Көрісу мейрамы немесе батысша Наурыз



Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының батыс аудандарында бүгін 14 наурыз Көрісу мейрамы. Бұл күні адамдар алдымен өз үй-ішімен, сосын көрші-көлем ағайынды жағалап көрісіп шығады. Көрісуге келген балаларға үлкендер тәттілерін дайындап қояды.

Көрісу күні қайдан шықты және неге 14 наурыз?
22 наурызда тойлап жүрген Наурыз мерекесін негізі бізден басқа елдер 21 наурыз күні тойлайды. Біздің аталарымыз да 21-іне 1 апта қалған кезде мал-жандарын түгендеп, қыстан аман шықтық па деп бір біріне барып, қал-жағдайларын сұрап, көрісіп қайтатын болған. Яғни көктем келіп қалды, Наурыз келіп қалды деп, бұл қуанышты 1 апта бұрын тойлай бастаған. Сондықтан да Көрісу деп аталады.
Әрі қарай

Наурыздағы оқиға



Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай, бір кездері "Ұлан" газетіне жарияланған "ірі" туындыларымның бірі — «Наурыздағы оқиға» атты өлең ертегімді ұсынғым келіп отыр. Аршаттан қалыспайын деп скәнірленген нұсқасын да салып қойдым.

Наурыздағы оқиға

Үйрек-қалпында емес ©

Аязды ақпан кетті де,
Наурыз келді күлімдеп.
Күн сәулесін төкті кеп,
Аямады нұрын көк.

Сақылдады сауысқан,
Бар тіршілік оянды.
Жар салуға Арыстан,
Жұмсады сұр Қоянды.

Шарлап Қоян тоғайды,
Деді:
— Асыр сап ойнаймыз.
Алаңда ең қолайлы
Наурыз тойын тойлаймыз.
Әрі қарай

Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Әрі қарай

Ой-түрткі...

Блог - TOTY: Ой-түрткі...

Желтоқсанның 31-і күні түске дейін жұмыста отырдық. Қырып жұмыс бітіргеніміз шамалы, бір бірімізге барып шай ішуден аспадық. Түске жақын кабинетке миығынан күліп әріптесім Альмира келді. Қолында қос парақ дәптердің беті. Яғни, хат. Баласы Руслан жазыпты. Кімге дейсіз бе? Сезген шығарсыз…әрине, Аяз атаға. Хат: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Мен Семей қаласындағы №37 мектептің 2 сынып оқушысымын. Атым Руслан. Жаңа жылда сізден өтінерім: ата-анамның жалақысын көтерсеңіз екен, себебі, компьютеріме «Трон» ойынын сатып әпергендерін қалаймын» деп басталады. Русланның ата-анасы бізбен әріптес. Сөзінің жаны бар, біздің мекеме мемлекеттік бюджеттен тыс Акционерлік қоғамға жататындықтан, 2 жыл бойы жалақы өсуін үмітпен күтіп жүрміз. Жә, оны қойшы.
Бұндай басқа да отбасыларда кездесетін жайт шығар. Негізі, хатты оқып, ойға шомдым. Балалық шағымда Аяз атаға сендім бе? Сенген сияқтымын. Нақты есімде жоқ. Осылай хат жазып көрдім бе? Жоқ. Мектеп шыршасында тақпақ,ән айтқан балаларға ұсынатын 5 тал кәмпитіне разы болатынбыз. Қазіргі балалардың Аяз аталары да «крутой» ма дедім, әр баладан жеке –жеке тапсырыс қабылдайтын. Әйтеуір, бөбектердің үміттері үзілемесе болғаны…
Әрі қарай