Arular.kz

Қарбыз туралы



Қарбыз туралы аздап сыр шерткім келіп тұрғаны. Оған себеп, жаз келіп аз болса да алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Ақтөбеде әзірше 60 теңге килосы. Күзге қарай 10 теңгеге дейін түсетін шығар.

Сонымен қарбыз. Қарбыздың отаны Оң.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен.

Қарбыз туралы қызық мәліметтер:

  • 92 пайызы судан тұрады
  • Бірнеше тілімі бір күндік С витамині мөлшерін толтырады
  • Қарбыз суы қуық және зәр жолдарын жақсы тазартады
  • Артрит, гастрит, Боткин, жүрек аурулары және семіздікке қарсы пайдалы
  • Тек қана ауру үшін ғана емес көңіл-күйді де көтеру үшін жақсы
  • Қарбыз қалдығынан неше түрлі ыдыс та жасауға болады
  • Құрамындағы ликопен еркектердің потенциясын күшейтеді

Ал енді сіздерге бірнеше сұрақ, бала кезіңізді еске түсіріңіз:

  • 1 рет болса да қарбыз ұрлап көрдіңіз
  • Жерге жарып, қолмен жеп көрдіңіз
  • Көзіңе суын тигізбе дегенге қарамай көзіңізді ұстап көрдіңіз, бірақ сізге ештеңе болған жоқ
  • Дастархан басында отбасымен жеп отырған кезде, аузыңыздағы тілімге қарамай екіншісін көздеп немесе қолмен ұстап отырдыңыз
  • Қарбыздың ағына дейін яғни қабығына дейін жеп көрдіңіз
  • Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз
  • Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
  • Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
  • Шемешкісін кептіріп, шағып көрдіңіз
  • Осылардың көбісі басыңыздан өтпеген болса сіз мамасы мұғалім, отличник бала болғансыз немесе жәй ғана лох болғансыз. Әлде басқа планетадан келгеніңізді мойындайсыз ба?

