Жарияланымдар

Шашыңызды күте білесіз бе?

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» деп шаш күтіміне қатысты өз кеңестеріммен бөліскім келеді.
Суреттер интернеттегі әртүрлі сайттардан алынғанмен, оларға қатысты ойым өзімдікі. Сіздер де, әсіресе қыздар қауымы біле жүрсін деген ниетпен жазып отырмын.
"Қыздың көркі-шаш" деп халқымыз бекер айтпаған. Бір кездері қиыла-қиыла шолтиып, кейін қайта сәнге айналған орташа, ұзын шаштарды күтудің жолдары көп, қиындықтары да аз емес.
Төменде түрлі құралдарды сипаттай келе, шаш күтіміне өз көзқарасымды білдіремін.
Әрі қарай

Өткен күннен естелік

Халайық, архивімнен мына айтысты тауып, ортаға қосып отырған жағдайым бар.
Кезінде достық, сыйластық пен Отанға құрметті ескі Керектіктер былайша жырлапты:

Аспан:
Айтуға ауыз жеңіл, сөз де дайын!
Бәйтерек иілгенмен болмас қайың!
Достықты сипаттау мен жырлау бөлек.
Достарға кім болдық біз, ойланайық!!!
Әрі қарай

"Армадада" жүздесу!

Құрметті Атыраулық керекшілер!


Ертең, яғни ақпан айының 1-жұлдызында Алматылық керекші Мақпал-Зилоланың Атырауға кезекті сапарына орай «Армада» лоунж-барында кездесу ұйымдастырып жатырмыз.

Ауа райына байланысты кездесу осы бейсенбі, 2-ақпанға шегерілді.

Уақыты: 19.00 ~ 19.30 (жұмыс барысына қарай)
Өтетін орны: Атырау қаласы «Айжан» кешені, 4-қатар алишаның ұсынысымен

Келем деушілерге есік ашық!
ПыСы: Егер таңдалған орын көңілге қонымсыз деп тапсаңыз, өз пікіріңізді білдіре отырып, жаңа орын ұсынудан бас тартпаңыз.
Ұйымдастыру комитеті атынан: nurbergen_makym VS Gulistan
Әрі қарай

Гүл егу науқаны басталды!!!

@Armanjan-ның құлағына алтын сырға.

Осыдан екі апта бұрын алынған гүл тұқымдарын он шақты күн бұрын отырғызудың реті келді.
Суреттерге қарап, өздеріңіз де жұмыс барысын көре жатарсыздар.
Сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын.
Бальзамин, аспарагус, глоксиния, пассифлора, гардения гүлдерінің қорабы:
Әрі қарай

Назарларыңызға!

Бүгін поштама келіп жеткен мына ақпаратпен бөліспекпін. Жақын арада демалыс жоспарлап жүргендерге жақсы болды деп ойлаймын.

Акция «Всемирная распродажа»

— Добро пожаловать на специальную акцию «Всемирная распродажа» авиакомпании «Эйр Астана». Мы рады сообщить Вам о грандиозных скидках до 50% от наших стандартных тарифов доступных на международные рейсы, вылетающие из Алматы и Астаны. Данное предложение действительно только в период с 16 по 21 января 2012 г., поэтому не упустите возможность забронировать билеты по невероятно низким тарифам!

Тарифы действительны только на рейсах «Эйр Астаны», выполняемых в период с 16 января 2012 года по 30 июня 2012 года. Количество билетов ограничено.
Әрі қарай

Креативті дизайн - үйімізге!!

Жаным жаңашылдықты сүйетіні рас. Не қызық, не жаңалық болып жатыр екен деп іздеп жүргенде қызықты дүниелер назарыма ілігіп жатса, әлбетте сіздермен бөлісуге асықпын.
Сондықтан мына бұйымдарды бағалай отырыңыздар! Креативті қораптар!
Жапон бөлкесі
Әрі қарай

Жаңа Жылға дайындық

Қарап отырсам, Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалыпты. Әне-міне дегенше, келер апта соңы биылғы жылмен де қош айтысатынымыз еске түсіп кетті.
Жұмыстың түбі көрінер емес, әйтсе де, кофе, шай ішетін уақытыңызды креативке арнауға кеңес беремін.
Төменде көрсетілген әдіспен қағаздарды қиып, мүмкіндік болса бояп, іліп қойса, мерекелік ерекше көңіл-күй орнайтынына сенімдімін. Өзім де бүгін қызық көріп, бар шаруамды ысырып қойдым да, қайшы, қағазбен отыра кеттім. Нәтиже жаман болмаған сияқты. Сіздерге де сәттілік!
ПыСы: Кішкентай балақандармен жасаған тіптен қызық болатын сияқты, оларды да дайындау процесіне тартыңыздар.
Әрі қарай

Керек-Тарих: Сурет сөйлегенде

Ескі Керектің тарихы жыр деуге тұрарлық. Бүгін «сандығымды» ақтара отырып, мына өлеңді тауып алдым, ал сурет бұрыннан бар болатын. Айтпасам да, өздеріңіз мәнін түсініп аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай