Алматы. Керекшілер. Демалыс.

Сәлем бердік, «Керекинфо»-ның тұрғылықты жамағаты! Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс. Жағдайларыңыз жақсы, мал-жан аман ба? Студенттер қауымы оқу жылының жартысын артқа тастап, қысқы демалысқа да шыққан болатын. Мен де сабақтарымнан емтиханымды сәтті тапсырып, демалысымды Алматы қаласында өткізбек болдым. 4-5 күнге жоспарланған демалыс, бір апта, жо-жоқ, 10 күнге ұласты. Сонымен не керек, қаңтар айының 17-ші жұлдызында батыс пойызына билет алып, жолға шықтым.
Батыс пойызына ризамын, үнемі тазалық, тәртіп, жоғарғы қызмет — бәрі реттелген. 16 станцияны: Қызылорда, Белкөл, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс-2, Шымкент, Манкент, Түлкібас, Жамбыл, Луговая, Шу, Отар, Жирен-айғыр, Алматы-1, Алматы-2 артта қалдырып, үлкен әрі әсем қала — Алматыға да жеттік. Келдім.  Орналастым.  Хабарластым.  Кездесу уақыты мен орны белгіленді, кездестік.
Кездесуге келгендер: Берік — Argyn , Жалғас — e_zhalgas , Мейірбек — TERISKEY , Маржан — madlen , Назира — estetika91 , Жаңылай — Zhanylai , Мәншүк — manshukn .  
Кездесуге белгілі себептермен келмей қалып, әдемі кездесу тілеген: Анар — Zere , Айжан — Aikona сұлуларға алғысым шексіз, хабарласқандарыңызға рахмет.
Енді, көптен күтіп отырған суреттерге кезек берейін, көп жазып кетсем ренжімеңіздер.
Бірінші кездесу.
Мәншүк пен Жаңылай — ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің биылғы жылғы түлектері, алғыр да білімді, әдемі қыздар.  (ну енД, ҚазҰУ жайлы көп айтылды да)
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
«Кездесуге келіңізші» деп, қоймай шақырған ағам, Шымкенттің сымбатты һәм ақылды жігіттерінің бірі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі — Берік Сұлтанов.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Жалғас Ертай — нағыз креативті ойлар иесі, өткенде айтқандай іш пыспайды, белсенді, ашық мінезді Түркістанның жігіті.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Әрине, осы кездесулерді ұйымдастыруға ат салысып жүрген, ҚазҰУ-нің филология факультетінің 3-курс студенті, «Гүлстан» журналының тілшісі, жаны да, сөзі де, жүзі де жылы ару — Назира Бурханова.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Толығырақ суреттерді фейсбук желісінен көре аласыздар.  Айтпақшы, сайтымыздың ару қыздарының бірі — Мадлен де келді, зор алғысымды білдіремін. Көп болмады, бірақ уақытын қиып келгеніне риза болдым. Суретке түсіп үлгермедік… Оххх, Теріскей бар сосын. Мяяя, ренжімеңізші, Теріскей. Суретке бізді көөөп түсірді, бірақ өзі азғантай түскен, ол 2-3 суреттердің өзі менің фотигімде, ал мен шнурды әлі таппадым. Жақын арада тауып, суреттерді қосамын.  Теріскей жайлы не айтуға болады? Әрине, тек жақсы сөз, жылы пікір білдіре аламын. Ризамын, жігіттің сұлтаны өзіңіздей-ақ болсын! Қыздарды шығарып салған жігіттерге үлкен алғыс!
Екінші кездесу.
Мен, Эстетика, Жаңылай — үшеуміз, Алматы қаласының тұрғындарының көптен күткен метросын көруге бардық. Көрдім. Ұнаттым. Әдемі.

Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.

Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Метроны көріп, «Жастар» театрына аттандық. «Махаббат пен Ғадауат» қойылымын тамашалап қайттық. (Жаңылай түүүүш)  
Қойылым бітісімен «Ориент» кафесіне тоқтадық, әдемі музыка, жақсы қызмет, тазалық, жанға жайлы орын.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Сағат 11:00 көрсетуге таяу, қыздарға жатақханаға қайту керек. Мен ағамды күтіп біраз уақыт өткізіп алдым. Болмағасын қыздармен бірге ҚазҰУ-нің жатақханасына бардым. Жаңылай университет туралы біраз айтып, таныстырды. Жатақханада Әйгерім Бегімбет пен Мәншүкті кездестірдім. Мұнда да біраааз тұрып қалдым, маған қалашық ұнады, сөз жоқ. Ағам да келіп, мен де үйіме қайттым.
Үшінші кездесу.
Бұл кездесуге де сол үштік келді, сонымен қатар Монти және Мәншүк қосылды. Катокқа барамыз деп келіскен болатынбыз. «PROMENADE»-та жолықтық, мен күткен Монти де келді, қуанып қалдым. Ауырып тұрғанына қарамастан, көңіл бөлгеніне ризамын, АРБ! Күннің суықтығына байланысты катокқа бармай, іште отырып, тортпен шәәәәй іштік.  Біраааз, әңгіме айттық, күлдік, талқыладық, ойларымызбен бөлістік. Әдемі отырыстан соң үйлерімізге тарқастық.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Смайликтер ханшайымы — Монти сооондай жақсы адам, мейірімді, көздері жайнап, күлкісі де әдемі.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Солаааай, қыздардың бар уақытын алдым. Күннің суығында менімен қыдырып жүрді, Назира өзінің сыйлықтарын ұсынды.
Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Күлегеш қыз деп атасақ та болады Назираны. «Жауап жазу» функциясы әңгіменің ең қызықты жері болды. Сонымен қатар, Назираның 10 күн бойы «И жаным))» деп, басталатын смс хаттары толассыз болды. Күн сайын жағдай сұрасып тұрдық, ризамын! Аллаһ разы болсын! Астанадағы «Блогқұрылтай-2012»-де кездескенше деп тарадық. Ыстық ықылас пен ерекше көңілдеріңіз үшін мың алғыс! Аман болыңыздар!

Пы.Сы. Кездесу қорытындысы осындай, арнайы көрмегендер үшін, жекеде сұрағандар үшін. Керекинфоның тарихында қалар, назар қойғандарыңызға рахмет! Аман болыңыздар, Астанада иншАллаһ кездескенше!
Бөлісу:

62 пікір

sammita
әдемі есеп беріпсің
konvict
Ай жақсы бір кездесу болыпты ғой.

