Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Блог - Marco: Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді
Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.
Әрі қарай

Шапқан аттай зулаған өмір...

«Фотореп дегеніміз бүгін немесе кеше түсірген суреттер топтамасымен репортаж жасау» деген қағида болмағандықтан мына бір дүниемді көрген жандар «Фотореп емес» дей қоймас.
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Әрі қарай

Сүтсіздік

Кезекті турға «сүт» тақырыбы берілгенде Абзалдың «бәріңе сүттілік» деп жазғаны бар еді. Бірақ, сол «сүттілік» мені айналып өткен секілді.

Блог - konvict: Сүтсіздік

Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…

Сәби кезім. Анашым күнде бірнеше рет сүтімен қоректендіреді. Ештеңе ойламаймын, уайым-қайғы жоқ (Қиындық болса да оған ой жіберіп, алаңдамайтыным анық сол кезде). Уақыт өте келе мен де есейдім. Ана сүті азайып, оның орнын басқа тағамдар ала бастады. Бір жасқа келген соң тіпті тоқтап қалды. Сүтсіздік.

Кейінірек үй жануарларының сүтін іштік. Күнде таңертең сиырды патаға қосып келген соң, піскеніне көп болмаған ыстық сүттен сіміріп саламын. Алда-жалда нағашыларымның үйіне бара қалсам, қымыз бен шұбат дайын тұр. Нағашы атам керден кесеге толтырып қымыз құйып береді. Дем алмастан соңына дейін тауысуым керек. Әйтпесе, қолындағы таяғы жамбасқа келіп сарт етеді. Шұбаттың жөні бөлек. Ыстық күлшемен қосып ішкен қандай керемет еді, шіркін! Алайда, уақыт өте келе нағашы атам қартайды. Ешкім қымыз құйып бермейді енді. Мен қалаға ілім іздеп кеттім. Күнде таңертең анам пісіретін сүт те жоқ. Шұбатты анда-санда ішемін. Тағы да сүтсіздік.

Соңғысы сүтсіздікпен қатар сәтсіздікке де қатысы бар. Апта басында бәрі керемет еді. «Сүт» тақырыбына дайындап қойған жоспар да бар. Тек бейсенбі күні соны іске асыру керек. Өкінішке қарай, мен келіскен адам телефонын көтермеді. Сол күйі жоғалып кетті. Мұның бәрі ештеңе емес еді-ау, алайда сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…

P.S. Мұны оқыған қазылардың реакциясы мен қоятын бағасын жобалап отырмын. Өзім де сондай жағдайдамын.
Әрі қарай

Сүтті қалай таңдайсыз?

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Супермаркетке бара қалсам, ең көп кідіретін орным – сүт өнімдерінің қатары. Қаз-қатар тізілген сүттің қайсысын таңдарымды білмей, дал боламын: біреуінің қорабы әдемі, біреуінің жарнамасы жақсы, біреуінің шығарылған мерзімі бүгін ғана. Оған қоса, «стерильденген, пастерленген, ультрапастерленген» деген сияқты түрлері тағы бар. Бірақ, ол жазуға аса мән бермейтінімді, тіпті неліктен жазылып тұрғанын түсінбейтінімді жасырып қайтем .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Алдымен, қалтам көтеретін бағаға көз саламын. Сосын сүттің майлылығына, соңында мерзіміне назар аударым, кассаға қарай аяңдаймын .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Сүт, сиырдың сүті неге ондай түрлерге бөлінеді, ол сүттер қандай әдіспен даярланады» деген сұрақпен Астана қаласынан 70 шақырым шалғайда жатқан «Родина» агрофирмасына қарай жол тарттық.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Родина» сүт зауытының эксперті Дмитрий Чайка мырза сұрақтарымыздың бәріне мұқият жауап берді. Дмитрий алдымен «Родина» сүт зауытынан шығатын сүттің сапасы қалай тексерілетінін көрсетті.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Зауытта арнайы аппаратпен сауылған сүтті жоғары температурамен, ыстықпен өңдеуге жібермей тұрып, лабораториялық тексеруден өткізіп алады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Ол үшін 100 грамм сүтті арнайы аппаратқа қойса болғаны.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?
Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бірнеше секундтан соң кішкентай ғана мониторына мынадай ақпараттар шығады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Кейде аппаратқа сенбей, ескі әдіс бойынша да тексеріп аламыз. Сүттің нормаға сай екеніне әбден көзіміз жету керек,»- дейді лаборант Людмила Марталер.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Өзім де тексеріп көрдім, тексеруден кейінгі нәтиже сүт қорабында көрсетілген сандармен дәл келеді .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Лабораториядан «рұқсат алып» шыққан сүт мына үш танкердің ішінде пастерленеді. Сүт құйылған бойда қажетті майлылық пайызы орнатылады екен. 3,2% майлылық керек болса, одан асып кеткен майды басқа ыдысқа бөліп отырады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Осылай сүт қорапқа құйылып, дүкендерге қарай жол тартады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Родина» сүті құйылған полиэтилен пакеттің мықтылығы сонша, үстіне шығып көргенімізде де мыңқ етпеді. «Ақтан обал ғой» деген ойымды «Көр, көр, шығып көр,» деген эксперттің сөзі шайып жіберді.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бұл зауытта тек пастерленген сүт шығарылатындықтан жоғары температурамен өңдеудің әр түрін фотомен көрсете алмаймыз. Есесіне, эксперттен есіткен мәліметтердің өзі дүкенге барғанда біраз көмек береді.

