"Әзірет Сұлтан" мешітіне шолу

  • Автор
Бұл ғимарат туралы ресми ақпарат былай депті:
«Мешіт төрт мұнарадан тұрады. Әр қайсысының биіктігі – 77 метр. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең үлкен күмбез де осы мешітте. Күмбездің диаметрі – 28 метр, ал биіктігі – 52 метр.»
Енді өз көргендеріммен бөлісе отырайын. Жалпы видео шолуым.

1- Сырт жақтан көріністері.
2-
3-
4-
5-Бас қақпасы осы.
6-Ою-өрнектерді көптеп қолданыпты.
7-Кіргендегі кіші залы.
8-Шамшырақтары керемет.
9-
10-Төр жақта үлкен қызыл кітап тұр. Көне жәдігер екендігі көрініп тұр. Айналасынан бір-екі әріп болсын ақпарат таба алмадым бұл кітапқа қатысты.
11-Азан шақыратын орын болса керек.
12-Күмбездері Түркістандағы Қ.А.Яссауи мешітінің күмбездеріне келіңкірейді.
13-Салқын ауа осындай жерлерден ұрып тұр екен.
14-
15-Кілемдері керемет. Тұтас секілді.
16-
17-
18-Кіші залда субұрқақ орналасыпты.
19-
20-
21-Алды
22-
23-Мұнара
24-Күміс құранның көшірмесі. Н.Ә.Назарбаевтің тартуы екен.
25-
26-
27-
28-
Іші керемет салқын, тура бір Түркістандағы үлкен мешітте жүргендей болдым. Қанша ақша кеткеннін кім білсін, бірақ жалпы жақсы салынған секілді. Бұған дейін таңдай қағып жүрген «Нұр Астанамен» салыстыруға келмейді. Енді жәй әсем ғимарат болып қалмай іші Нұрға толсын дейміз!!!

Janasil

Біреудің қызығын қызғанып жүйке тоздырғаннан,
Өз қызығыңды іздеп қиналған артық.

    Ұқсас посттар

    83 пікір

    patick
    Татарлардың мешітіне ұқсап кеткен ба…
    sammita
    күшті, күшті шынымен. Аяқталмай ұзаққа созылып еді, одан кейін өртенді, президенттің «6 шілдеде ашылсын» деген тапсырмасынан соң құрылысты аяқтап үлгерді. Керемет шынымен.
    Janasil
    Үлгермеген негізі. Арт жағында төселмеген тратуарлар жатыр.
    sammita
    ашылды ғой, бастысы. ондай майда-шүйде біте жатар)
    Zhan
    Өткенде біздің бастық та барып суретке түсіріп келіп еді. Барып көру керек екен.
    satibaldi
    Рамазан Қарұлұлы:
    — Бұл құрылыста қазақстандық мазмұн да жоқ емес. Айталық мешіт салынған жер телімі — Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.
    19852407
    )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    aza
    10 млрд теңге жұмсалыпты… кіші залдағы бұрқақтан зәмзәм суындай, пісміллә деп дәм татып, бетін жуып жатқандарды көріпті менің операторым) Ашылар күні кісі көп болды, және бір себептермен есіктен кіре алмадым. Жалып, Кіндік Азияда теңі жоқ деп жатыр ғой, кісі сыйымдылығы жөнінен
    bazuka
    Жалып, Кіндік Азияда теңі жоқ деп жатыр ғой, кісі сыйымдылығы жөнінен
    бізде жалпы бәрі солай ғой)
    Zhan
    Жаңа ғана түсте әріптесім екеуміз барып көріп келдік. Бір кемпірдің қызыл құран кітапқа сыйынып, тәу етіп жатқанын көрдім.Немерелеріне де солай жасатты.
    Lyaila
    Мешіт ішінде суретке түсіруге рұқсат беріле ме екен?!
    Janasil
    Беріліпті.
    Lyaila
    Бұл жақсы ма әлде жаман ба?! Адамдар бұл мекеннің қасиетті екенін естерінен шығарып, фотосессия ұйымдастырып кетпесе деген ниет қана ғой…
    sammita
    қайласың Ләйләжан)))
    Меккені де суретке түсіреді ғой.
    Lyaila
    Сәлем, Саммита Шүкір, жақсымын!
    Барып суретке түсіп қайту керек
    Janasil
    Меніңше енді суретке түсіруге тиым салады. Ол кез мереке еді. Және енді адамдарды суретке түсіруден тыю мүмкін емес шығар.
    bazuka
    сізбен келісемін! Фотоаппаратты тек журналисттерге ғана рұхсат беру керек.
    aza
    Сурет деген не клипке түсіуге де болат)))
    Adiletshu
    Яссауи кесенесіне ұқсаттым
    e_zhalgas
    бекер ұқсатқансың
    Lyaila
    Маған сыртқы қара түстері біртүрлі намай тұр
    donen
    Қағбада қара түстен.
    Lyaila
    Ішкі көрінісі көркем! Мұсылман бауырлар үшін осындай мешітің салынуы сауабы мол іс!
    donen
    Мешіт өте әдемі екен. Монолит деген рахат болды бұ қазақтарға
    satibaldi
    10 млрд тг.… 68 млн доллар… Иншаатстар өңшең, пазарламасстардың!!!
    kokbori
    ОСы ҚазСатты 65 млн долларға жасатыпты деген деректі оқығанмын. Мешіт аспанға ұшып кетпесе нетті
    satibaldi
    Қымбат нақ, удай қымбат…
    Gastarbaiter
    … Елдегі мектептер мен бала бақша, спорттық ұйымдар, мәдени ошақтар мен зауыт фабрикалар соғылып біткен сияқты, несі бар біз дамыған елдер жетілігінің көшін бастап тұрған елміз.
    Казсатымыз анау…
    Жетіскен елміз ғой. Исламда Исраф деген бар емес пе? Құдайға сыйыну үшін біруыс құмдақ жер мен шаранын жайып жығыла кететін қазақ емес пе едік. Мұсылмандарда ИСРАФ деген ұғым жай көзбояу үшін айтылған бос сөз бе? Алпыс үш миллион доллар? Қалай ақтайтыны қызық, елге қалай пайда келтіреді? Қанша жылда ақтағалы отыр екен?
    e_zhalgas
    ешқандай ақтамайды! ал, ондағы жиналатын әркелкі садақалар мешіттің персоналының айлығын жауып отырса риза болу керек сияқты
    meirzhan
    Садақаны мемлекетке тапсыру дегенді қайдан көрдің?
    mercedes
    Өте дұрыс айтасың лібә!
    meirzhan
    Қалай ақтайтыны қызық, елге қалай пайда келтіреді? Қанша жылда ақтағалы отыр екен?
    Мешіт деген экономикалық пайда әкелу үшін құрылған нысан емес қой. Пайдасы бар, бірақ басқа, сауап түрінде, рухани, мәдени даму деген сияқты.
    Gastarbaiter
    Мультикке тойып алғансың ғой дейм. Дін деген үлкен саясат. Және кез келген саяси ұйым сияқты бұнда да есепсіз, бақылаусыз, басқару иерархиясынсыз болмайды.
    Егер бұл мешіт сырт елдің франчайзингісі болса, демедк ол жақтан талап та, сұрау да болады, алға қойылған нақты тапсырма да болады.
    Оның елгк тиімділігін уақыт көрсетсін.
    Не болса да игілікке қызмет етсін.
    araika
    Осы мешіттің артқы жағында жаңа ЖК-лар салынуда, соңғы рет соларға барып жүргенде көргенмін. Архитекторы кім, қайдан? Сосын мердігер компаниялар көбіне түріктер еді ғой, енді олармен байланысты үзетін көрінеді.

    Астанада «Нұр Астана»- дан басқа мешітке бас сұқпаппын, енді жол өзгеретін шығар
    e_zhalgas
    жоба — жай понт қана! біреудің ішкі өр көкіректігін қонақтар келгенде көрсетіп қою арқылы басып отыруға ғана салынған сияқты
    meirzhan
    Алланың үйі туралы айтып жатқанда мысқылдың не керек. жоба деп төмендетпе.
    Emilia
    Өте әдемі екен. Білуімше бұл бюджет ақшасына емес демеушілер қаржысына салынған мешіт
    alisha
    «Елден көк тиын шыққан жоқ, Катар банкі қаржыландырды» деді кеше БАБАМЫЗ
    asaubota
    былай біраз ірі компанияларға көмек көрсетіңдер деген «рекомендация» берілген сияқты
    Jacqabaies_Chirac
    естиалмаушылық сарын басым екен комменттерде, несі бар көркем ғимарат бой көтеріпті, аз ғой ондайлар, керемет!!!
    Gastarbaiter
    Ести алмаушылык сарын тек екі адамда ғана, сондықтан сен кемінде есептен шатасып отырсың. Анау ақшаға детдомның қанша балаларынан жақсы, пайдалы, болашаққа маңызы бар маман иедерін дайындап шығаруға болады. Егер ел қазынасына тимесе, мейлің. Туристтерді миллиондап әкелсе қанеки. Сратегиялық маңызы бар шығар бәлкім, бірақ мен сияқты қарапайым адамға елдің қазіргі жағдайында жыртылып мақтана бермей болашаққа инвестиция салу керек сияқты. Елді алға сүйрейтін мамандарды периферияда дайындауға жұмсаса, алда әлі бұндай кереметтің талайын соғар.
    meirzhan
    Білуімше бұл бюджет ақшасына емес демеушілер қаржысына салынған мешіт
    «Елден көк тиын шыққан жоқ, Катар банкі қаржыландырды» деді кеше БАБАМЫЗ
    Жалпы мешіттердің салынуына мемлекет ақша құймайды көбіне. Халық, компаниялар сияқты демеушілер қолдайды.
    Ал қаржының ысырап кетуі басқа салаларда өте көп.
    Jacqabaies_Chirac
    Анау ақшаға детдомның қанша балаларынан жақсы, пайдалы, болашаққа маңызы бар маман иедерін дайындап шығаруға болады.
    жетім балдарды қорғау, оларға білім беру, кәмелеттік жасқа толғандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету Республикада өте жоғары деңгейде жүзеге асырылуда
    Елді алға сүйрейтін мамандарды периферияда дайындауға жұмсаса, алда әлі бұндай кереметтің талайын соғар
    білім беру жүйесін реформалау елімізде жыл сайын өзгеріске ұшырап заманауи инновациялық жобалар көптеп іске асырылуда, бір ғана «Болашақ» бағдарламасы неге тұрады, Назарбаев университеті және т.б толып жатыр…

