Соңғы көш (екінші бөлім)

Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» романында 1962 жылғы жаппай көшу суреттеледі. Сол соңғы көшпен келген жұрттың арасында сегіз жасар екі бала, менің әкем мен шешем де бар екен.
Әрі қарай

Соңғы көш (бірінші бөлім)

Сержанмен таныстырған жазбадағы коменттерден кейін ұққаным: қазақ тарихындағы үлкен оқиға, 1962 жылы Қытайдан қазақтар көшіп келген соңғы көш туралы көп біле бермейді екенбіз. Менің де білетінім көп емес, бқл тақырыпты арнайы қарастырған адам емеспін. Тек оқығаным мен естігенім ғана. КерекИнфо болар, бөлісе отырайын.
Әрі қарай

Оралмандар оңбағандар!!!


Дархан Бейсенбекұлының "Қызылбастылар еліндегі қазақтар" деген мақаласын оқып отырып, осы сөз есіме түсті. Бұл сөзді алғаш естігенде төбе шашым тік тұрып еді. Ойпырымай, қай оралман не бүлдіріпті деп?! Жалпы қазақ баласы оралман деген сөзбен таысқалы биыл тура 20 жыл болмақ. Мүмкін қателесетін де боламын. Өйткені мен әлі тумай тұрған кезде, сонау 68 жылдары ғой деймін шекара ашылып, Қытайдан біраз қазақ келген еді. Бірақ, оларды сонда оралман деп атағанына күмәнім бар. Кім біледі? Атаса, атаған шығар. Сатқын, қашқын, предатель!.. Естімегені жоқ қой… Қалай десе де, болары болып бояуы сіңіп кетті. Тарих тамырын тереңірек зерттегендер, кімнің, қалай, не үшін шет асқанын біледі. Оларда сөзім жоқ. Құранда айтылған «білгендер мен білмегендер тең ба?» деген аят есіме келеді осындайда. Жалпы, оралмандар туралы бүгінде көп айтылады. біреу жақтаса, біреу даттайды. Сондай бір пікір майданы мына жерде.
Әрі қарай