Сүтсіздік

Кезекті турға «сүт» тақырыбы берілгенде Абзалдың «бәріңе сүттілік» деп жазғаны бар еді. Бірақ, сол «сүттілік» мені айналып өткен секілді.

Блог - konvict: Сүтсіздік

Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…

Сәби кезім. Анашым күнде бірнеше рет сүтімен қоректендіреді. Ештеңе ойламаймын, уайым-қайғы жоқ (Қиындық болса да оған ой жіберіп, алаңдамайтыным анық сол кезде). Уақыт өте келе мен де есейдім. Ана сүті азайып, оның орнын басқа тағамдар ала бастады. Бір жасқа келген соң тіпті тоқтап қалды. Сүтсіздік.

Кейінірек үй жануарларының сүтін іштік. Күнде таңертең сиырды патаға қосып келген соң, піскеніне көп болмаған ыстық сүттен сіміріп саламын. Алда-жалда нағашыларымның үйіне бара қалсам, қымыз бен шұбат дайын тұр. Нағашы атам керден кесеге толтырып қымыз құйып береді. Дем алмастан соңына дейін тауысуым керек. Әйтпесе, қолындағы таяғы жамбасқа келіп сарт етеді. Шұбаттың жөні бөлек. Ыстық күлшемен қосып ішкен қандай керемет еді, шіркін! Алайда, уақыт өте келе нағашы атам қартайды. Ешкім қымыз құйып бермейді енді. Мен қалаға ілім іздеп кеттім. Күнде таңертең анам пісіретін сүт те жоқ. Шұбатты анда-санда ішемін. Тағы да сүтсіздік.

Соңғысы сүтсіздікпен қатар сәтсіздікке де қатысы бар. Апта басында бәрі керемет еді. «Сүт» тақырыбына дайындап қойған жоспар да бар. Тек бейсенбі күні соны іске асыру керек. Өкінішке қарай, мен келіскен адам телефонын көтермеді. Сол күйі жоғалып кетті. Мұның бәрі ештеңе емес еді-ау, алайда сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…

P.S. Мұны оқыған қазылардың реакциясы мен қоятын бағасын жобалап отырмын. Өзім де сондай жағдайдамын.
Әрі қарай

Бақытсыз лотерея жеңімпаздары


Егер сіз Лотереядан 10 миллион доллар ұтып алсаңыз не істер едіңіз? Шамасы өзіңізді сол мезетте әлемдегі ең бақытты адам санайтын шығарсыз. Ал біздің төмендегі кейіпкерлеріміз лотереяны ұтсада жолы болмаған адамдар қатарына жатады(өздерінің ессіздіктерінің кесірінен).
Әрі қарай

Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.
Әрі қарай