Ит

Таңатар аға әйелімен егістікте егін орып жүрген еді. Кішкентай балалары Құтжолмен итімен бірге егістіктің шетіндегі ағаштың астында ұйықтап жатқан болатын. Демалу үшін ағаштын жанына жеткендерінде, қорқынышты көрініске тап болды. Балалары аударылып, етпетінен қозғалмай жатыр, ал Құтжол үсті-басы қан күйде қыңсылап тұр еді. Таңатар аға ашуланып кетті. Құтжол баланы талап тастаған екен деп, қолындағы тырмамен басынан қойып қалғанда, байғұс Құтжол жер жастанды.
Әйелі баланың сап-сау екенің, тәтті ұйқы құшағында жатқанын айтқанда, аңырып тұрып қалды. Анадай жерде үлкен жыланның өліп жатқанын көргенде, Құтжолдың сонымен айқасып жараланғаның, әрі балаларын өлімнен құтқарып қалғанын түсініп, қатты өкініп қалды. Таңатар аға Пайғамбарымыздың мына бұйрығы бойынша әрекет қылғанында, қандай бақытты болар еді:
Алдын-ала ойлап әрекет жасау - Аллаhтың ісі, асығыс тірлік - Сайтанның ісі.
Әрі қарай

Момо Таро

Ерте бір заманда ата мен апа өмір сүріпті. Ата күнде тауға ағаш бұтақтарын жинау үшін кетеді екен… Ал әже өзенге кір жууға барады. Бір күні әже кір жуып жатқанда өзен бойымен өте үлкен шабдалы ағып келеді. Әже қатты таңғалып, «мынау өте үлкен шабдалы ғой! Мұны үйге апарып атамен бірге жейік»,-деп шабдалыны алып қайтады. Кеш болғанда ата таудан оралады. «Атасы, мынаны қарашы. Үлкен шабдалы»,-дейді әже. «Иә, шынында үлкен екен»,-деді ата. Ол қатты қуанып кетеді. «Атасы, мынаны бірге жейік»,-деп әже шабдалыны кеседі. Шабдалының ішінен сүйкімді бала шығады. Ата мен әже таңғалып қалады. «Ой, бала шықты ғой! Денелі, сау бала екен!» Екеуінде бала болмағандықтан, қатты қуанып кетеді. «Мына бала шабдалының ішінен шыққандықтан ата Момо Таро болсын»,-дейді ата. Сөйтіп, Момо Таро әже мен атаның баласы болады. Ол тамақты көп жеп, үлкен, күшті болып өседі.
Сол кезде Момо Тароның ауылына жаман мыстандар келіп, адамдардың бүкіл ақшасы мен бағалы заттарын алып кетеді. Ауыл адамдары өте ыңғайсыз жағдайда қалып қалады. Сол мыстандар Онигашима аралында өмір сүреді екен. Бір күні Таро атасы мен әжесіне «Мен әлдеқашан кішкентай бала емеспін. Мен Онигашимаға барып мыстандармен күресіп, ұрланған заттарды қайтарып келемін»,-дейді. «Бұл өте қауіпті ғой, қой»,- дейді атасы мен әжесі. «Бәрі де жақсы болады»,-деп Таро өз айтқанынан қайтпады. Сөйтіп атасы мен әжесі оны жібереді. Әжесі шелпек пісірді, ал атасы «Ниппоничи» деген жазуы бар жалау жасап берді. Таро оларға рахметін айтып, жолға шықты.
Кішкене жаяу жүргеннен кейін алдынан үріп ит жүгіріп шықты. «Момо Таро-сан, мынау не нәрсе?»- деп, ол шелпекке көрсетті. «Бұл – өте тәтті шелпек»,-деді Таро. «Онда мағанда біреуін бересіз бе?», «Иә, әрине»,-деп Таро итке шелпегін береді. «Мен қазір Онигашимаға бара жатырмын. Мыстандармен шайқасамын»,-деді Таро. «Онда мен де сенімен бірге барамын»,-деп ит, Момо Тароға қосылды. Жолда Таро ит сияқты маймыл мен қырғауылды кездестіріп, олармен бірге сапарын жалғастырады. Сөйтіп олар теңізге келеді. Онигашимаға жету үшін қайыққа мініп, теңізді өту керек. Қайықта отырғанда қырғауыл аралды көріп қояды.
Таро мен достары аралға жеткенде мыстандар саке (жапон арағы) ішіп, өлең айтып, кейбіреулері ұйықтап жатыр екен. Таро мыстандарды көре салып «Мен Момо Таромын. Жапониядағы ең мықты баламын!»,-деп, катанасын шығарып, мыстандармен шайқасты бастады. Ит те мыстандарды тістелеп, маймыл тырнап, қырғауыл шұқып, бәрі бірге күресті. «Ауырып тұр, ауырып тұр»,-деп мыстандар жылады. Олардың күресетін әлдері қалмады. Мыстандар «Біз енді жаман болмаймыз! Ауыл адамдарының заттарының бәрін қайтарып береміз»,-деді. Таро, ит, маймыл мен қырғауыл барлық заттарды алып ауылдарына қайтып келеді.Ауыл тұрғындары, атасы мен әжесі барлығы қатты қуанады. Олар осыдан бері Момо Таромен қуанышты да ұзақ өмір сүріпті.
Аударған: Іңкәр
Әрі қарай

Атыраудағы кездесулер

Соңғы айда Атыраудағы кездесулер саны біразға жетті, ішінде ресми, бейресми түрлері, сайтқа жария болған не жігіттермен жай пибі ішкен деген жариясыз кездесулер көп.

