Жымиған қоп қоңыр мұңмын

Реңі тым солғын тағдыр,
Жетектеп жүрсің бе мені.
Жанардан құлаған жаңбыр,
Сен едің қайғының Меңі…

Шаңыңа шомылдыр көше,
Таптағам төсіңді талай.
Бақытты адамдар неше?
Қаптаған Бал ай…

Бақытқа талпынып мен де,
Ойнағам ойынын Түннің.
Шаттансам күлкіме сенбе,
Жымиған қоп-қоңыр мұңмын.

Реңі тым солғын өмір,
Қасымнан қашпашы, менің.
Күйікке көмілген көңіл,
Досыңмын сенің…

Адасып жолынан мүлдем,
Қыршыннан қиылған пәктік.
Маған да миықтан күлген,
Жеткендей ақтық…

Жалғасып ең соңғы ойын,
Басталды партия соңғы.
Бүлініп тағы да ойым,
Жылынған Жүрегім Тоңды.

Маңдайы соғылған тасқа,
Бар екен көретін күні.
Бүгінгі құрбаны басқа,
Шымылдық сыртында түні.

Жолыққан бағым боп мәңгі,
Бір түндік болып тұр ғұмыр.
Атырдық тағы бір таңды,
Арғысын ойлама, түңіл.

Бір түнге байланған бағы,
Бір дауыс естілді қырдан,
Мен іздеп кеттім бе тағы,
Бір түндік ойынға құрбан.

Сүйем деп Сүймеген қызды,
Сезімі тас қамал – Кеден.
Табиғат тағдыры Тұзды –
Жиіркендім сенен…

Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бөлісу:

31 пікір

satibaldi
Уа жама'ат, плюс қоймасаңдар — қиянатшы жауыз сезініп қалмайсыңдар ма өздеріңді???
Tabigat
Рахмет брат
satibaldi
Маған емес, солай жаза алған өзіңе рақмет айт.
Tabigat
Маған да, сізге де десең, иа)))
Nurgisa
Табиғат, сенікі ерекше дарын екен. Арамызға өзіңдей таланттың қосылғанына шын қуаныштымын!

Айтпақшы, @asaubota айтысқа бір адам жетпей жатыр деп жатыр ма еді…
Tabigat
Рахмет брат, рахмет!!!
Erbol
Олжас Қасым қайда осы?
Tabigat
Дарабоз деген еркектерге арналған жорналда жүр ғой, анар деген өлең жазыыып)))
madlen
Қуып жібердік қой
Tabigat
Құры бар деп па?)))
sammita
өлеңдерін талдап, жіктеп. Общым, ол бізге өкпелеп кетті.
madlen
Жалпы сен білмейсің ғой біздің керекшілердің қандай агрессивные екенін  
Так что Сатыбалды прав, сені барлығы жақсы көңілмен күтіп алғанына өзім де таң қалып отырмын   Өлеңдерің жүректеріне барып тиген ғой
konvict
Мен де таң қалып отырмын. Пірім де адамға ырза болатын күні бар екен ау
Tabigat
Конвикт, ей, комигім ау)))
Tabigat
konvict
konvict
Ақындардың бәрінде бір ауру ма дейміе
blackbeard
«ШымкентСүтАйран» сүтті өнімдер цехы. Бізде бәрі оригинал!
asaubota
өткенде осыны Фейсбукте оқыттың ғой, п… ец әсерде болғам. адам емессің Табиғат

Табиғатың бөлек.
Tabigat
адам болуға тырысайық онда)))
asaubota
тағы да бір рет сүйсініп оқыдым
aikarakoz
Әдемі өлең екен…