"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

Блогкемп бітпей жатыр, бітпейтін сияқты

Елдің бәрі блогкемп бітті, өткені-ай, кеткені-ай десіп жатыр. Бірақ Алматылықтар үшін әлі бітпей жатыр. Блогкемптің алдында сенбі сайын жиналу әдетке айналып кетті ма, жоқ Керместің «магниті» бар ма әйтеуір автоматты түрде сенбі, жексенбіде Кермеске жиналып алатынды шығардық. Кеше 7-ге таман Қарасақал, Сағын, Жалғас, Жанна (Алтыградус), Патик, Батыр мен Саттар бар түріктердің времянкасыыы ой Керместің әрең піскен тамағынан дәм татып, шайын сораптап, біраз әңгіме соғып қайттық. Күн тәртібінде басты мәселе – блогкемптегі старт-апта Патик “100 мың теңгені берсеңіздер неғыламыз, бермесеңіздер де неғыламыз, шамаммен аты «Киностан» болады”,- деп таныстырған Қисық & Патик компанияларының жобасын талқылау.
Әрі қарай

Блогыма не деп ат қойсам болады?

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин. Блогоним (blog – блог, ὄνομα onoma) – есім) – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады. Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты.
Қазақ блогтарын жіктегенде, негізгі мыналар (менің топшылауым) көзге түседі.

Әрі қарай

Тұңғыш рет.. Бірінші болып...



Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше “ Кермес” дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық. 
   
Әрі қарай

Дауыс беруден шет қалма!



Достар, блогтар байқауына өтініш қабылдау мерзімі аяқталса да, оған қатысуға ниет білдірушілер саны толастар емес. Айтайын дегенім, біріншіден, байқау ережесі бойынша байқауға тіркелу наурыздың 8-і күні аяқталып қойды.
Әрі қарай

Байқауға ұсынылған блогтармен таныс болыңыз!!!

Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.

Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.

Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Әрі қарай

Тайм-киперлер тізімі анықталды

Кеше (26-ақпан) өткен мини-камптің нәтижесі бойынша уақыт санауға қатысатын еріктілердің тізімі толық жасалды. Қазір төмендегідей адамдар тайм-кипер болуға ниет білдіріп отыр:

1. Ернар — greekmith.wordpress.com/
2. Жалғас — yertay.wordpress.com/
3. Нұржан — kaztarih.wordpress.com/
4. Димаш — qisyq.wordpress.com/
5. Қуаныш — huanysh.wordpress.com/
6. Салтанат — balgyrgan.wordpress.com/
7. Мақпал — kaldykyz.wordpress.com/
8. Мейіржан — kazprose.wordpress.com/
9. Гулжайнат Бекен — guljainat.wordpress.com/
10. Садық vit.kz/
11. Тоты vkototy.wordpress.com/
12. Әйгерім aikosh.wordpress.com/
13. Гүлназ
14. Мәншүк
15. Назерке karkyzy.wordpress.com/

Бізге, негізі басында 14 адам қажет болады деп шешкенбіз. Бірақ, қазір он бес адам жазылып қойды. Кейін, мүмкін біреуін басқа істерге ауыстырармыз, не болмаса біреу-міреу тайм-киперліктен түрлі себептермен бас тартып жатса, соның орнын толықтыратын шығар.

Белсенділік танытқан еріктілерге үлкен рахметімді айтқым келеді.
Әрі қарай

Блог құрылтай өтетін орын

Жұма күні KIMEP-тегілермен кездесеміз деп уәделескенбіз. Олар Блог құрылтайға арнап 7 аудитория бөлінгенін айтты. Сосын кофе-брейк үстелдерін шайға арналға дастарханды қайда қоямыз жаямыз, оған удленитель қайдан аламыз үлкен шәйнекті қалай қайнатамыз, баннерді қайда ілу керек, оны кім, қалай іледі, қабырғаға плакат жабыстыру үшін кімнен рұқсат алу керек, аудиториядағы комптардың паролін кім береді, инет қосатын болсақ оны кіммен нақтылаймыз т.с.с. елене бермейтін бірақ маңызды жайттарды талқыладық.

Әрі қарай