5 шілде 2007
www.arshat.kz/old/?p=45
" data-width="600" data-numposts="5">

71 пікір

avatar
алғашқы екі пункттен басқасын бастан кешіппін.
avatar
ол пункттер қыздарға кешірімді
avatar
Сурет ұятсыздау екен!!! басқа қарбыз жегеп суретке түскен адам жоқ па?!
avatar
Сурет ұятсыздау екен!!! басқа қарбыз жегеп суретке түскен адам жоқ па?!
avatar
білмедім, «арбуз» деп іздеп едім осы сурет шықты. орыс қыздың суреті болғасын ба ұят болып тұрғаны? шамалы толерант болсақ қайтеді?
avatar
негізі мынау әдемі. ->>>
Толеранттылыққы келер болсақ онда мынау --->>>
avatar
Мынау қарбызбен фокус көрсетпекші ме))))
www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/1609.html
avatar
Қилызаман сенің нигіңмен кірген ау дим, Аршат!!!!
avatar
түсініксіз жазғанмын ба не?
avatar
Арт жағы сенің стилің екен…
Бір сезон нан мен су орнына егіннің басында қарбыз жеп беттей алмай қалғаным бар…
avatar
тойыс Дарбыз
avatar
Қарбыз ұрлап көрмеппін, біз жақта өспейді. Бірақ, басқасының бәрі болды)) айтпақшы, осы жылы әлі жегем жоқ)
avatar
# Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз
# Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
# Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
# Шемешкісін кептіріп, (кептірмей-ақ шаға беретінмін) шағып көрдіңіз — өттік қо осы этаптан.
avatar
Сол кездің қарбыздары тәтті секілді. әлде таңсық болған соң ба? Біздің жаққа өзбектер Камазбен әкеп сататын. Қазіргідей көше сайын үйіп қойып сату деген жоқ еді.
ана пунктардың біразы бастан өткен.
avatar
Мен де қазір соларды еске түсіріп, күліп отырмын.
"Қарбыздың ағын жесең, аузыңа жара шығады" деп үркітетін үлкендер.
avatar
Біздің ауылға да көлікпен алып келіп сататын. Ішіндегілер "Қарбыз аламыз" деп микрофонмен айтады да көшені шаңдатып өтіп кете береді. Біз ауылдың басынан қайта айналып келем дегенше күтіп тұрамыз. сосын әр үйдің есігіне тоқтайды, қарбыздың саудасы әйда қызады. Екі-үшеуін алып қаламыз. Общм, ауылдағылардың бәрі қарбыз алатын. Сосын қауын сатып Камаздар келеді. Мә, күшті еді сол кездер.… Еһ, .....
avatar
Камаздан дарбыз ұрлағаныңды жаз ұятсыз)))))))
@а63а1 ма еді, жол бойында қымыз сатып, бірдеңелер ұрлайтынбыз деп жазған? Әйтеуір қарағандылық екені есте қапты.
avatar
көзіңе тигізбей деп зарлайтын үлкендер. дым болмаған сияқты қазір есіме алсам.
avatar
Адамдар қарбыз һәм қауынды тандыр нансыз қалай жейді, түсінбеймін
avatar
нан қосып жейтінбіз. бірақ, тандыр немесе лепешкамен елестете алмаймын. былай да жегім келмейді лепешка. білмедім, ондайға үйренбегесін бе екен.
avatar
мен де нан қосып жегенді жақсы көремін, ерекше тәтті болады
avatar
иә, тандыр нанмен тәтті болады!
Сосын түбін қасықпен (көгі шыққанша) қырып жейтін ек.
avatar
Әр елдің салты басқа…
avatar
Ал мен «нанмен қалай жейді» деп таң қалам
avatar
Әсіресе суына батырып-батырып, батырыыып жесең ТЕЕЕМААА!!!
avatar
Жазылғанның бәрі бастан кештік. Рахмет, Аршаға. өзіміздің бақшада болса да көршінің бақшасынан талай қарбыз ұрлап, қолға да түскен ек.
Кішкене кезінде ағам екеуміз қарбыз шырынына таласқанда, жетпей қалатын еді, сосын соңында кәдімгідей ойлап, арман ететінмін, кейіііінн (ну, өскенде) қарбыз шырынын шығаратын зауыт ашам деп. Мәәә, неткен кездер… Ал, қазір ваще қарбызға қарағым келмид, желәние жоқ.
avatar
маған да қазір қарбыз ұнамайды. қауынды жақсы көремін. қауынның шемешкісін де табаққа салып, үйдің төбесіне қойып кептіріп, шағатын едік.
avatar
маған да қазір қарбыз ұнамайды. қауынды жақсы көремін
мен де, қауын жеу керек екен бірігіп
avatar
бийтіііііп, суын ағызып жик па?
avatar
екі-ақ смайлигім бар, өзің таңда)
avatar
Ал, қазір ваще қарбызға қарағым келмид, желәние жоқ
қассақша понт
avatar
Қарбыз жайлы менің мынау білгенім
Ананасын, асқабағын білмедім
Орта тұсын қасықпенен ойып ап
Тәтті суға қанып алып жүргенім
Қайран менің сол бір бала күндерім!
avatar
Кейде тамақ пен шәйдің орнына ыстық нанды /немесе бауырсақты/ қосып қарбызды ұрып алатын едік. Шіркін.
avatar
Мына сұрақтардыңың бәріне ия деймін. Екінші классты бітіріп жазғы каникул болатын. Август айының аяғында. Ауылдағы астық жинайтын складтар болды Жаңабаз деген жерде. Сонда нағашы жеңгеміз Қаншайым деген складщик болған болатын. Сонда бір складта жазды күні жемістер қойылатын қауын, қарбыз, қияр. помидор т.б. общым үйіліп тұрады. Содан 4-5 бөлелер болып қарбыз берш деп жеңгемізге бардық. Ол бізді жаңағы складқа кіргізді де кешке шығарып аламын деп кілттеп тастады. Содан қызыққа баттық дейсің бір  Қарбызды жерге бір ұрып жарып жіберіп қолмен ұрдық))) Содан енді түнімен ұйықтай алмай іш тесіп ауырып аунап жата алмай еңіредім. Пахан тұрып не болды ептібайымайтына салып боқтап орамалды салқын суға малып басты да ішке, сонымен таңға дейін жаттым. Таңертең дәрігер шақыртып қарады да ол, — ойбай мынау соқыршек қой ауданға операция жасау керек деп, газ-53 мініп алып мамамен ауданнан бір шықтық. Содан енді ол ештеңе емес, қызығы енді операция бастайын деп жатқанда свет сөніп қалмасы бар ма? Сөйтіп әйтеуір 2 сағаттан кейін свет те жанып операция да жасады ау. Сонда ана шекте толған қарбыздың шемішкісі дейт мамама көрсеткен
avatar
Біздің жақта баяғыда біреу қызанақтан іші өтіп, күзде отырған жерінен бірақ қызанақ жинаған еді)))) Бұл жайлы жастар сайтында жазып ем езінде
avatar
Тізіп шыққаныңның бәрі де болды, Аршат

