Бұл тек Керекинфоға ғана тән емес!


Керекинфоны неге «спартандық мектеп» дейді? Ойлап қараңызшы!

Өш, сөйтіп пафосты прологпен бастап тұрсам ия… :*) Ешкім де бізді «спартандық мектеп» демейді. Өзімізге өзіміз сондай атақ тағып алмасақ. Керектің Дарвинисттік табиғи сұрыпталу заңымен «Спартандық дисциплинаны» салыстыруға келмес. Өлгенде, Спартандықтардың мақсаты болды ғой, максы құрғыр.
Әйтсе де, Керекинфоны хаос мекені демес едім. Және біздің ұлтшыл радикалдармен ұқсас жерлеріміздің де көптігін байқадым. Төменде «неге олай» екенін негіздемек болып тыраштанғанымды байқайсыз.
Әрі қарай

КерекИнфо қолданушысы, кім ол?



КерекИнфо қандай сайт?
КерекИнфо Livestreet CMS арқылы жасалған блог жүйесі. Бұл форматта коллективтік блог (қауымдастықтар) және жеке блог жүргізуге болады. Ешқандай техникалық білім қажет емес. Тіркелген қолданушы бірден өз блогына мақала жаза алады, сурет, сілтеме, аудио, видео қоса алады, сауалнама жүргізе алады. Сондай-ақ бұл жер еркін пікірталас алаңы. Пікірталас бар жерде әрине оффтоп та флуд та болады. Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу.
Әрі қарай

Экономика негіздері. Кіріспе

Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан(«one who manages a household» дегенді аударған түрім). Бір қарағанда экономика мен хаусхолд екеуі байланысты секілді көрінбеуі мүмкін. Дегенмен күнделікті нанды кім пісіреді, отты кім жағады деген нәрселер үй иесінің назарында болуы секілді қоғам әрбір нәрсе үшін шешім қабылдауы керек.
Әрі қарай

Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар!

Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз
Әрі қарай

КерекИнфо сіздің қолдауыңызды күтеді



Құрметті Керекшілер, сайт хостингіндегі орынның азайғанына байланысты, ұлғайту және келесі жылға создыру мақсатында сіздерден қаржылай көмек сұраймын. Бұл сайт ешқандай ұйымның немесе бір демеушінің көмегімен тұрған сайт емес. Өзіміздің сайтымыз. Сондықтан мүмкін болса келесі айдың басында әр қолданушыдан 500 теңге көлемінде көмек сұраймын. Бере алмасаңыз да ешкім ренжімейді, ерікті түрде барлығы.
Әрі қарай

Жаңа блогерлер және сыншы коментаторлар

«Новичок» болған соң енді рас, сынап-мінеу бізге ауадай керек. Бірақ кім болса соның тәкаппарлана, сені жер қылып масаттанып сынағаны емес, оқығаны көп, шынайы, тілеулес сыншылар керек.
Өзімізді мақтайтын адамды іздемеуге тырысамыз — олар дамуымызға пайдасы шамалы. Ең мықты сыншы жазғаныңды жіліктеп, талдап, қай жер сәтті, қай жері сәтсіз шыққанын ашып айтады. Әйтсе, де ол жалаңсөзбен емес, анықтап, мысалдар келтіріп айта алады. Бірден басыңа айдар тағып, ит қосып қуа жөнелмейді. Ол еңбегіңізді, шығармаңызды жөнге келтіруіңе көмектесуге тырысады. Кеңесін аямайды.
Әрі қарай

4000



Керекинфоның осы форматының ашылғанына 7 айдан асты. 7 айда 3980 мақала жазылыпты. Жақында 4000-шы мақала келе жатыр. Бұрын 1000-шы мақаланы @blackbeard жазған екен, Бір бала деген ән туралы. Ал 2000 @qisyq-тың Аппақ қызы. 3000-шы мақала сәтсіз болған ба, өшірілген екен. Енді осы жақында 4000 келеді.

Ал, пікір саны 74 мыңға жақындап қалды. Күніне орташа есеппен 20 мақала жазылып, 350 пікір білдіріледі екен. Жаман емес.
Әрі қарай

Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай

Керек сайт

Керек инфоға күніне бір рет те кірмеймін десем, өтірікші болармын. Күнде ертеңгісін поштамнан соң кіретін сайттардың бірі. Өткен әзірде керек сайтымыз жабық дегенде, „жоғарыдан„ келген пәле деп топшылап едім,
Әрі қарай