Arular.kz

Бөтен әлем әңгімелері. Кіріспе

Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Кірісперте-ерте-ертеде…ерте болғанда осыдан шамамен он жыл бұрын болса керек, Алатаудың етегіндегі Алматы дейтін қалада Айжан атты кішкентай қыз өмір сүріпті. Жасының қаншада екенін білмедім, бірақ папасы мен мамасының айтуынша “Нешедесің?” сұраған адамға бес саусағын тарбитып көрсетуін осыдан үш жыл бұрын қойса керек. Айтпақшы, алты жасында мектепке барған Айжан осы мен әңгімелеп отырған сәтте екінші класты әне-міне бітірейін деп жүр екен. Сөмкесі өзінен дәу, шашын екі өріп алған осы бір кішкентай сары қызды көрші-қолаң қатты жақсы көретін.
Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Кіріспе
Айжанның әкесі сол бір дағдарыс жылдарында үйінің жанынан дүкен ашып, базардан тауар әкеліп сатып, алыпсатарлықпен айналыса бастады. Мектепте математикадан сабақ беретін мамасы да бәрін тастап жолдасының бір жағына шығуды жөн көріпті. Екі этажды, ел арасында “хрущевка” аталып кеткен үйдің бірінші қабатында орналасқан Айжандардың дүкені әп дегеннен-ақ айналадағы тұрғындардың тыным таппай сауда жасайтын орнына айналады.

Әке-шешесінің күнұзақ саудамен айналысуына байланысты Айжан көбіне үйде жалғыз қалатын. Содан болар сабақтан қайтып келген соң ол қаланың елеусіз көшесінде, тұрғын үйлердің қамауында орналасқан “хрущевканың” екінші қабатындағы терезеден көшеге сағаттап қарап отырушы еді. Бір жапырақ қыз әсіресе жаңбырлы күндерді ұнататын. Терезеден жылап аққан тамшылар оның досы еді…

Міне, осындай оңаша, кішкентай ойларға “толы” күндердің бірінде үйде жалғыз отырған Айжан таңғажайып оқиғаға тап болды. Таңғажайып оқиғалар Иесінің неге Айжанды таңдағанын кім білсін, әйтеуір бізге белгілісі – бас кейіпкерімізге ақылға сыймайтын жағдайдың бұйырғаны.

Сол күні түстен кейін Айжан әдеттегідей терезенің алдында отырады. Күн бұлыңғыр, себебі күз, көңіл-күй жоқ, себебі апайынан ұрыс естіді.

Кенет, бөлменің ең қараңғы бұрышындағы линолеум өз-өзінен көтеріле бастады, әлде бу, әлде түтін бір иіссіз буылдыр тұман бәрін басып кетті. Ә дегенше болған жоқ тұман сейіліп, бөлменің ортасында қолында балмұздағы бар, шашына өрмекшінің торын орап алған, алакөз, қоңқақ мұрын, бойы бір метрден аспайтын, астыңғы ерні бір табиғи емес түрде алдыға шығып кеткен шал пайда болды. Жан-жағына алақтай қараған ол терезенің жақтауында отырған Айжанды көріп, сап-сары, қадау-қадау сирек тістерін көрсетіп, ақситып күлді де, қолындағы балмұздағын ұсынды. Сары қыздың есінде басын шайқап, “жоқ-жоқ” дей бергені ғана қалды, одан ары көзін қара түнек басып кеткен еді…
" data-width="600" data-numposts="5">

6 пікір

avatar
қызық, қызық :)

жалғастыр
avatar
Жалғасын қазір беремін.
avatar
сонымен…
avatar
күтіңіз… монитордан көз алмаңыз…

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.