п.с. Теріскейдің суретін қоймағаның жақсы болыпты. Со біреудің әшкиі ағараңдаған суретіне кім қарағысы келеді дейсің
AKA
Әшки деймісіз… Сіз, әшки туралы
TERISKEY
«Биоэнергетическая сущность человека»
 Назира, «Гүлстан» редакциясында шаң басып жатқан Гөзелдің кітаптарынан «сыбаға» беріп жібергенбісің?
estetika91
Эх, Теріскей, Теріскей Тиісе беруді қашан қоясыз?)) Бұл кітап редакцияныкі емес, менің архивімде жатқан кітап болатын. Ақнұрға сыйға тартқым келді, сыйладым
serjan
4-суреттегі оң жақтағы қыз кім?
konvict
Кәрі қасқа жасың келсе де жас иісті аңсап жүрмісің
serjan
Жалпы кәрі деген топқа кімдер жатады өзі осы керекте.
estetika91
Кім деп ойлайсыз?
AKA
 Назираааа, өлтірдің-ау, айтып қойды ғой.
estetika91
Айтып қойғанын оқыдым. Кіммен шатыстырып отыр дегенім ғой)
serjan
Ешкіммен шатастырған жоқпын, тек болмысыңыз бөлек екен.
VKM
АКА,қызықты жазыпсың, суреттер де керемет!
e_zhalgas
әйтеуір бірдеңенің иесі болғаныма қуанып отырмын. әдемі кездесу болған еді
Gulistan
АКА, күшті есеп!
Қыздарымыз жігіттеріміз де қалысар емес
Жарайсыңдар!
Торт керемет!
Aikona
Кездесе алмағанымыз өкінішті, сол бәрі құрғыр тымаудың кесірі ғой . Күшті демалып қайтыпсыз!
AKA
Бұйыртса алдағы уақытта жолығармыз, рахмет.
Erkekyz
Қандай әсерлі жазасың. Күшті.
direct
Түнгі 23:45те бірдеңе пісіріп, адамның тәбетін ашып, түн ұйқысын төртке бөлетін сіз ба???
manshukn
Жақсы кездесу болды, бірақ театрға бара алмадым
Argyn
ия, керемет басқосу болған еді… әлі де болар иншаллаһ...
e_zhalgas
иа, болар, ол кезде екі емес, одан көбірек сыра ішерміз
AKA
Үшеу сияқты еді
e_zhalgas
санап жүрсің?
AKA
Жоғии, ондай көріністі күнде көре бермеймін ғой. Оның үстіне қарсы бетте отырдыңыз, даяршы қыздың жаныңызға 3 рет келгеніне қарап жазған болатынмын.
Rozatai
Нәзикөш бұрынғыдан да әдемііііііііііііііі бокетіпті ғҰе!
Екеуміздің кездескеніміз туралы да бір ауыз қоса салу керек еді, Ака қыз!
Сен өзі әйбат қыз екенсің! (Қызылорданың сұлулары сондай ғой жалпы  )
AKA
Ол туралы кейінірек жақсылап жазамын деген ойым бар еді, қап.  Саған да ризамын , аман бол, алтын қыз!
araika
Ресми кездесулер көбейіп кетіпті ғой
estetika91
Жақсы ғой) Айтпақшы, сіз қашан келесіз Алматыға?
araika
Неге Алматыға? Керектің астанасы Астанада, себебі админ осы қалада тұрады
estetika91
Алматыға дегенім: мен Алматыда тұрамын ғой. Осы жаққа келсеңіз, АКАны күтіп алған сияқты күтіп алып, қонақ етер едік)))Алматының көрікті жерлерін көретін едіңіз, егер бұрын көрмеген болсаңыз…
madlen
Керектің астанасы Астанада
мынау енді  
Ну, Астанчане, какие вы наглые!!!©
araika
Алматылықтар өкпелеп қалады осылай
qisyq
Неслыханное! Необдуманный, крайне не осторожный шаг, которые может повлечь за собой дискриминацию целого региона! Расссссстрелять!!!
AKA
Келсең хабарлассаңшы, жарай ма? Қызылордалықтар болып жиналайық десем, ешкімді таппай қалам ғой.
Delhi
Керемет кездесу өтіпті. Күшті. Бір қаладан көөөп болған жақсы ғой. Әсіресе қыздар болған, кез келген уақытта кездесіп қыдыруға болады.
Erke
Жұртқа қарап жәутеңдемей шакырсайшы кездесуге бізді, барамызго!
Delhi
кыздар жок(( екеуміз кездесемізба? қорқам сен НӘН ҚАРА ДӘУсің
Erke
Қыздар ертіп кел, Асекең бастаған сүр бойдақтар болып шығамыз!
konvict
Бір қаладан жалғыз болып, көп қолданушысы бар қалаға барсаң жақсы ғой. шағалалық ой,
estetika91
АКА өзінің аз сөзді, ұшқыр ойлы, қылықты, әрі сондай сыпайы қыз екендігін танытты. АКА сенімен танысқанымызға өте қуаныштымыз!  Жиі келіп тұр Алматыға
estetika91
Айтпақшы, суреттегі тортты АКА арнайы бізге деп арнайы алған болатын. Рахмет! Өте жақсы отырыс болды!
Delhi
Торттын дымын қалдырмай опырып тастапсыңдаргой)))
AKA
 Жартысы қалған болатын…
salta
әттең, интернетке шығатын мүмкіндігім болмады, әйтпесе Алматылықтарды көріп қалар едім
madlen
Осында болдыңыз ба?
salta
ага, бүгін ғана келдім Астанаға
estetika91
Қааааааааааааааааап(((((((( Сіздің келгеніңізді білмедік. Айтпақшы, жекеге телефондарыңызды жазып жіберіңіз! Келесі келгенде…
madlen
Сізді көрсек, точно барлығымыз шетімізден талып қалушы едік, қап, блин
salta
 неге талып қаласын, жаным-ау? келесі барғанда міндетті түрде хабарласамын
madlen
Енді алдын сіз сияқты экстраодинари адам көрмеппін
kokbori
Шіркін, жиналып кездескен қандай жақсы, Алматыға барғым келіп кетті, әйтпесе Атырауда жұмыс жұмыс деп шапқылайсың да жүресің
Gastarbaiter
йтпесе Атырауда жұмыс жұмыс деп шапқылайсың да жүресің

monti
АКА сағанда көп рахмет. мен бірақ жаман аурып, ажь дұрыста сөйлесе алмадым ғо
қызық кездесу болд, айтпақЧ сол кезде жолда пробка, есіме метро түсіп кеттім зыр етіп 15 мин. жетіп алдым кейде есіме метро түсіп кетед солай