Қазақстандық "журье": анықтама, түрлері және болашағы.

Бәрін білетін және соңғы әрі нақты ақпарат көзі болып табылатын Уикипедияның мәліметіне сүйенсек журналист — қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады екен-мыс. Ары қарай не жазғанын «копипасттың» шеберлері, құрметті журьелер өздері оқып, ләззат ала жатар.

Блог - kozildirik: Қазақстандық журье: анықтама, түрлері және болашағы.

Ал «журье» деген кім? Нақты бір анықтама шығару үшін түрлерін біліп алайық:
Әрі қарай

Журналист, журик, журье… тағы кім?

Сурет сілтемесі
Алда журналистер мерекесі келе жатыр. Таңертең жұмысқа келген соң, әдетте компты қосқан соң, міндетті түрде “Мэйл.рудағы” почтамды, Фейсбукты, анда-санда Твиттерді, сосын “Керекинфо” және басқа сайттарды мүмкіндігі болса бір шолып шығамын. Кезек Фейсбукке келіп, шарлап отырсам Өркеннің сілтеме жасаған мына бір jaqsy.kz/story/779 мақаласына көзім түсті. Бұл туралы блогымда бұрыннан жазған болатынмын. Өркеннің айтқанына қосыламын. Журналистердің өз мамандығына кәсіптік тұрғыдан сай келмейтіндігі, бүгінгі қоғамның жаршысымыз дей тұра, көп жағдайда ақсап жатқан дүниелерге менің де қарным ашады.

Қазір телеарнаны қосып қалсаңыз әнші, биші, дәрігер, саясаткерлер т.б. авторлық бағдарламаны жүргізе береді. Газет-журналды ашып қалсаңыз да толып жатқан журналистер. Дилетанты бар, осы мамандықты бітіріп, таза журналист деген дипломды алып келгені бар, келмегені бар, әйтеуір көп. Көп бола берсін, болғысы келгендер де бола берсін, “журналистпін” деп күпіне берсін, жыртылсын, айрылсын, Үкіметтен алақан жая ма, жоқ мақтап мақала жаза ма, көкесінің тілін таба ма, мейлі жағдайын жасап алсын. “Пәлен” деген телеарнаның я болмаса “пәлен” деген газеттің тілшісімін. Сіз журналиспен сөйлесіп тұрсыз” дегенді доқ көрсетіп, кейіпкерін шамалы ықтырып алмаса болмайды. Әйтпесе, журналистің ойы, мақсаты жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қалтырап тұратын әкімшілдерге бәлкім солай істеу де керек шығар я әкімшілік-билікті жағалап отырғандар “жоғарыға қағыс ақпарат” кетіп қалмасын, мақталсын” деп өздері де журналистерге солай повод беріп қоя ма, не де болса, бұл екіжақты мүдделестік пен жарамсақтықтың әлімсақтан келе жатқаны һәммаға аян.

Таак, енді артқа сәл шегінсек.

Бірінші класқа бармай тұрып, рас журналист болуды және онша-мұнша емес диктор болуды армандадым. Ал бірінші сыныпқа барған кезде әріп тануды үйреніп, жазу жаза алатын кезде үйге келетін газеттегі теледидар бағдарламасына қарап соған ұқсатып өзімше бағдарлама жасап алатынмын да, ешкім жоқ кезде соны диктор болып оқитынмын. Және жан-жағыма қарап қойып, ешкім көріп қоймасын деген сақтығым да бар. Бір күні мен жазған “телеарна бағдарламасын” жиен әпкем Алина көріп қойып, айқай сала атам мен апама жүгіріп барып айтып қойды. Мен ұялып жерге кіріп бара жатырмын. Сөйтсем атам пен апам мәз. “Ойбай, мына қыз журналист болғысы келеді екен. Қарашы шал, өзінше бағдарлама жасап алыпты” деп қуансын. Қысқасы, арманым да, талпынысым да құпталды. Ал әпкем Алина маған кекетіңкіреп: “Сен не, диктор болғың келе ме? Ол үшін сенің түрің әдемі болу керек қой” деп мырс етті. Ешкім жоқта айнаға барып, Жаратқан берген түрге қайтадан зер салып қарадым. Қандай кемшіліктер бар дегендей. Расында, экранға жарамайтын сияқтымын. Қынжылып тұрмын кәдімгідей. Бірақ, түрім экранға келетіндей асқан сұлу емес екем деп қайғыра қойғам жоқ, журналист болу туралы арманым өрши түсті.

