Көктемгі жеңіл пикап
Көктем келе жатыр ғой. Інішектерге қызбен сөйлесіп кетудің бір-екі амалын айта кетсем бе деймін. Қызбен танысу оңай, ал әрі қарай әңгімені жүргізіп кету, оған ұнау, сеніміне кіру, оны күлдіре алу қиын нәрсе негізі. Мынандай тәсілдер қолданатынмын:
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТӘСІЛ
— Ақтөбеденсің бе? (дейсің өз жағыңның атын айтып)
— Жоқ, ***дан. (Мысалы Қызылорда, Семей, т.б дейді)
— Ааа, мен әдемі қыздар тек Ақтөбеде болатын шығар десем… (деп өтірік таң қалған боласың)
— (ұялып күледі өзінше, сосын келесі сұрақты өзі қояды)
— Тек Ақтөбеде ғана емес қой әдемі қыздар. Өзің Ақтөбеденсің бе? (қыз уже әңгімеге дайын, өзі сұрақ қоя бастайды)
— Иә, Ақтөбеденмін. Сендер жаққа барып көрмеппін, барғым келеді. Қандай күшті жерлер бар? (деп оның өз жері туралы мақтануына мүмкіндік бересің)
МАМАНДЫҚТЫҚ ТӘСІЛ
— Мұғалім емессің бе?
— Жоқ
— Ааа, сені мұғалім екен деп қалдым
— Неге олай ойладың?
— Білмеймін, сөздерің анық, даусың жарқын және бір мейірім байқалады. Жақсы мұғалім бола алар едің деп ойлаймын
(Қыз әрі қарай өзін мақтауға кетеді. Негізі мұғалім болуға мүмкіндігі болғанын, кафедрада қал деп айтылғанын, бірақ мына жұмысты таңдағанын айтып кете береді)
ЗОДИАКТІК ТӘСІЛ
— Суқұйғышсың ба?
— Жоқ.
— Ааа, Суқұйғыш шығарсың деп қалып едім…
— Неге олай ойладың?
— Ақылды қыз сияқтысың. Суқұйғыштар ақылды болады ғой
— Жалғыз Суқұйғыштар ғана ақылды ма не? Балықтар да сондай (деп өзін өзі мақтауға кетеді. тек тыңдап отыру керек шыдап)
Жалғастырамыз
Қалай сонда?
Шылым шекпейтін дегенім ғой!
Ол енді адамның өзіне байланысты ғой. Сосын шылымның зияны туралы әңгімелер өрби жөнеледі. Ал шегетін қыз болса, «ой енді, иә енді әлгі, дұрыс ғо енді» деген сияқты сөзінен ұсталып отырады, сонда да мақтауды жалғастыра бересің
-Сәлем сұлу қыз, қалың қалай?
-Привет. Осы сен үйленіппең?
-Жоғи, селкі қыз табылмай жатыр, сөз салмаған енді сен ғана қалдың!
-Хи-хи-хи, ки-ки-ки, қойшы қайдағыны айтпай, май шаммен іздесең де таппайсың оларды (кішкене бозару бар бетінде) қуасың сен.
-Саған үйленейін десем қорқам
— Неге?
— Өзі селкі, өзі сұлу қызға қол жеткізіпті деп елдің тіл-көзі тиеме деп.
— Хи-хи-хи, ки-ки-ки, қойшы қайдағыны айтпай, айттым ғой саған май шаммен іздесең де таппайсың оларды (кішкене бозару бар бетінде) қуасың сен, ки-ки-ки…
Әжетхана жақта танысымды кездестіріп қап қауқылдасып жатсам анадайда ала көзімен ата қарап тұр екен, теріс айналыңқырап едім, жон арқамнан ине сұғып жатқандай әсер алдым…
— Егер осылай қылжақтап, жұмысыңды дұрыс істемесең, бастыққа айтып қоям (дауысында еркелігі басым)
— Білесің бе, мені жұмыстан шығарғың келсе, оңай жолы бар.
— Қандай?
— Егер күнде осылай мини юпка киіп келе берсең, мен жөндеп жұмыс істеуден қалам, ал жұмысты дұрыс істемеген адамға бастық әкесін танытатынын білесің.
— Хи-хи-хи-хи, кетш бар, жігіттердің бәрі бірдей, өзгермейсіңдер.
— Рас айтам…
— Хи-хи-хи-хи, кетш бар. қайдағыны айтасың, хи-хи-хи… ужыс-ужыс, (беті бал-бұл жайнап кетеді,)
Студент кезде істейтінбіз. Кіресің, отырасың, айналаңа қарап біреуін тауып алған соң соның жанына ауысасың
сәлден соң «кітапты көруге бола ма?» дейсің, сәл аударып қарайсың 5-10 минуттай. Қыздар сезімтал, сенің анадай жерден бекер келмегеніңді, кітабын бекер сұрамағыныңды түсініп отырады. Көзінің қиығымен әлбетте сені әлдеқашан зерттеп қойған. Сен кітапты ең соңынан, яғни әдебиеттер тізімінен бастап көріп, оқымыстылығыңды бір көрсетіп қоясың Сосын сәл отырып бір жапырақ қағазға «сәлем» деп жазып жібересің. бітті. Жауап бермеген қыз көрмегем
Автобустан шықпай жатып та таныса салуға болады, варианттары өте көп қой, тек фантазия керек немесе бәрін алдын-ала ойластырасың «охотаға» шыққандай.
Дүкенші қыздармен де танысуға болады, әсіресе сол дүкенге жиі барсаңыз. Бастапқыда сұрақтар қоя бастайсың, шікірейіп жатса, іштей «ладно» деп кете бересің, келесі келгенде сен үндемей шікірейіп тұрасың, өзі сұрақтар қоя бастайды
И это абсолютно нормально. До определенного возраста
Ал енді екеуін табыстыра алмай әлекпіз. Былай енді сырттай бір-біріне қызығушылықтары бар, жақсы үйлесетін сияқты. Бірақ контакт реті болмай тұр. Екеуі ортақ туысқандардың үй ішінде кездеседі анда-санда, болды.
Қыз көп ортасында жүреді, жігіт оны толпадан шығара алмайды. Жақсы делік.
Енді кафе-мафеге шақырмай ма екен?
Қыз тарапынан да бейқамдық бар, Жігіт — медик. Ең болмаса, кәсіби мейрамда смспен құттықтау жібер дейміз ғой, түсінбейді «зачем?» деп.
Қысқасы, бір Хитч керек екеуіне…