КҮРСІНІП АСПАН

Күрсініп Аспан,
Күңіреніп Жердің жүрегі,
Күдікті ойлар басыма қайта түнеді.
Күзгі бақтардың көкірегінде түн қалғып,
Көшені кезіп… каңғыбас бір жел күледі.
Сағыныш-бұлбұл санамда сайрап бұл түнде,
Қызғаныш-төбет ми бөлмелерін
Әрі қарай

Махаббатсыз - дүние бос.


Соңғы кездері өмірімнің астан-кестеңі шықты. Сезімге тым қатты беріліп кетіппін. Ойда сан түрлі сұрақтар, армандар т.б. кетер емес! Адамның жүрегі нәзік екен, кезінде бір өлеңді оқыған едім, өлең былай басталатын еді:

Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйіңнен шыға көрсін деп!
— тура сол жағдай менің басымнан өтіп жатыр, жынды адамға ұқсат бір парақты ұстап алып, сол жанның атын шимақтап отырамын.
Әрі қарай

Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер

Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Әрі қарай