Балалығымның жарқын шақтары №1
Әлі есімде...Әкем мен анам жол жүріп кеткен болатын. Үйде жеңгем, ағам мен мектепте менен жоғары сыныптарда оқитын әпкем мен ағам болатын. Қыстың күні. Ол кезде мен 2 не 3-ші сынып болуым керек қателеспесем, мектепте шырша болатын болды. Спорт залға биік шырша құрылған, балалар мен ата-аналар көп. Одан бір күн бұрын мектепте дайындық кезінде апай: «Кім болып киінесіңдер? Қандай костюм киесіңдер? Ертең бәрі дайын болсын, кешікпей келіңдер!»-деп қадап айтқан тұғын. Сынып жетекшіміз қаталдау болатын. Сөйтіп не керек үйге көңілсіз оралдым. Анам жоқ. Костюмді қайдан аламын, не киемін деп ойлап,үйге келіп жыладым. Жеңгем не болғанын сұрап әлек.Содан айттым: «Ертең балалардың бәрі әдемі көйлектер мен костюмдер, аңдардың киімдерін киеді. Менде ештеңе жоқ. Қалай барамын?»-деп өкірдім. Жеңгем жұбатып-жұбатып ұйықта деп айтып, шығып кеткен. Кешкісін оянсам жеңгем үйге әдемі «Түйме қыз» бар еді ғой, «Дьюмовочка» соның киімін әкеп қойыпты. Мәзбін. Киіп те көрмеппін. Таңертең ертемен тұрып жеңгем екеуміз мектепке бардық. Барсақ басталғалы жатыр екен, тездетіп киіне бастадық. Үстіңгі жақ бөлігін киіп, астыңғы белдемшесін кидім. Құдай-ау, көйлекті киіп болғандағы түрімді көрсеңіздер ғой...Ұялып барамын… Юбкасы дөңгеленіп келген, балеттегі қыздар киетін белдемше секілді.Енді прям сондай емес, сәл төмендеу, сонда да қысқа болды… Тек қана тік жүру керек. Еңкеюге болмайды)))) Амал жоқ кидім… Жүгіріп балаларға қосылып, шыршаны айналып ән айтып кеттік. Балалардың көздері менде. Шындығында, басқаларына қарағанда менің костюмім әдемі болды… Бойым да кішкентай, нағыз «дьюмовочка». Сыйлық та алдым. Қазір есіме алсам, ол кезде бала болсам да қатты ұяламын. Анам мен әкем үйге келгенде бәрін айттым. Сосын анама: «Енді кетіп қалмашы, мен жыладым»- деп түнде қасына жатып ұйықтап қалдым…
Естеліктер есте қалғаны жақсы ғой. Қалай болғанда да балалығыңның жарқын сәттері жадымда мәңгі сақталатынына Аллаға шүкір…
Сурет жазбаға қатысты емес...))) әлдеқайда өсіп қалған кезім)
Әрі қарай
Естеліктер есте қалғаны жақсы ғой. Қалай болғанда да балалығыңның жарқын сәттері жадымда мәңгі сақталатынына Аллаға шүкір…
Сурет жазбаға қатысты емес...))) әлдеқайда өсіп қалған кезім)


Менің ауылымда шөпті, бидайды сатып алмайды, барлығын сол

Кейбірде балаға өзіңнің де жауапты екеніңді келіншегіңе көрсеткің келіп, балаңа су бергелі жатқан келіншегіңе компта отырған қалпыңда «Әй, жылытып бер, қайнаған су бер» деп қоясың. Құдай-ау, өзіміз шатырдан сорайып салбырап тұрған сүңгілерді сорып өстік. Қыстың көзі қырауда достарымызбен бәстесіп, мал суаратын суаттан су ішетінбіз. Оның бәрін ұмытып кетеміз. Өбектей берген баланың аурушаң болатынын кей кездері есімізден шығарып аламыз.