Сүтті жоғары температурада өңдеу оның сапасына тікелей әсер етеді. Өңдеудің негізгі үш түрі кеңінен қолданылады: пастерлеу, стерильдеу, ультрапастерлеу. Бұлардың бәрі нені білдіреді?

Стерильдеу кезінде сүт 100 градуста өңделеді. Мұндай ыстықта зиян бактериялардың бәрі өледі, сәйкесінше, пайдалы бактериялар да жоғалады. Сондықтан сіз стерильденген «пайдалы» сусынды тек шөліңізді басу үшін ғана ішпесеңіз, құрамынан қандай да бір витамин табамын деп ойламаңыз. Стерильденген сүтті жарты жылдан да көп уақыт сақтауға болады. Сондықтан, жарамдылық мерзімі ұзақ сүтке көп жоламаған жөн.

Ал, егер пастерленген сүт ішсеңіз, онда әйтеуір бір пайдасы болары сөзсіз. Пастерлеу кезінде сүт 75-80 градуста өңделеді де, пайдалы бактериялар сақталып қалады. Әрине, кері әсері бар бактериялар да қалады. Пастерленген сүт 10-14 күн сақталады.

Қазіргі уақытта жоғары температурамен өдеудің ең сапалы түрі ультрапастерлеу болып табылады. Бірнеше секундқа ғана созылатын термоөңдеу кезінде сүт 125-138 градусқа дейін қайнатылады. Бұл процесте зиян бактерияның бәрі жойылады да, пайдалылары қалады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Сүт таңдауда назар аударыңыз! Құрғақ сүт порошогынан жасалған сүттің қорабында "қайта қалпына келтірілген" (восстановленное — ресми аудармасы осылай екен) деген жазу тұру керек. Порошоктан жасалған сүт — сүт емес, сусын. Сондықтан өндірушілер қулыққа басып, сүттің "қайта қалпына келтірілген" екенін ашып жазбай, артына, кішкентай етіп, көзге түсе бермейтін әріптермен жаза салады. Әрине, ол — тексеріс бола қалса, «міне» деп, көрсете салу үшін ғана тұрған жазу.

Сүттің қорабына мұқият қараңыз Тетрапакеттегі сүтті таңдамас бұрын ақырын қысып көріңіз. Ауа шығып тұрса, ол сүтті алған жеріңізге қоя салыңыз. Ең сенімді қорап — шыны ыдыс.

Сақтау мерзіміне назар аударыңыз. сақтау мерзімі ұзарған сайын сүттің шыдамдылығын арттыру үшін түрлі тәсілдер қолданылады: крахмаль, ас содасы, түрлі антибиотиктер қосылуы мүмкін. Сондықтар бір не жарты жыл сақтауға болатын сүтті алмаған дұрыс.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бәрінен де тиімдісі — базарда сатылатын "қолдың сүті" дерсіз. Ол сүттен келер қауіп те аз емес. Сүтті құйып беретін баклажканы қайдан алатынын, оны қалай тазалайтынын білмейсіз, қоқыстың арасынан жинап келуі де мүмкін. Ол ыдысқа бұрын сүт не айран құйылған болса, қақпағында, қуыс-қуысында қалдықтары жуылмай қалып кететінін өзіңіз де аңғарып отырсыз. Сондықтан сүтті сенімді жерден өз ыдысыңызбен алыңыз.

Таңдаған сүтіңіз құнарлы, ағзаңызға пайдалы болсын!

