Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп



Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
Әрі қарай

"Қыс жақындап қалды"

Интернет-мемге айналған осы ұранмен мен де ауырып қалдым.
Атышулы «Игра престолов» сериалына негіз болған Джордж Мартинның «Песнь Льда и Пламени» атты сагасы күндіз көз алдымдағы монитордан, түнде түсімнен кетпей жүргеніне көп күн болды. Бас-аяғы жеті бөлімнен құралатын бұл қантөгіс оқиғаның әзірге бес кітабы дайын, екеуіне автор әлі толғатып жатыр екен.
Игра престолов, Game of Thrones, Эмилия Кларк, Emilia Clarke, плечо, дракон
Википедияда дайын тұрған толық мәліметті бұл жерге көшіріп жату нелеу болғандықтан, жай алған әсерімен бөліспекпін. Оның өзі екі-ақ сөз: Керемет шығарма! Завораживет! Бір минут та жалықтырмайды. Киносын көрген болсаңыз, кітаптарын оқуға да ерінбеңіз. Әсіресе орта ғасыр атмосферасындағы шым-шытырықты оқиғаларды, үлкен сарайлардың құпиялары мен ондағы интригалар туралы оқығанды ұнатсаңыз. «Песнь» туралы айтар көп, бірақ айтсам, спойлер болып кетпекпін. Ал спойлерді, как известно, тозаққа да қабылдамайды
Взапой оқитын фэнтезимандарға ескерту!
Малың өріссіз, әйелің махаббатсыз, күйеу кешкі ассыз қалу қаупі бар. Көзің тайып кетсе үйді көшіріп жіберетін мазасыз жүгірмектерді вообще таппай қаласың.Кітапқа кіріспес бұрын телефоныңа «ескерткіш» (напоминалка?) қой.
Әрі қарай

Ойдан шығарылған компаниялар

«Америка -анау, Америка — мынау». Бірақ бәрібір американың мәдениетіне тас ұрамын. Айталық, кино өнеріне. Ал киноларының ішінде өз тасым — қайдағы ойдан шығарылған компаниялар үшін фирстиль, логотип, тіпті дресс-код жасайтындары үшін қатты құрметтеймін. Өзімше, кино қымбат болуы тиіс деп есептейтінім де сол. Қаззақтар мен олардың өзбек мердігерлері бұлай ешқашан кино түсірмейді, түсіре алмайды да. Тіпті кино түсіруді қылмыс деп жариялап, тиым салса екен деймін. Одан өткен мәдени қылмыс болатын киноларды ендігәрі көрмеу үшін,
Әрі қарай

Кино жаңалықтары - 28 ақпан 2012

ЛОС АНДЖЕЛЕС. Кино жүлделерінің Оскары болып саналатын Оскар жүлдесінің марапаттау салтанатты шарасы өтті.

АСТАНА. "Ұлттық құндылықтар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ақал Теке Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмін көрмегендерін, бірақ сынауға дайын екендерін мәлімдеді.

АЛМАТЫ. Кинорежиссер Рақышевтың достарының көбі оның режиссер екенін білмейді екен. Талантты режиссердің не үшін бүгінге дейін жасырып келгені белгісіз.

АСТАНА. Қазақ кинематографиясына ауыр соққы! «Жетімдер» фильмі енді сериал болып шықпақ, ал «Айша» сериалы жеке фильм болып түсірілмекші.

ҚЫЗЫЛОРДА. «Сыр ақшамы» газетінің тілшісі Эльмира Қуанышқали інісінің ескертулерін елемей, кино тақырыбындағы мақалаларының астына өзін әлі де кинолог деп жазып жүр.

ШЫМКЕНТ. «Көшпенділер» фильмінің фанаттарына «Көшпенділердің кітабы шықты» деп Есенберлиннің романдарын сатып жүрген алаяқ ұсталды. Еш жерде жұмыс істемейтін 28 жасар алаяқтың үйінен тағы бірнеше кітаптар табылды. Қазір ол кітаптардың қай фильмдерге тиесілі екені анықталуда.
Әрі қарай

Заң не үшін?

Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңынан

________________________________________
ҮЗІНДІ:
________________________________________

28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.
3. Прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) барлық фильмге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілінде дубляж жасалуға тиіс.
Кеше кинотеатрға барып келдім, қазақшаның исі де жоқ.
Әрі қарай