Біздің балалық шағымыз өткен жақта судың тапшылығынан бақша салмайды. Қауын-қарбызды өзге облыстардан машинаға тиеп келіп, сол машина үстінен сатады. Қарбызды ұрлау үшін арнайы қылмыстық топ құрылатын. Топқа нағыз желаяқтар мен жаужүректерді қабылдайтын старшактар. Сосын қарбыз тиелген мәшін келгенде ырыздықтарымызды теру үшін кузовының жан жағынан лап беретінбіз. Олжамызды сол маңда теңдей бөлісіп соғып алатынбыз. Қазіргі қарбыздар сондай тәтті емес секілді көрінеді
avatar
Еңбектің наны тәтті деген ғой)))
avatar
Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
Осыларды ғана бастан өткізіппін. 4 жыл қатарынан папам қарбыз еккен. Ех, сондай қарбыздар қазір жоқ қой.((
avatar
Осы жылы әлі қып-қызыл қарбызды көрмедім. Бәрінің іші розовый. Ана кішкентай кезде қарбыз жеп болғанннан кейін, бет-аузын жумайтындарға, «бет-аузыңды жу, әйтпесе, жара шығады» дейтін.
avatar
Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз
Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
… осы жағдайлар болды . Маған басыбалды ұнайды, бірақ ол өте сирек кездеседі, нағашыларымның ауылына барғанда ғана жей аламын, онда да аз-ақ өседі. Әміре де күштііі
avatar
Сіз айтып жатқан қауынның түрлерін осы Алматы жақтың адамдарына айтсаң, бізге бәрі қауын дейді. Оларға аттарының еш маңызы жоқ.
avatar
Иә, басыбалды мен әміре, сосын Мырзашөл қауындары деген қауынның қызыл сорты бар. Бал татиды. Ондайды қатты мұздатпай, балмұздақпен жеп көру керек сияқты, солай сынап көргім келеді. Күшті болуы керек, меніңше. Балмұздаққа аздап корица сеуіп жіберіп.
avatar
Эһһ, Шымкентте жеген қарбыз-қауын еске түсіп кетті ғой… Балмұздақ мәселесі тамаша енді, өзіңіз мықты аспазшысыз-ау деймін Нұр көке?!
avatar
Жұмыртқаны қуырудың сексен сегіз түрін шебер меңгергенмін  Негізі, тамақ істесем демалып қалам. Процесстен.
avatar
Әміре деген сырты жасыл іші қызыл қауын ба?
avatar
Жаздыгүні үйден қауын-қарбыз арылмайтын, сондықтан ұрылыққа түсе қойғаным жоқ (бірақ, ағама еріп көршінің бақшасынан алма ұрлағаным есіме түсіп кетті), басқа этаптың бәрін бастан өткіздік қой))) Қазір сол кездегідей тәттііі қарбыз жи алмай жүрм..іші қызыл болғанмен, дәмі су татиды(((
avatar
Қазірдің өзінде қасықпен жеймін. Кешегіде қарбыз әкеліп үйде адам аз болған соң жартысы қалған болатын, соны әрі өтіп, бері өтіп қасықпен жеп өзім тауысқанмын.))))
avatar
қытайлықтар жартысы қалған қарбызды таяқшамен жейді екен
avatar
Үшінші тармақтағы тыйымды естімеген екенмін. Ұрлыққа бармадым, өйткені қарбызды ауылдан он-он бес шақырым жерде кәрістер өсіретін.
avatar
Ұрлыққа бармауыңның себебі ауылдан он-он бес шақырым жерде өсуінде ме, әлде кәрістердің өсіруінде ме, құрдас?
avatar
Үйге өзім ес білгелі бір қылқұйрықтың біткенін көрмегесін, 10-15 шақырым жерге жаяу барып, кәрістер тарапынан қуалануға құлықтың болмауында еді. Ұры-қарыны байқаса, мылтықтарын бытыраның орнына тұз толтырылған гильзамен оқтап, ататыны да бар еді оның үстіне
avatar
 қатыгездеу екен. Бірақ қайсыбірінің артынан жүгірсін. Бытырасы тыныш қой. Ендігәрі жоламайтындай етер болса
Ұрлықы қарбыздан кенде қалған болсаң, ең тәтті қарбызды жемеген екенсің ғой…
avatar
Биыл қарбыздар ұсақтау болып жатыр. 15 кг шығатындарын әрең табасың.
avatar
5-6 класс оқып жүргенде ауылға барғанмын. Сол кезде балдармен қоса үйге қарбыз ұрлап алып келгенім әлі есімде… Ұрлаған жеріміз екі үйден кейінгі үй, қазір қатты ұяламын, мені көрсе олардың есіне сол бір қарбыз түседі))))
avatar
-көршіміздің қызы тұрмысқа шығыпты
-қай қызы?
-баяғы біздің қарбызды ұрлайтын қызы ше…
avatar
Scheschesse)))))))))))))))))
avatar
ОЛАЙ АЙТСА ЖАҚСЫ ҒОЙ))))
avatar
Оныншы класта болу керек. Ия, оныншы сыныфта. Нән қарбыз алып (іші қызыл болсын деген оймен), ішіне екі бөтелке арақты шприцпен айдап, үш-төрт күн ашытып. Сосын, жағажайға апарып, мыңғырған халықтың арасында мас болғанымыз есімде…
avatar
Соғып жібердің! Екі үш күн күтпей со күні бірден жеген шығарсыңдар.
avatar
Қолды жумай көзді ұстаса кәдімгідей іріңдейді ғой, ешкім көрмеген бе?