Соңғы Мақпал келіп кеткеннен соң осы қауымдастықты ашып отырмыз.
Кезекті кездесу 17 тамыз күні, Мақпалдың қайтар шағында болады деген болжам бар.
Қатайып қалған дата емес, оған дейін біреу-міреу келіп не ұсыныс тастап жатса шыға береміз.
Әрі қарай

Мышық пен ит

мен мышықты (біреулер мысық дейді) «піш-піш» деп шақырам. бір Жезқазғанның жігіті «міш-міш» деп шақырамыз дейді. соған қарағанда «піш-піш», «міш-міш» деген сөздер мышық деген сөздің қысқартылған түрі сияқты. Шымкенттік жігіттен сұрап едім «кис-кис» дейді.
ал бізде итті «кә-кә» деп шақырады. «кел-кел» деген сөздердің қысқарған түрі ғой деймін. әлде «комне» немесе «камон» деген сөзден бе?
Әрі қарай

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ әсілі жәй
Әрі қарай

Тұңғыш ғарышкер - Қазақ төбеті

Ғарышты игеру кезінде адамдар алдымен жануарларды тәжірибеден өткізген. Ғарыш кеңістігіне адамдардан бұрын «Лайка», «Стрелка» атты иттер ұшып қайтқан жоқ па еді. Соған дейін 47 ит сынақтан өтіп, ғылым үшін құрбан болған екен.


Әрі қарай

Тезек шешеңнің жауабы

Сатекең салып берген дариға, кешіріңіз, сара жолдың шеңберінде басталған Дәруіштің херметті тұлғалары туралы аңыз-әңгімелер өрісі әрі қарай жалғасын тауып жатыр (Будда азсынбасын). Осы орайда, өткір тілімен, даналығымен, сөз тапқырлығымен халықтың есінде қала алмаған
Тезек шешең туралы да бірдеңе деп жіберуді жүн санап отырм.


Бірде Тезек шешең кенттің бір азаматының қайтыс болу құрметіне орай жайылған қаралы дастарханға әбет мезгілінде тамақ ішуге кіріп шықпақшы болады. Қаралы үйге кіріп келсе, түстеніп кетуге келгендер саны үйге сыймай отыр екен деседі. Кенттің әкімінен бастап көршісі Гүржамаш Муссолинидің ақсақ итіне дейін осы үйде тамақ ішіп отыр екен. Тағы бір артық ауыздың келгенін жақтырмай қалған кент әкімі Тезекке қарап:
— Шіркін-ай, жүрген жеріңе есекмия шықпағыр, тамақ ішу үшін келдің бе, әлде қайғыға ортақтасып, көңіл білдіруге келдің бе? – деп мысқылдапты. Сонда ешкімді бетіне қаратып сөйлетіп көрмеген Тезек шешең:
— Кетш нах, мал әнәң! – деп көршісінің итін бір теуіп қуып, орнына өзі отырып алыпты деседі ел артындағы аңыз.
Әрі қарай

Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Ауылдағы төбелес түрлері

Бала төбелесі. Бұны жоғарғы класс оқушылары ұйымдастырады. Сабақ соңында өз бетімен қайтып бара жатқан екі баланы ұстап алады да «Анамен шығасың ба?» дейді. Олар «шығам» дейді.Осылай себепсіз төбелестіре салады.Себепсіз төбелесе саласың.
Әтеш төбелес.Әтешті (қоразды) басқа әтештермен төбелестіру жеңімпаз әтеш бірнеше жұмыртқа немесе бір тауық ұтуы мүмкін. Бұл жағдай үлкендер тарапынан ойналса арақ, ақша да тігіледі бәске.
«Ит төбелес. Күшік төбелесті әдейі ұйымдастырғанымызбен ит төбелес аяқ асты болады. Үй маңынан өтіп бара жатқан аттылының итіні үйіңдегі 4-5 итіңді айтақтатып қосып, соңын төбелеске ұластыру. Кейде бұл жағдай сенің итіңмен де ұшырасады. Сенің итіңе біреудің бес иті жабылады.
Құмырсқа төбелестіру. Қызыл құмырсқа мен қара құмырсқаны төбелестіру.Балалардың сүйікті ісі.(Осы тақырыпта Мағауиннің керемет шығармасы бар).
Әрі қарай