№ 5 эстафета: Өлеңді аудар

Бұл кімнің өлеңі екенін білесіңдер барлығың. Барлығын аудара алмасақ та, үзіндісін болса да, көрейік тырысып.
Если друг оказался вдруг
И не друг, и не враг, а — так,
Если сразу не разберешь,
Плох он или хорош,-
Парня в горы тяни — рискни!
Не бросай одного его,
Пусть он в связке в одной с тобой — Там поймешь, кто такой.

Если парень в горах — не ах,
Если сразу раскис и — вниз,
Шаг ступил на ледник и — сник,
Оступился — и в крик,-
Значит, рядом с тобой — чужой,
Ты его не брани — гони:
Вверх таких не берут, и тут
Про таких не поют.

Если ж он не скулил, не ныл,
Пусть он хмур был и зол, но — шел,
А когда ты упал со скал,
Он стонал, но — держал,
Если шел за тобой, как в бой,
На вершине стоял хмельной,-
Значит, как на себя самого,
Положись на него.
Әрі қарай

№4 эстафета: Өлеңді аудар

Қазақша үйренейік: №4 эстафета: Өлеңді аударӨлімші болып ұмтылған соң ба, әлде бәсекелестік аз болған соң ба №3-ші эстфетаны жеңдім. Ал шабыңдар. Гетеден бір өлең.

Помню, как она глядела —
Помню губы, руки, грудь —
Сердце помнит — помнит тело
Не забыть. И не вернуть.
Но она была, была!
Да, была! Все это было:
Мимоходом обняла —
И всю жизнь переменила.

Сілтеме
Әрі қарай

№ 2 эстафета: өлеңді аудар

Daniar-Alan берген екен кезекті маған. Миларыңызды аздап шынықтыруға қалай қарайсыздар? Мынаны қалай аударуға болар екен ә?

Нам с вами некого винить
Было что было не изменить
Утром в соломе и в пыли
Что же мы с вами наделали
Утром в соломе и в пыли
Что же что же наделали

сілтеме
Әрі қарай

Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Көк аспан сол жылы көктемде
Шуағын өзіңе төгеді.
Ал қазір мен саған жыр жазам
Белгісіз боп келген дерегі.
…Кейде шын тиеді көмегі
Жазылмай қалса ақын өлеңі.
«Сөздер көп, асықпа,
Себебі,
Оны айтпау еш мүмкін емес боп
Тұрғанда ғана сен айтқайсың»
Высоцкий осылай деп еді.
Ал ол бос сөйлемес ер еді.
Ой мейлі, артығы, не кемі,
Қолымнан жыр жазу келеді.
Ал сенің келеді қолыңнан
Сол жырдың бола алу себебі.
Менімен, болмаса не менсіз,
Бәрібір көктемің келеді. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Мен білем, көктемің келеді
Әрі қарай

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай

Таныстырсам өзімді...

Таныстырсам өзімді… Астаналық Керекшілер арасында мем болып келе кеткен тақпақбасы. Осыны енгізген aza бауырымыз жалғасын айтпай жүр. Келіңдер көмектесейік. 4 жол өлеңдер жазайық, үздікті aza өзі таңдасын.

Блог - asaubota: Таныстырсам өзімді...

Үлгі керек болса мыналарды бір шолып шығыңыз:

Таныстырсам өзімді Нұртлеуова Жаңыл деген.
Математика пәнінен дәріс берем.
Қиынын мамандықтың таңдап алдым.
Болғасын қыр-сырына тереңдеген.
Әрі қарай

Әзіл тәпәқ боса...

Керекке керек жандар! Ал, шабыттарыңызды байқайық. Өздеріңіз шығарған қызықты өлең, тәқпәқтәрыңыз боса бөлісіңіздер. Әлде уақыттарыңыз жоқ па? Бірақ мұнда «ерікпеш» дейтіндер де табылады. Кім сүйтіп айтат, сол — қатын. Айтып қойдым!

Базардан киімдерді көп көресің,
Ұнағанын үстіңе кип көресің
Ал бағасы 48 мың дегенде,
Сол киімді өмір бақи жек көресің.

Тамағым менің ауырып тұр өте қатты,
Айқайлап оқыдым мен мына хатты.
Айқайламай оқиын десем бұл хатты,
Айқайлап жазыпты ғой мамам хатты.

Жалғастырамыз…
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай