Мен ұсынатын 3 кітап

  • Автор
Әр кітаптың өз тағдыры бар.
Мавр Теренциан


Германия-Қазақстан ойынын көріп, жүйкем жүн болып отыр еді, блогшылар (ілмектерді қараңыз) бір бастама көтеріпті. Алғашқы болып жазба жазу құрметі маған бұйырғасын, ережесін бір жолмен түсіндіре кетейін.

Тақырыпқа қарап, тақырыптың не жайлы тақырып болатынын түсінген шығарсыздар. Менің үш кітап ұсынған постымнан кейін, мен кезек берген блогшы өзінің үш кітабын «рекомендейді». Сосын кезегін келесі адамға бағыттайды. Сөйтіп, осындай аса күрделі және қиын процесс арқылы эстафета жүргізіледі.

Әзірге мен көріп отырған нәтиже мынау:

Бір. Блогшылар жаңа ақпарат алады.
Екі. Кімнің не оқитынын білу арқылы, анау блогшының «анандай» екенін, мына блогшының «мынандай» екенін болжайды, бағамдайды, бал ашады. Яғни болашақ оффлайн кездесуде бетпе-беп тұрған блогкердің бас шұлғыр бағытын білетін болады, бұл екінші пункттың тек бір артықшылығы.
Үш. Не оқимын деп кейде өзім ұлып кетемін. Сондайда таптырмас мәлімет, айықтырар ақпарат осы болмақ.
Төрт. Блогшылардың өз ара достығын нығайтады. Мұндай ортақ «жоба» біздің онсыз да жұдырықтай түйілген бірлігімізге оң әсерін тигізеді.

Қазірге осы. Алып-қосарларыңыз болса айтарсыздар.

Сонымен, мен ұсынған үш кітап.

1. Кітап атауы: «Арпалыс». (Орысша «Волоколамское шоссе»).
Авторы: Александр Бек.
Неге «Арпалыс»?
Соғыс деген не? Соғыс кезінде не болады өзі? Окоптан атып шығып, «уралап» жау шебіне қырғидай тию қаншалықты оңай? Кез-келген адам батыр бола ала ма?
Бауыржан Момышұлының мінезі сәтті шыққан туынды осы «Арпалыс». Кітап батырдың жазушыға айтқан әңгімелері түрінде жазылған. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызы» да теңдессіз дүние, әрине, бірақ, менің ойымша, Бектің кітабы нағыз соғыстың ұңғыл-шұңғылын барынша ашып көрсете білген. Ол жерде бәрі бар: қорқақтық та, достық та, зұлымдық та, ерлік те, шарасыздық та, үміт те, күдік те, қысқасы қиын жағдайға душар болған адамзаттың бойында қандай қасиеттер оянады, экрандағы емес, шынайы өмірдегі соғыс қандай болады — осының бәрі шебер жазылған. Бауыржанның Бекке әңгіме айтып отырып, өз-өзіне сынмен қарауы, әлгі табиғи шынайылықты аша түседі.
Қысқасы, екінші дүниежүзілік соғыс жайлы классика оқимын десеңіз «Арпалысты» ұсынамын.

2. Кітап атауы: «Атылған қыз туралы аңыз».
Авторы: Садықбек Адамбеков.
Неге «Атылған қыз туралы аңыз»?
Сатыбалды Багратионұлының хард-әдебиетін алғаш оқып отырып, "Қайдан көрдім осыны?" деген белгісіз бір сезім шым-шымдап шыққан болатын. Есіме енді түсіп отыр, Сатыбалды мен Садықбектің стилдері аздап ұқсайды екен, ИМХО. Әрине, Кербабаевтың керім әңгімелерінен кейін Адамбековтың «Атылған қызы» аздап алаңғасарлау болып көрінуі мүмкін, бірақ, мен Сіздерге осы кітапты рекомендеймін. Жанры «сатиралық» деген сыпатқа ие бұл шығарманы оқып отырып, тек күліп қана қоймайсыз, аса қиын шешу жолы бар математикалық теңдеудің түбіне жеткендей діңкелейсіз, себебі алақандай ауыл адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынасын түсіну миыңызға әжептеуір салмақ (ОЗУ-ыңызға байланысты салмақ деңгейі). Экшн, триллер элементтері де кездеседі. Өте қызықты кітап. Ұсынамын.

3. Кітап атауы: «Зират әңгімелері». (Орысша «Кладбищенские истории»)
Авторы: Борис Акунин, Григорий Чхартишвили.
Неге «Зират әңгімелері»?
Акунинның менің сүйікті жазушыма айналғанына біраз болды. Эраст Петрович Фандоринның басынан кешкендері туралы серия қатты ұнаған-ды. Содан дедектеп отырып барлық шығармаларын оқып шықтым. Жалпы детективке, қала берді мистикаға қызығатындарға Акунинды ұсынамын.
Ал «Зират әңгімелері» — маған ең қатты әсер кітаптарының бірі. Біртүрлі… қорқынышты. Біртүрлі… қызық. Бірнеше әңгімеден тұратын кітапта тарихи фактілер де, детективтік оқиға желісі де, аздап романтика да (білмеймін, мен көрдім әйтеуір :)) бар. Ұсынамын. Айтпақшы, Г. Чхартишвили мен Б. Акунин екеуі бір адам. Акунин тегі грузин жазушының псевдонимі. Акунин жапон тілінен аударғанда "қатігез, жаман адам" дегенді білдіреді, ұмытпасам. Өз философиясы бар оның да.

Мен кеңес берген үш кітап осы. Кезекті админ ағай — Аршатқа бердім.

qisyq

Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.

Ұқсас посттар

67 пікір

satibaldi
Шешесс…
qisyq
Қазақтардың санасы оянып жатыр, Сатеке.
aiargyn
Сен осы к...іңді қыса алмайсың ба НАҚ-САҚ-БАҚ! Бұл Сатыбалды жарымеске айтылған
aiargyn
Сен осы к...іңді қыса алмайсың ба НАҚ-САҚ-БАҚ!
satibaldi
Мен басжіберген сияқты неге ашуланасың? Үйленем деп уәде бермеп едім саған.
Zere
Ой, Димаш, молодес жігітсің ғой! ) Бірден қағып алып, түсініп жазып жібердің! Осы арқылы тағы интернеттен бөлек, кітап әлемін бағындыруды да қолға алсақ.
qisyq
Саған рахмет...)))
asaubota
мен көптен бері кітап оқымай кеткен адаммын. қазір қайтадан кітап оқуға уақыт бөліп жүрмін. мысалы қазір қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы кітапты оқып жатырмын. әлбетте ұсынғым келетін үш кітап бар, оларды ертең жұмыс кезінде жазсам ба деп отырмын жеке пост қылып.