Ең алғаш жазған-сызғандарымды “Ақ желкен” журналына, сосын “Ұлан” газетіне беріп тұрдым. “Ұланның” жас тілшісі атандым. Бертін келе бұл газетті місе тұтпай, үлкен газеттен бірақ шыққым келіп, “Қазақ әдебиетіне” жазған бір мақалам жарық көрді. Ой, сол кездегі қуанғанымды көрсеңіз. Мені мектептегілер ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ “газетке шыққанымды көрсе екен, оқыса екен, білсе екен, іштері күйсе екен, қап бәлем, сені ме деп тістерін қайраса екен” деп қоямын. Солардың маған қызғана да қызыға қарап тұрғанын ойша елестетіп алып, бір рахатқа бөленетімді қайтерсің. “Ұланға” шыққан мақала соңындағы өз аты-жөнімді көрген кездегі қуанышымды айтпай-ақ қояйын. Қаттап салып қойған чемоданнан қайта-қайта ашып қарап, қайта-қайта оқитын “дертке” де ұшырадық. Ол этаптан да өттік. Апырай, тип-титімдей боп алып не деген атаққұмарлық, не деген пассионарлық десеңізші көкірегімді тесіп бара жатқан?!

Осы желікпен, осы арманмен, осы құлшыныспен 11 сыныпты бітіріп, 1999 жылы Түркістандағы қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасына оқуға түстім. Бас ұстазымыз яғни завкафедрамыз Сейдолла Садықов деген ағай болды. Сейдолла ағай басқаларға қайдам, маған және группаласым Айгүл екеумізге ерекше ықыласпен қарады. Қандай жындылық пен тентектік жасасақ та арашалап алатын, қорғап жүретін. Бізге тиіскендерге “Тәйт, тимеңдер бұл дәйіскаларға” деген кезде, тіпті екі есе қоқиланып қалатынбыз. Мен ұстаз ретінде Сейдолла ағайға қарызбын әрі ол кісінің алдында басымды иемін. Кемпір-шалдың қолында еркін өскен мен сияқты тентектің бетінен қаққан жоқ. Ағай бізге еркіндікті берді, батылдыққа үйретті. “Айтатын болсаңдар айтып қалыңдар, жас кездеріңде, саналарың пендешілікпен былғанбай тұрған таза кездеріңде жазатындарыңды жазып қалыңдар” деп жиі айтатын. Қазір де сол Түркістанда оқып жатқан жас журналистерге солай үйретіп жүрсе таң қалмаймын.

