Жұмадағы жүздесу

  • Автор
Өткен жұма күні Маржанның ұйымдастыруымен "Қиял әлемінде" кездестік. Новичок болғандықтан көп блог блоггерді танымайтін болғандықтан сол күні біразымен таныссам ба деп ойлап едім. Өкінішке орай, небәрі 6 адам ғана болдық: @madlen, @zere, @huanish, @patick, @zilola және мен. @ushkin келіп кетіп қалды. Бірақ көп адам болмасақ та көп адамның айтуына татитындай әңгімелестік деп ойлаймын.

Айтпақшы, блоггерлер келгенше күтіп отырғанда қызықты жағдайға куә болдым. "Қиял әлемінің" қасынан тыр жалаңаш еркек кетіп бара жатыр. Қасынан өткен елдер үйреншікті жағдай секілді назар аударар емес. Қатты таң қалдым. Адамдар да осындай болады екен ғой…

Сонымен не керек ла терезада отырып ауыз ашып, пицца жедік. Мен блоггерлер туралы өз ойымды айта кетсем.

Патик — нағыз Дәруішөлгеннің азаматы екен. Өзі көп күлмесе де, көп күлдіретін әңгімелер айтады екен. Және де ұзақ ештеңе айтқанын естімедім, қысқа әр нұсқа айтады да қарап отырады. Мағынасын түсінсең ал кеп күл. Бір сөзбен нағыз жігіт екен!!!

Қалдықыз — менің әпкем керемет қой. Жерлес болғандықтан ба, көбіне пікіріміз бір жерден шығады екен. Әпкемнің батысқа барамын деп күнге күйіп кеткені онша емес болыпты. Мінезі ашық, әқкөңіл.

Ақзере — Сатыбалды бекерден бекер ғашық болмапты. Ақзерені көргенде есіме барби куклалар түсіп кетті. Күлкілі бәр нәрсе айтып біткенше өзі де күліп шығады. Былай қарасаң Патиктің антонимі. Айтпақшы Ақзеренің фейсбуктағы «Милки»(Milky) деген атын Мылқы деп оқып мәмбет болып жүр екенмін.

Қуаныш — он.кз-лық ол әңгіме айтудың шебері екен. Отырып алып заулатады. Керекте көп болмағандықтан кейбір нәрселерді түсінбей қалып жатты.

Мадлен — мен ҚарасақлИТ-тің орнында болғанда екі-үш өлеңмен шектелмес едім. Романдар мен поэмалар жазып тастауға болатын еді. Нағыз сұлу деп айта аламын және бәстесуге бармын. Мінезінде де ашықтық сезіліп тұрады. Бұндайда қазақ "қыз қылығымен сүйкімді" демеуші ма еД.

Бір көрген блоггерлер туралы пікірім осындай болды. Осымен сөзім тәмәм.

konvict

Флуд жасау ісінің шебері!

Ұқсас посттар

20 пікір

konvict
П.С. суретке түсуді ұмытып кетіппіз.
Altygradus
Ақзеренің фейсбуктағы «Милки»(Milky) деген атын Мылқы деп оқып мәмбет болып жүр екенмін.
сонда фамилиясы деп жүріппедің???
Қуаныш — он.кз-лық ол әңгіме айтудың шебері екен.
Қуанышты көрсем келесіде Алихан деген 3*4 версиясымен қосып көргім келеді
konvict
Мен тегіңіз сондай ма деп сұрап мәнісін білдім ғо )))
konvict
Қуанышты көрсем келесіде Алихан деген 3*4 версиясымен қосып көргім келеді
Мынаны меңгереалмадым
Altygradus
Қуаныштың кішкене ұлы
Zere
Рахмет! Сені кездесуге шақырып алып, өзіміз ауыз жаппай әңгіме айтып кеттік қой деймін. Бізді тыңдаған қызық болды деп үміттенемін.
konvict
Қайта сіздерге рахмет!!! Өте қуаныштымын танысқаныма. Сіздің құмырсқа туралы әңгімеңіз ұнады қатты
madlen
Bizge kelip tur  Uimiz Almaty osy
konvict
Рахмет, Сіздер де Таразға келсеңіздер хабарласып тұрыңыздар.
ushkin
мен туралы айтпапсың ғо
konvict
Сен кетіп қалдың ғо ((((((
AKA
Ваййй, керемет! Жақсы кездесулер көбірек бола берсін!
a63a1
пхоталар қайда?
konvict
a63a1
осы посттың сілтемесіғой
konvict
П.С. суретке түсуді ұмытып кетіппіз.

konvict
23 тамыз 2011, 18:46Жауап жазу
Түзету
a63a1
аааа кечірш!!! Пікірлерді оқымай жазыппын
a63a1
Жарайсыңдыр!!!
Zilola
Қуаныш — он.кз-лық ол әңгіме айтудың шебері екен. Отырып алып заулатады
Аха, қосыламын  Біздің Хуан Карлуш көп сөйлейді ))
Zilola
Әзер деп ноутбукқа телефонымды жалғап ғаламторға шықсам, бұл құрғырдың браузері суреттерді көрмейді екен. + басайын десем, плюс түгілі — көрінбейді (( шатасып басқа бірдеіңеге дауыс беріппін, кешірім өтінемін
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.