Кей суреттер интернеттен алынды.
Әрі қарай

"Канададан келген" сүт

Бала кезімде әр көктем сайын үйдегі сиырдың бұзаулауы ерекше оқиға еді. Ол туралы ең бірінші, әлбетте, анам біліп қоятын. Таңғы сағат алты-жетілерде шырт ұйқыда жатқан біз анамның «Сиыр бұзаулапты!» деген даусынан ұйқымыз шайдай ашылып, ұшып түрегелетінбіз.
Әрі қарай

Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің есімім Арман Бекеев. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келгенмін. Сол жердің орта мектебінде білім алдым. Оқу бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түскен болатынмын, алайда өкінішке қарай қаржылық қиындықтарға байланысты жоғарғы оқу орнын аяқтай алмадым.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

2011 жылдың күзінен бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Бүгінгі күні ИП «Жастар» деп аталатын құрылыс және саудамен айналысатын компаниям бар.

Бие сүтінен коктейль дайындау туралы идея менің Астанаға көшіп келуіммен байланысты. Бұл ісімді бастамас бұрын Сарыағаш ауданындағы базарда жұмыс істегенмін. Сол кезде қымыз сатуды қолға алған болатынмын. Алайда өкінішке қарай бұл ісім өңбеді. Өйткені адамдар қымызды құрамында алкоголі бар, кесемен берілетін сусын деп қабылдайтын. Бір күні осыдан неге тәтті коктейль жасап көрмеске деген ой келді. Сөйтіп қымыздан коктейль жасап сата бастадым. Бірақ бие сүті сиыр сүтіне қарағанда әлде қайда қымбат болғандықтан оны біздің ауданда алатын адам болмай, бие сүтінен жасалатын коктейлім сол күйі қалып кеткен еді.

Содан жақында теледидар қарап отырсам қымыз туралы бағдарлама болып жатыр екен. Ол бағдарламада Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 Халықаралық көрмесінде қымыз ұлттық сусын ретінде танылуы қажет екендігі туралы айтып жатқандығын құлағым шалып қалды. Сонда кезінде өтпеген коктейлімді ойға алдым…
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер Астана халқына байқап қарасаңыз көпшілігі үйлерінде емес сауда-ойын-сауық орталықтарында фастфудпен тамақтанады. Астанада фастфуд желілері өте қатты дамыған. Алайда қазіргі нарықтағы фастфудтардың саясында біздің отандық өнімдер қалып қойып жатыр. Оның үстіне интернеттен қарасаңыз қымызымызды немістер патенттеп алды дейді, ал қазақы етімізді ондай тағам кавказдарда да болған, ол қазақтың ұлттық тағамы емес деген сынды жазбалар да көптеп кездеседі…

Дәл бүйтіп кете беретін болсақ жақында осындай құндылықтарымыздан айырылып қаламыз ғой. Сол үшін мен өзіміздің ұлттымызға тән бие сүтінен ұлттық коктейль жасауды қолға алдым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Астанадағы фастфудтарда ең кішкентай 200 мл. коктейльдің құны 350 теңгеден басталады. Ал үлкендері 1800 теңгеге дейін барады. Алайда ол коктейльдердің барлығы шетелдік өнім, шетелдің Қазақстандағы жарнамасы. Ал мен отандық тауарға сұранысты арттыруды көздеймін. Егер Википедиядан қарап көрсеңіз қымызды бие сүтінен жасалатын вино деп атағандығын кездестіресіз. Негізі ол олай емес. Өйткені, оны кішкетай балалар да ішеді. Тіпті қымыздан нешетүрлі тағамдар дайындалады.

Болашақта қазіргі бастап жатқан жобам сәтті іске асып жатса, қымыздан коктейль ғана емес, балмұздақ сынды тағыда басқа тәтті тағамдар жасау ойымда бар.