Біз шет аймақта болғандықтан қазіргі жастар сияқты оқып жүріп жартылай ставкаға газет-журнал, телеарналарда жұмыс істей алмадық. Группаға кілең бір үйдің бетіне қарап отырған еркелері мен серкелері жиналды. “Мен ғана мықтымын” деп келгендердің біразының аптығы басылып қалды, біреулер өзіне сенбей жүрсе, өзіне деген сенімі артты. Біреулер ашыла түсті, біреулер керісінше мүлде жабылып қалды. Біреулері мүлдем басқа салаға кетті, біреулері тұрмысқа шығып кетті, біреулері әйтеуір анау-мынау болды. Содан “Әй, осыдан бірдеңе шығады-ау” деп іріктелгендердің біразы бүгінде республикалық, облыстық, салалық басылымдарда, телеарналарда жұмыс істеп жатыр. Сөзім жалаң болмасын, өз группаластарымды осы мерекені пайдаланып құттықтай кетпесем, мақтай кетпесем, айта кетпесем не болғаным. Ешкім де кісілік кемшіліктен ада емес. Еліміздің бас газеті “Егеменде” қос бірдей группаласым Айгүл Сейілова мен Әбдірахман Қыдырбек, “Қазақ спорты” газетінде Нұралы Мұхтарұлы мен Жолдыбай Базаров, “Хабар” арнасының Ақмола облысынан меншікті тілшісі Меруерт Палмаханова және осы “Хабар” арнасында үйлестіруші қызметін атқаратын Динара Балаубекова, облыстық газетте істейтін Мәлік Дәулетов, “Қалқан” газетінде Мұрат Құдайбергенов және мен “Сарбазда” жүрміз. (Алтын группаластарым, мерекелеріңмен! Давай тосты алып қойыңдар, до конца!  )

Жә, сонымен Өркен айтқан мәселеге қайта айналып соғатын болсам, күндердің күнінде “Осы мен не істеп жүрмін? Журналист деген өзі қандай мамандық? Бұл мамандықтың қадірі неге сонша түсіп бара жатыр?” дегенді ойлана бастадым. Жақсы мақала жазып, “Пәленше ана мәселені көтеріпті, мынаны ерекше жазып шығыпты, өйтіпті, бүйтіпті, пәлен деген дөкейден, пәлен деген орақ тілді, отауыздан сұхбат алыпты, ешкімге ұқсамайтын керемет мақала жазыпты, осылай айызын қандырып сол пәленше ғана жаза алады, анау пәленше тақырыпқа ерекше барады, көп ізденеді, еңбекқор журналист” деген сияқты дүниелерден жалыға бастадым. Шаршадым қысқасы. Бір түсінгенім, журналистиканы яғни өз мамандығымды ерекше сүйеді екем. Сүйгендігім үшін де осы салада жүрмін. Бірақ, не бітірдім? Нені қарқ қылдым, не үлес қоса алдым осы журналистикаға? Мардымды жауабым да жоқ екен. Оны араға салынған уақыт көрсетпесе, әзірге күмілжіген күйдемін.

Жағымды мамандықтың иесі атану шарт емес, өз кәсібіңді жүрегіңмен сүйіп істесең ғана мән табатын сияқтысың. Әйтпесе, жанығып, арамтер болудан сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғам гүлденіп кетпесі анық.

Мерекелеріңізбен әріптестер, қазақта жақсы журналистер көп, солар жасасын!
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Типографияның ақыры"

(Жалғасы. Басы — «Мектеп директорының өлімі»)

"… Ал енді проза да жаза алмайтындар — ана… тағы қандай жанрлар бар еді? Аха, папье-машьеден мүсін жасауға кетсін, ссуки!!!" © AKY

— Түсінсеңізші енді Сергей ағай, ең болмаса мейрамдық санын түрлі-түсті етіп шығарайықшы!

— А немене, «Офсет-Әсет» түсті қылып баса аламыз дей ме?

— Әрине жоқ. Ренжімеңіз иә, бірақ турасын айтайын: сол «Офсет-Әсет» деген типография — дүниедегі ең-ең-ең артта қалғандардың, надандардың ордасы!

Мына сөз Сергей Қарамырзаның шамына тиді. Өзінің үлесі бар фирманы тұқыртқаны шымбайына қатты батты. Атып тұрып, «Сен кімсің өзі, сүмелек?» деп, жұмыстан айдап шыққысы да келді.Сол мақсатпен тіпті орнынан түрегелгендей де болды. Бірақ Сергей Қарамырзаның жастау шақтағы қызбалау ұрдажық мінезі уақыт өте келе пайдакүнемдікпен өлтірілген болатын. Біріншіден,
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Профессордың өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Меншік иесінің өлімі»)

"Ішетін дым жоқ" © Akzere

— Вообще то мы с Мехнатом Сигизмундовичем стояли у самих истоков казахификации нашего общества. — деп бастады Алоиза Ембергенова өтірік толқып, — И с тех пор наша страна сделала, скажу я Вам — огромный, просто гигантский рывок в изучении казахского языка. Слава Богу, нынче уже даже славяны стараются изучать наш великий язык, язык Абая, язык Ахмета. Который Байтурсынов.