кітаптарды қай дүкендерден алуға болады немесе интернетте сілтемесі бар болса, соларды да беріп отырайық.
qisyq
Аршат, енді кезек сенікі, бөлек пост жазарсың.
bekmur
Jaksy bastama! Birak kitap okymagaly kai zaman)) Tek korkem shygarmalar turaly jazu kerek pe, alde kalai...?)
Zere
Өзің білесің. Бірақ эстафетаны орта жолдан алып кету жоқ )) Кезегіңді күту керек. Саған біреу ұсынады, сол кезде жазасың. Әйтпесе бардак болып кетеді.
satibaldi
Тауешкілерге бола ма?
qisyq
Қаңтар айында туылғандарға ғана.
Zilola
ескерту!!! маған ұсынбаңдар!!!
кітәп түгілі сарғайған газеттің бетін ашпаймын :)
satibaldi
«AutoCAD для чайников», «SCALA за 24 часа» ше?
Zilola
өзім үйреніп алғам, библиясыз!
satibaldi
Жақсы көріп кетем ше сені, осындай моменттерде.
Zilola
бәрі взаимно ғо мырзам, мен де сізге тащусь :)
qisyq
Неге сарғайған.
Zilola
жаздың ыстық күні терезені қараңғылаудан сарғайып кеткен гәзиттер да :)
bekmur
alyp ketpek tugili, usyngan kezde jazar kitap taba almai kashyp ketem ba dep oilap otyrmyn ))
Zere
Тірлігін енді айқындалып жатыр )))
bekmur
kazir bir eki kitaptyn atyn, mazmunyn jattap ala salmasam))
VKM
Мен кезегімді күтемін)))
satibaldi
Не түрлі кітап ұсынарсың сен?
VKM
өзім білем)
satibaldi
240 теңгенің жылауық кітаптары шығар, вокзалда «Совершенно секретномен» қосып сатып жүретін.
VKM
иә) картинкасы бар,үлкен шрифтпен жазылған. Сіз сиқты Мақсат Кассар мен Жүніс Ву «Трамвай Голдуин Майердің»сценарийлерін оқиверем
balzaminka
жақсы бастама екен, сәттілік! арты сиырқұйымшықтанып кетпесе болар енді
bekmur
Siyr nemene? ))
balzaminka
тааак, бірнәрсе бұрыс кетті ме?
ken
siyrquiymwaqtandyrylmagandyqtarynyzdan (38 arip)
Orkenegro
о-о алақан ысқалап күтіп отырмыз)))) там-маса бастама!
asaubota
оффтоп үшін кешірім сұраймын, qisyq ұсынған кітаптар туралы дым пікір жоқ екен. мүмкін болса екінші кітапты қай дүкеннен алуға болатынын жазып жібересің бе?
qisyq
Өкінішке орай алғашқы екі кітап қайта баслып шықты ма, жоқ па, білмеймін. Мен кеңес одағы кезінде шыққан ескі кітаптардан оқып едім. Негізі соларды теріп, электронды нұсқасын салып қойса күшті болар еді. Қол босағанда отырамын ғой деймін.
VKM
Жалпы казнетте электронды кітапхана бар ма?
qonyrbai
Электронды нұсқасын жаздыңыз ба? ))
sammita
мына кітаптарды білмеймін, ал жалпы кітап сататын дүкендер Астанада: Абай көшесінде кітап дүкені бар, жұмысыңнан алыс емес. «Мега» дүкендер желісінде нешетүрлі кітаптар бар қазақша.
Abilakim
Садықбек Адамбековтың бұл кітабын бала кезімде оқып едім. Біраз беті бізге дейін жыртылған екен. Қайтадан еске салғаныңа рахмет. Бектің кітабын оқығанмын. соңғысын оқымаппын.
qisyq
Екінші кітаптың сырты ақсары ма еді?)))
Abilakim
басында ақ болса болған шығар, кірлеп кеткен сарғыштын…
Aikona
Шынымен өте жақсы бастама екен. Кейде қандай кітаптар оқысам екен дегенде жақсы сілтеме болады екен. Қисық ұсынған кітаптардың бірінде оқымаппын. Александр Бектің «арпалысы» үйде тұратын. Ашып қарамаппын да. Әкем қатты ұнатады сол кітапты.
kaztarih
өһ қандай өкінішті, қалай оқымығансың Волоколам шоссесі сөреңде тұрса да. Бұл кітап әлемдік әскери әдебиеттің шедеврі. Оқып шық міндетті түрде.
Abilakim
Оның жігіті уайанный емес шығар?
edige
«Арпалысы»Александр Бек
камасутраны бітірген соң оқып шығамын соны. Аты жаксы екен
Erkekyz
Ұятын-ай, кеттім кітапханаға. )))
edige
Ауылдан хабарын білуге келген апасына студент:
— Мынау библиотека, біз осы жерден шықпаймыз.
Кешкісін апасынан ақша алып қасындағы игротекаға кіріп бара жатыр дейд
monti
Атылған қыз туралы аңыз бұны қайдан алуға болады?
satibaldi
Аты интригует, ә?
monti
ну айтпаныз)))
satibaldi
Бұларға қоса, «Мәйітханадағы мәйекті әңгімелер», «Жеңгесіне ғашық қайны», «Туберкулез рентгенолог», «GPS-навигатормен адасқандар» топтамасын ұсынамын.
VKM
Бізге кезек келмейтін шығар, бұл жылы((((
satibaldi
Не түрлі кітап ұсынар деп, ешкім бермейд те саған.
VKM
кітап жағынан мен тәуірлеумін:))))
satibaldi
Иә, Коэльоны модадан қалмау үшін оқып алып, енді оны жариялағың келіп тұр білем, бозбала шағымызда біз де мақтаншақ едік.
VKM
жоғыыы, мен строго қазақша авторларды жазам. Иә, мақтаншақпын, ал!
satibaldi
Что и требовалось доказать. (орыс тілін принципиально білмейтіндерге аудармасы:«Дәлелдегім келгені де осы болатын.»).
VKM
Тааак… айтпасқа қоймадыңыз:
1. Менің жасым кіші болса да, оқыған кітаптарым көп. Сосын… орыс мектебінде оқығандықтан,ішінде сіз атын білмейтіндері де бар девойлаймын.
2.Ағлышынша,қытайша оригинал оқығанмын… ляляля
3.Шын айтам,қазақша тек өзіме қызығын ғана оқимын. Қуып, 6 бет табиғатты сипаттап кететін классиктердің кітаптарының аннотациясын оқып-ақ, не жайлы екенін біле саламын
4.Енді кезек келсе де жазбаймын.Сатыпалдының осы кезекшілігі ұнамады. кім еді өзі бүгін сол бовжүрген?((((
satibaldi
Ико ғо. Таныс болайықЧ. Сенің жер-жебіріңе жет деп тапсырып кетіп еді.
VKM
қазақшылық-ай… біреуге жаба салатын(
qisyq
VKM, жылап ал жылап ал, көңілің жеңілдеп қалады…
VKM
не дождетесь(((((
VKM
Не үшін екен?)
sammita
түүүу, аударманы өлтіресіз осы ше:))
Altygradus
Волоколамское шоссе бірнеше рет оқығам, бірі мектеп кезі, сосын универ кезінде де.
Қазір әдеби кітаптан мүлдем оқымайтын боп кетіппін.
Бірақ осы көптен орысша бір кітап оқығым кеп жүр еді, «Кладбищенские истории»ды инеттен тауып алдым, енді оқим Қисық рахмет.
«Атылған қыз туралы аңыз» қызық екен аты:) іздеп көру керек екен ҚЗға барғанда.
пысы: Иә дұрыс жапоншада акунин-залым деген мағына білдіреді, тек екпінді басқадай түсіреді жапонша, содан да жапоншадан алынған деп мүлдем ойыма кеп шықпапты да:).
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.