Үүүлкен қара қарбыз жеп көрдіңіздер ме? Қарбыздың төресі сол ғой. Дәмі е, көлемі де керемет енді. Сабақтан шығып алып кластас қыздың үйіне баратынбыз он бір қыз. Бір қарбызды жарсақ та тауыса алмайтын едік. Ал, енді қазір дәл сондай қарасын, бірақ кішкентайын жеп жүрмін. Ең ауыр дегені бір жарым келі шығады.
avatar
қара қарбыз қысқа сақтайтыны емес пе? Бұрын ауылға сондайды ғана әкелетін.
avatar
dau ma? negizi kystyk ko, biz ony kuzde jeitnbiz
avatar
negizi kystyk ko, biz ony kuzde jeitnbiz
Қыста өсетінді күзде жеу… Сіздер де тауып алдыңыздар ма?
avatar
Негізі сақтап қоятын сорттары бар. «Байбай» дейтін сортын қыс біткенше сақтауға болады.
avatar
Қара қарбыздың жартысының ішін ойып жеп, мәтәсекілмен МАИ-дың алдынан маскировка жасап өткендер бар. Каска жоқ деп ыштырап салмас үшін.
avatar
«Дастархан басында отбасымен жеп отырған кезде, аузыңыздағы тілімге
қарамай екіншісін көздеп...»
Енді жеп отқаныңда басқа қайда қарайсың? Табақтағы қарбызға қарайсың, болмаса басқаның аузына қарайсың ғой.
avatar
1 рет болса да қарбыз ұрлап көрдіңіз, аха ұрлау операциясына қатыстым ағама еріп, бірақ машине толы қарбызды иесі біздің үйге түсіріп кетті))))
Жерге жарып, қолмен жеп көрдіңіз, жоқ бұлай еткенім есімде жоқ.
Көзіңе суын тигізбе дегенге қарамай көзіңізді ұстап көрдіңіз, бірақ сізге ештеңе болған жоқ, бұлай етпедім.
Дастархан басында отбасымен жеп отырған кезде, аузыңыздағы тілімге қарамай екіншісін көздеп немесе қолмен ұстап отырдыңыз, жоқ.
Қарбыздың ағына дейін яғни қабығына дейін жеп көрдіңіз, жоқ
Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз, әкем не ағам пышақпен туралап беретін шағындап, сондықтан суын ағызбай, бет аузымды бүлдірми жейтінмін.
Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз, ағам нанмен қосып жеген тәттілеу дейтін, екеуін де орындап көрдім))
Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз, іштім.
Шемешкісін кептіріп, шағып көрдіңіз, қарбыздың шемішкесі есімде жоқ, қауынның шемішкесін кептіріп шақтым.
Осылардың көбісі басыңыздан өтпеген болса сіз мамасы мұғалім, отличник бала болғансыз немесе жәй ғана лох болғансыз. Әлде басқа планетадан келгеніңізді мойындайсыз ба? мамам мұғалім емес, үлгілі оқушы болғаным рас, лохқа жата қоймайтынмын, өзіміздің планетаданмын ғо)))))

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.