    назар аударып оқығындарыңызға рақмет!!! Астанадағы Байтерек бұтағынының басынан арнайы керекинфо үшін Дауылбай Ебілбайұлы «Хабар» арнасынан
    Adiletshu
    Намазды қай жерінде оқиды
    asaubota
    намазды үйден оқып келесің, мында тек фотоға түсесің десе
    Janasil
    15-суреттегі кілемді жер намаз оқитын жердің ортасы.
    Marationok
    Әдемі мешіт, іші де сырты да.
    asaubota
    мына қызықты көрдіңдер ме?

    mercedes
    оркестрмен қызық екен  Бұл патриоттылықтың белгісі ме екен эксперттер жазсын
    Zhan
    Марко мына жерде «Фатмагүл» сериалындағы Селимге ұқсайды екен ))
    Onlasyn
    Иә, өте әдемі мешіт
    asaubota
    Егеменнің фоторепортажы www.egemen.kz/?p=341218
    FaraOn1
    іші адамға толсын! тек фотоапарат ұстап фб ға немесе мой мира суретін енгізу үшін келетін емес ақыретін ойлағандар жиналсын.
    zhannin-sayasi
    Суреттер ұнады!
    zholantai
    қандай фотоаппаратпен түсірілген? суреттердің контрасті төмен және тым қанық ғой, қарапайым көзбен мешіт бұлай көрінбейді,
    Daniar-Alan
    Canon EOS 1100D
    zholantai
    расымен сол фотоаппарат па, алсам ба деп жүр едім, ұнамай қалды
    Daniar-Alan
    17-55 мм-лігін ал. более качественно. ең темасы Canon Mark2 5D… анамен енД… рухани ләззат аласың…
    Daniar-Alan
    бірақ ол қымбат… шамамен флешка бытықы шытықысымен 650 000 жобалайды…
    zholantai
    ойбой, оған қазіргі қалта көтермейді, амал жоқ, әзірге 100000-ға дейінгілерін ғана қараймыз,
    Daniar-Alan
    онда ең оптимальныйы сол… полупрофиссиональный… анау мынау обьективтерін өзің ауыстыра бересің… 32 гигалық флешканы без проблем көтеред…
    zholantai
    тәжірибелік кеңеске көп рахмет, есімде болады
    Gastarbaiter
    Қандай мақсаттарға керек?5 мегапикс соткамдағы жетеді. Жұмыстағы төтенше жағдайлар мен байқауларды "ұстап" қалып отыруға.
    Қалған жағдайда 12 мегапикс мыльницам жетед. Аппаратпен ақша таппайм, сүйікті хоббиім де емес, артық инвестмент жасағым келмейд)
    zholantai
    ой, қай мақсатқа пайдаланатыным өзіме де анық емес, сол әуесқойлық ғой, университетте түрік группаластарым болды, мойындарында үнемі фотоаппарат жүретін, әрдайым кездейсоқ сәттерді түсіріп алатын, қызыға қарайтынмын, содан қалып қойған қызығушылық ғой, соткамен де түсіре беруге болады, десе де фотоаппараттан алатын әсер басқаша ма деп ойлаймын, ұстап, түсіріп көрмеген соң
    Marationok
    Әсіресе макросъемкасы болса, а былайша ол керек емес. Мертвый груз болып жатады.
    Gastarbaiter
    Менің соткамдағы макросъемкамен (небары 5 мегапиксель) Қара-сары араның жерге көміліп жатқан процессін түсіргем.
    Кейінірек мұнда салам.
    Қоңыздарды да
    Мастерпис емес, бірақ әдемі
    Marationok
    Менің ондай қымбат соткам жоқ  Әйтеуір өлген құстардың суретін салмасаң болды да
    Жалпы, соны айтып тұрмын ғой, өзімде HD-DVD плеер тұр үйде, түкке пайдасы жоқ, бекер алғанмын. (бонус ретінде таңдағанмын оны, яғни сыйлық)
    Gastarbaiter
    Қымбат емес, бюджеттік шүкірфондар қатарынан
    Daniar-Alan
    89 990 теңге тұрад
    Marationok
    89 990 теңге тұрад
    Шешесс...
    Daniar-Alan
    көшеде баннерде ілініп тұр… шын айтам… Шанхайский мостта
    izbasar
    11 суреттегі орын азан шақырылмайды хұтпа оқылатын орын.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.