Мультимедиалық интернет-журналистика курсы


Назар аударыңыз!
MediaNet халықаралық журналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды. 
Сабақ беру әдісі интернет-журналистика саласына қатысты көпвекторлы білімді игеруге және қолдануға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушылар интернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото, видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді.
Сабақ уақытында тыңдаушылар Орта Азиялық Kloop.kz жаңалықтар порталында тәжірибеден өтеді, ал курс аяқталған соң аталған онлайн-ресурстың тұрақты тілшілері болып саналады.
Жалпы сабақ және тәжірибеден өту мерзімі 5 ай.
Қатысамын деп ниет танытқандар қысқаша түйіндеме мен уәж-хаттарын 20 сәуірге дейін ziyadin@medianet.kz, vassilina@medianet.kz немесе info@medianet.kz адрестеріне жіберулері қажет.
Уәж-хат 300 сөзден аспайтын, еркін формада жазылған және келесі сұрақтарға жауап беретін болуы керек: Сіз бұл курсқа қандай мақсатпен келгелі отырсыз? Қандай бағыттағы білімді үйренгіңіз келеді? Барлық үміткерлер арасынан біз неге Сізді таңдап алуымыз керек?
Жоба «Клооп Медиа» ҚҚ (Қырғызстан), «ДАСТ БА ДАСТ» ҚБ (Тәжікстан), «Youth of Osh» ҚБ (Ош, Қырғызстан) ұйымдарымен серіктестікте, Орталық Азиядағы Еуразия Қоры және Еуразия Вашингтон Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.
Байланыс тұлғалары:
Дінмұхамед Зиядин – қазақ бөлімі, 2616669, 2721529, +7 702 490 17 67, ziyadin@medianet.kz
Василина Воркова – орыс бөлім, 2616669, 2721529, +7 701 549 98 58, vassilina@medianet.kz

Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/04/12/%d0%b8%d0%bd%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b5%d1%82-%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0-%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81%d1%8b/
Бөлісу:

12 пікір

qisyq
Сабақ тегін жүреді. Сәуірдің аяғына дейін Алматы қаласында тұратын курсқа қызығушылық танытқан жандар жоғарыдағы екі құжатты маған жолдаса болады.
asaubota
қазақ журналистер қызыға қоймайтын шығар, олар онсыз да біледі ғой бәрін.
qisyq
Рас сөз, ей богу.
Khan
Бес ай бойы не айтады сонда? Кезекті құрт оқулардың бірі емес пе?
qisyq
261 66 69 телефонына хабарласып, Димашты сұра, сосын «Мен керекинфолық Khan едім, бес ай бойы не айтасыңдар сонда? Кезекті құрт оқулардың бірі емес пе?» де. Жауап беріледі.
sammita
мен де звондайыншы:)
Қызығып отырмын. Мен мыналарды шынымен білмеймін. Бірақ «Барлық үміткерлер арасынан біз неге Сізді таңдап алуымыз керек?» деген сұраққа жауабым жоқ:)
qisyq
Жауап беріп қажеті жоқ, фотоңды жібере салсаң болды, шешімді өзім қабылдаймын.
sammita
бір «открыса»-ның суретін жіберіп, өзім бара қалайын ба кейін деп ойлап қоям бір жағынан:))))
qisyq
Нотариалды түрде куәландырып жібересің ғой.
edige
Бакеге бір ауыз айтсайш, Саммита! Сурет дайын мөрменен
Менің де оқығым кеботырше, бірақ күлер "Қартайғанда кәрі боз жорға шығыпты" деп
qisyq
Мына Бәке бәле болды)))
sammita
Алматылықтар баратын шығар, қалмаңыз.