Жарияланымдар

Kipshakkyzy
Таразыға берген сипаттама сәйкес келеді екен.Бірақ сейсенбі күні де мен үшіе сәтті күндердің бірі.
Kipshakkyzy
 Бұрындары бір оқытуымыз да солай айтатын еді. Ұрсысатын болсандар орысша ұрсысындар. Былғанса басқа бір тіл былғанады деп. Сол есіме түсіп кетті ғой. Расында да, көп адамдар қазақша сөйлеп отырады да сөзге келіп қалғанда орысша айқайласып кетеді ғой.
Kipshakkyzy
12-ден асса әрине бас ауырады. Одан артық ұйықтау да артық шығар енді.
Kipshakkyzy
Боқтық сөз қолданбаймын. Ондай сөздерді естісем де, саналы түрде қолданбауға тәрбиелеймін. Негізі адам бір айтып үйренсе ол сөзі әдетке айналып кетеді екен.Менің екі құрбым боқтық сөздер айтып жүретін. Оған үшінші құрбым қосылып айтатын болды. Басында жәй күліп қоя салатын едік. Байқасам, әдетке айналып кетіпті боқтық сөз араластырып сөйлеуге. Бір беті ашылса адамның да аузы үйреніп кететіндігіне көзім жетті. Бір құрбым ашулы кезде сұмдық небір мен білмейтін сөздерді жібереді ғой. Сондай кезде сұмдық шешен сөйлейді. Былтырлары «блин» деген сөзді қызық көріп айтып едім.Әдетке айналып кетті. Әрең қойдым ғой. Осы керекинфода да боқтық сөздер көп айтылады.
Kipshakkyzy
Керемет! Жазба өте әсерлі шығыпты. Розатайдың арқасында сенің жазбаңа да келіп қалдым. Бір жолы ғана қатыса алмады туған күніңе депсің. Ал мен ұят-ай!  Жеті жыл болды ғой, анамның туған күні жанында болмағаныма. Аналарымызды Аллаға аманат еттік! Арман-тілектеріңді Алла қабыл етіп, анашыңды қуанта бер!
Kipshakkyzy
Менікі әр кезде әр түрлі. 3-4 сағат ұйықтайтын кездер де болады.Ұйықтамайтын кездер де болады. Жақсы ұйықтайтын кездерім де болады. Таңертең тұру керек болса да әйтеуір кеш ұйықтаймын.Күндіз ұйықтамаймын. Бала-бақшада сондай едім. Әлі сондаймын.
Kipshakkyzy
"Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады" дейді ғой. Әкеңнің аузынан түсіп қалыпсың Розкабай! Пост өте әсерлі жазылған.Менің де әкем есіме түсіп, көңілім босап қалды. Ата-анаң аман болсын! Осылай жетістіктеріңмен қуанта бер.
Kipshakkyzy
Айкона биді өлтіріпті.Жарайсың!  Сертификатта джынды!
Kipshakkyzy
Маған да Қытайда жүргенде жездем алдап ішкізген натуральный сок деп.Қайдан білейін жат елде жүрген соң ненің не екенін. Сөйтсем тәтті вино екен.
Kipshakkyzy
Иә, қазақшасы қызық сияқты. Мен қазақ аудиториясының санын көбейту үшін барам. Көрмесем маған серт дейді ғой!