Алпысжылдық мерейтойы орта шеніне жеткен Мехнат Сигизмундұлы қопаңдап қоя берді. Бірақ ішінен: «Ох, кәрі түлкі Алоиза! „Мы“ дейді ғой тіптен! Шәй-суымызды қамдап, төсегімізді жынойнақ қылғаннан басқа не еңбегің сіңіп еді?!»-деп, кәдімгідей ашынды. Дегенмен, ішкі
Әрі қарай

Ақпаратты тексеріп отырыңдар журналистер!

Журналист қателері және кемшіліктері туралы бұрыннан жазып жүрміз. Әсіресе олардың ізденбейтіндіктері туралы, ақпараттың бұрыс-дұрысын тексермейтіндіктері туралы. Осындай оқиғалардың бірі жақында республикалық бір газетте болыпты. Бұл туралы бізге konvict хабарлады. Бұл ақпаратты газетке кім шығарғанын біліп отырғасын, қай газет екенін жариялап ұялтпай-ақ қояйын. Тек осы жазбам оған және басқа журналистерге сабақ болсын.

Қысқасы былай болған:
Әрі қарай

Жаңалықтар - Қазақша телеконтент

10.02.2012 жыл, сағ.: 19:12, Ұзынқұлақ хабарлайды.
Ұзынқұлақ ішіп алып хабарлайды:
Телеканалдардың бірінің жаңалықтар түсіру технологиясы белігілі болды. Келесі прайс бойынша ақша табуыңа әбден болады:
Әрі қарай

Қаззақ журиктен тығылвотрым...

Ия, солай, тығылып отырмын. Бүгін телефон көтермейм…
… Свято-Нұркен шіркеуінен өткен аптада ішіп кетуім себепті қаза болған дұғаларымды өтеп, көңілім жайланып келе жатқам. Базар маңына бұрыла бергенімде журик танысым әзірейілдей тап берді.
— Лібәәә, мына диктофонға сөйлеш! – дейд!
— Нені нақ?
— Очм, Еуразиялық Одаққа кіруіміз пайдалы ма, зиян ба – айта салш – дейд!
«Экономист емеспін ғой мен...» деп күмілжігенім де қақпайд ептіні: «а кім қазірде
Әрі қарай

Енді, қорытындылар басталады ...

Лібә, енді 2011 жылды көттен теуіп шығарып салу басталады. «Бар жамандық осы жылмен кетсін!» дейді ертең бір бөспе қаззақ журик. Сосын бар жамандықты тізіп жаза бастайды. Ең басты факт —
Әрі қарай

"Бейбақ" фильміне кастинг!

Ұзақтығы: 14 минут.
Жанры: Журиктерге бағышталған демотивациялық әлеуметтік трагедия.
Қажет актердің амплуасы: Трагик.
Жасы: 30-35 жас аралығы.
«Бейбақ» фильміне кастинг жариялаймыз.
Қысқаша мазмұны:
Әрі қарай

Журиктерге: alempress.kz сайтынан мақала ұрлау

1. Алдымен мына программаны көшіріп, компьютеріңізге орнатып алыңыз (әрине, егер ол бар болса).
Ескерту: бұл программаны ұялы телефонға, микротолқынды пешке, кір машинасы мен ваннаға орнатуға болмайды!
2. Орнатылған программаны жіберіңіз.
3. Программада келесідей баптау жүргізіңіз:
Сурет 1.
Әрі қарай