Егер де нарыққа шығып жатсақ бұл коктейльдің бағасы 1000-1500 теңге аралығында болады деп жоспарлаудамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің коктейлім Қазақстанда қымыздан жасалған алғашқы коктейль емес екендігін айта кету керек. Себебі, Елордамызда маған дейін түңгі клубтардың бірінде қымызға бренди, мартини сынды алкогольді сусындар қосып коктейль жасаған екен. Ал мен қымызды ішімдік ретінде танылғандығын қаламаймын. Өйткені Қазақстанның ұрпағы алқаш болып емес, сау болып өсуі қажет.
Менің коктейлім Қазақстандағы қымыздан жасалған алғашқы алкогольсіз сусын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің жасаған коктейльдерімнің алғашқы дигустаторлары жолдас балалар мен құрбыларым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бүгінгі күні бие сүтінен жасалған коктейльдің екі түрі бар. Бірі қымыздың кәдімгі ашытылған түрінен жасалған қышқылтым дәмі бар «Астана» коктейлі болса, екіншісі саумалдан жасалған тәтті «Махаббат» коктейлі».
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Жасалу жолына келетін болсам коктейльдің дайындалу барысында 100 пайыз табиғи өнімдер пайдаланылады. Бүгінгі күні қымызды өзіміздің Көкшетау облысындағы Бурабай кентіндегі фермерлермен келісіп, биенің таза сүтінен алғызудамын. Одан басқа тәтті дәм беру үшін сахароза мен ванилль, шоколад немесе жеміс-жидектер қосамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Қазір мен сіздерге теорияда қалай жасалатындығымен бөлістім. Бұл коктейль әлі толықтай патенттелген жоқ. Кейін нарыққа шығып жатса да оның өндірістік құпиясы ашылады деп ойламаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер қымыздың тарихына үңілетін болсақ, ең алғаш рет қымыз сақтардың кезінде ойлап табылған екен. Ең ежелгі қымыз 550 жыл бұрын жасалған сақ қорғанынан табылған. Олар жылқының сүтін іше отырып одан жылқының күшін аламыз, өте үлкен күшке ие боламыз деп есептеген. Сол үшін оның жасалыну жолы дұшпандарының қолына түспес үшін, оны асқан құпиялықпен сақтаған екен. Осылайша биенің сүтін ашытып, қымыз жасау осы XX ғасырға дейін көрші басқа елдер үшін құпия болып келді. Олар тек қана XX ғасырға келіп қана қымыз қалай жасалынатынын білді. Ал дәл қазір XXI ғасырға келіп біз одан коктейль жасап отырмыз. Бұл "ұлттық коктейльдің" жасалу жолы құпия болып қалғандығын қалаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Болшақта ингредиенттері құпия Coca-cola, Costa, Fanta сынды аты аңызға айналған ингредиенттері құпия ұлттық брендке айналады деп сенемін!

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Осы жерде менің бұл жобамды бірден қабыл алған «Үлес – 2020» компаниясының, мені қаржыландырып дамуыма мүмкіндік берген Астана қалалық әкімдігінің жастар саясаты басқармасының және менің «Ұлттық коктейлім» жайындағы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарының бетіне шығуына көмек берген «Аstana Іnnovation» АҚ-ның өкілі Саттар ағаларымның еңбектерін атап өтпеске болмайды. Осы кісілердің қолдауымен «Астана қаласының жастары арасындағы инновациялық идеялар мен жобалар» байқауына қатысып, 15 сәуір күні «Ең үздік инновациялық өнім» номинациясы бойынша жеңіске жеттіп, "Қозы корпеш — Баян сұлу" күніне орай менің «Махаббат» коктейлім осы күннің сусыны атанды.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

«МАХАББАТ» коктейлінің тарихы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бие сүтінен жасалған тәтті «Махаббат» коктейлінің өзіндік ерекше тарихы бар.

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарында анам қатты ауырып 4 қаңтар күні оны аудандық ауруханаға алып бардық. Сол кезде анама төртінші деңгейлі рак деген диагноз қойды. Төртінші деңгей рактың ең ауыр соңғы деңгейі болғандықтан оған ешқандай ем болмайтындығын түсіндік. Сөйтіп, емдей алмасақ та өмірін 1-2 айға болса да ұзартайық деп, әр түрлі ем-домдарды қарастырдық. Сонда қымыздың рак ауруына ем болатындығын біліп, күнде таңертең анама саумал әкеліп беріп жүрдім. Алайда ауруы асқынып кеткендіктен ол өкінішке қарай анама көмектеспеді.

Ал қазіргі уақытта рактың енді басталып келе жатқан 1 және 2 деңгейі кезінде ғылыми дәлелдерге сүйене отырып саусалмен емдейтін санаторийлер ашылған.

Осы жерде «Қымыз ағзаға қалай әсер етеді?» орынды сұрақ туындайды:
Әрі қарай

Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай

Бешамель

Париж. Көздің жауын алатын керемет қала деп әсте айта алмас едім. Кәрі құрлықтың өзі сияқты кәртамыс қалалардың қай-қайсысынан айырмашылығы жоқ. Дәл сондай ирелең-ирелең, тас төселген тар көшелер. Бір адам әрең сиятын шағын балкондары бар орта ғасырлық үйлер. Одан қалды жылдардың иісі сіңіп қалған кішкентай ғана аулалар.
Әрі қарай