Желтоқсанда ай туады солынан...

(20 жылдыққа қатысы жоқ, 5-6 жыл бұрын жазылған)

ЖЕЛТОҚСАНДА АЙ ТУАДЫ СОЛЫНАН...
(Қайрат Рысқұлбековтың атынан)
Болған!
Бәрі де болған ¬-
Колбиннің кезінде...

Темірхан Медетбек



Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Әрі қарай

Мағынасыз мелодрама

Титтейден-үлкенге, үлкеннен титтейге талпынып,

Талықсып қалатын Үмітім,

Сабаңа түстің бе, Мәнсіздік мәні де сарқылып,

Жүйкеңнің талшығын тауысып күні-түн.
Әрі қарай

Біреудің әйелі...

Сүйірі — сиректеу, бұрыштар — доғал тым.
Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын.
Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп,
Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым.
Әрі қарай

Бір жаққа

Тұқылындай шала тұтанған шылымның,
Бір өкініш өртеп отыр өзекті.
Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.
Әрі қарай

...тірі болсам...

Қою қара іңір…
Менің көгім күрсінеді
Талып жетіп құлақтарға дауысы…
Қалаға әрең жеткен бұл дыбыс…
Жаңғыртады не себептен тау ішін…
Әрі қарай

Кешіріңіз...

Біз жиектен жылай құлаған,
Метеорит — сый боламыз.
Жерде де жанарын жасқа бұлаған,
Пендеміз күннен, түннен, сырт-сырт сағат үнінен — Жиған аңыз.
Әрі қарай