ешкім оқымайтын, менсінбейтін жағдайға жетсе, қзақ журналистикасының болашағына өкінбес едім,— деп. Өкінішке қарай, мен журналистиканы бітірмесем де, Жанарбек Әшімжан, Әмірхан Балқыбек, Қасым Аманжол сияқты әріптестерімнің қолына су құя алмасам да, оқрмандарымның аз да болса бар екенін байқаймын. шыны керек, әріптестерімнің хоккей туралы айтып отырып «пенальтиді дәл соққаны» туралы жазғанын, Хосни Мүбарактың кім екенін, Рой Медведевті Роя Медведева деп жазғанын көргенде тәубама келемін. Орыс журналистерінің қазақ өызарының алаңаш бильярд ойнап жарысудан жеңіске жеткенін жазғанын оқыған кезде, өзімнің керек екенімді сезінемін.
Өзімнің қандай журналист екеніме әл қазір жауап беруге қиналамын. мәдина сәуақасова болсам, «Тележүргізушілік — хоббиым» деп жауап берер едім. Азамат Сұрыпбай болсам «телевидениеде жұмыс істеу оңай емес, бірақ еңбектенсең, бойыңда талант ьолса барлығы қолыңнан келеді» дер едім. Тағы да басқа қазір өзін мыты санайтындар көп. гаста сияқты журналистерді сынайтындар да көп. Гастаның сынағанына қуанамын, себебі, аз да болса сынға қабілеті жететіндер де бар екен.
Общым, егер бәсекеге қабілетті болсам, осыдан бірнеше жыл өткенде әлі де журнаист болып жүремін деген үмітім бар.
akpatscha
1 минут 28 секундта креслоға таңылған адамды ұрып жатқан актердің аты-жөні қалай? Осындай рөлдерге мықты келеді.
akpatscha
Заттыбекский" дубленка…
аттыбектің тоны брендке айналып кеткен бе?
akpatscha
«мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды»…
«Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды...»
Сонда озгертуге себеп болған аргументтер осы ғана ма?
akpatscha
"Қайтпас батыр қазір Хит тв-дағы ортасында тесігі бар қара көзілдірік таққан қос қыздың “ Бір шанс бер, бір шанс бер” деген өлеңін ыңылдап, ОСК жақа үмітпен қарап отырған көрінеді"
әй, өлтіресіңдер әйтеуір…