Ата-аналарға арналған 10 ұсыныс (кеңес).

1.Балаңызды бар болмысымен шынайы қабылдаңыз.

2.Ешқашан орынсыз бұйырмаңыз. Мақсатсыз бұйрықтардың қажеті жоқ. Баланың өміріне араласпау қаншалықты қауіпті болса, үнемі орынсыз «басыңызды сұға беру де» соншалықты қауіпті. Аражігін ажыратып, тепе-теңдікті сақтай біліңіз.

3.Сізге қарсы шыққан адамға белгілі бір мөлшерде сеніміңізді сақтаңыз.

4.Орнымен сыйланған сыйлық қанағатсыздықтың алдын алады. Балаларға «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Қалағанын орындамау көбірек пайда әкеледі, я болмаса, қажеттілік пен ысырапшылдықты ажырата білетін болады.

5.Ешқашан жалғыз шешім қабылдамаңыз. Отбасылық өмірдің «алтын заңы» – диархия. Әке мен ананың бір-біріне қарсы шығып, сөзге келу барысы сәби үшін қызық құбылыс болып табылады. Әрине, ол жас санаға әсер етеді.

6.Әрқашан барлық істе өз үлгіңіз арқылы жұмыс істеңіз. Баладан өзіңіз істеген нәрсені ғана талап ете аласыз.

7.Барлық мәселе туралы қорқынышсыз ашық сөйлесеңіз. Сөз айтылса ғана өз мақсатына жетеді.

8.Туған-туыстарыңызбен жұмған жұдырықтай болыңыз. Отбасы – шағын мемлекет. Барлық іс-ірекет ақылдасу арқылы шешілу қажет.

9. «Ашық есік» саясатын ұстаныңыз. Ерте ме, кеш пе ер жеткен ұлыңыз бен бой жеткен қызыңызды үйде ұстап отыра алмайсыз. Уақытылы еркіндікке үйретіңіз.

10.Баланың өміріне араласуды өз уақытында тоқтатыңыз. Бұл заңдылық көңілсіздік тудырады, әрине. Алайда, ата-аналық кәсіптің шектеулері мен өз заңдылықтары бар. Қазақы менталитетке салсақ, тірліктеріне араласпай, махаббаттарына бөленіп, немерелеріңізді бағып, кәріліктің рахатын көріңіз!
Әрі қарай

Орынды эгоизм

Оcылай екен...: Орынды эгоизмНегізі кез келген адамда эгоисттік көзқарас болады, бірақ біз оны көп байқай бермейміз. Неге дейсіз ғой? Мысалы, қарапайым «эгоист» ол тек өзін ойлайды. Ал оның антонимі «альтруист» өзін басқа адамдардың орнына қоя алып, оларды түсіне біледі. Мизантроп пен филантроп сияқты ғо. Енді міне, белгілі болғандай, «саналы немесе ақылды эгоизм» деген түсінік бар екен. Ол ешкімге кедергі келтірмей-ақ, өз мүддеңмен және қызығушылығыңмен өмір сүре білуді білдіреді. Бұл әсіресе қазіргі таңда өте өзекті. Енді шынымен де ойлап көрсек, кез келген адам бірінші өзінің қамын ойлайды, өйткені оның жаны мен денесі оның өзінде және ол өзін ойламаса, оны ешкім де ойламайды.
Әрі қарай

"Хочу с мамочкой на улице погулять"

Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға қамалған сәби қоғамның белең алып бара жатқан созылмалы дертін ашып тастады осылай. Бүкпесіз.
Бәріміз әке-шешесіне қараппыз ғой. Олар да қипақтап қалды. Бірақ, оларды кінәлаудан аулақпыз. Ауласына шығарса бала көп, ойын алаңы аядай. Оның жартысына көлік қойып тастаған. (Жүргізушілерді де сөгулден аулақпын. 300 пәтерлік үй салып, 30 көлікке тұрақ орын ойластырса қайтсін). Саябаққа жиі апарудың реті келе бермейді.
Тек ата-ананың ықыласын ғана аңсайтын кіршіксіз бала сезім, көңіл бөлмесек доғалданып материалдық құндылыққа бас иіп кететіндей ме?..
Әрі қарай

Бас тартуға қақың жоқ...

Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам ғұмыры сан түрлі мүмкіндіктер мен таңдау жолдарына толы. Таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана білген жан жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көре алады. Бірақ өмірде өз еркімізден тыс, Алланың қалауымен болатын құбылыстар бар. Оған наразылық білдіріп, тағдырға тас атып, бас тартудың қажеті шамалы. Ең бастысы — тағдыр қалауына мойынсұнып, өмірдің қаралы тұстарын әдемі бояумен бояй білу керек. Алланың қалауымен болатын, адамның бас тартуына қақысы жоқ құбылыстарды жіктеп көрсек…

Туған жерден бас тартпа. Егер туған жерді таңдау мүмкіндігі болса, сәбилердің бәрі салыстырмалы түрде болсын әділеттілік орнаған елді таңдар еді. Алайда, туған жерді таңдау адамның еркіндегі дүние емес. Сондықтан кіндік қаның қай жерде тамды, сол жерді жақсы көруге міндеттіміз. Мейлі ол қарбаласы көп қала болсын, мейлі құлазыған дала болсын, мейлі адамдары қайсар да қайырымды болсын, мейлі арам да айлакер болсын, тіпті ол тарихи Отаның болмаса да туған жердің аты – туған жер. Сондықтан одан бас тартуға болмайды. Ес біліп, ер жеткенше ауасымен тыныстап, суын жұтып, топырағына аунап өскен, бір кездері басыңа пана болған жерді күндердің бір күнінде өзге елге барып жер-көкке сыйғызбай жамандап отыратын жанды көрсем жағасына жармасып, кеудесіндегі жүрегін жұлып алғым келеді…
Әрі қарай

Жетімін жылатпаған ел едік...

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!



Соңғы жылдары әлемде жетім балалардың саны артып отыр. БҰҰ-ның балалар қорының хабарлауынша, төрткүл дүниеде 100 миллион бала ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Ал Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 75 мың жетім бар. Бар болғаны 16 миллион халқы бар еліміз үшін осыншама жетімек аз ба, көп пе?.. Жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған ел едік.
Бүгінде жетім балалар мемлекет қамқорлығында. Шымкенттегі №3 балалар үйінің есігінен аттай бергенімде, екі бүлдіршіннің көздері жәутеңдеп, маған қиыла қарады. Олардың қорғансыз күйіне қарап қатты толқыдым.
Әрі қарай

БАҒДАРШАМ

Таңның атып, кештің батысына дейін ары – бері жүретін сіз жол бойында үнсіз тіл қатып тұратын бағдаршамға күніне неше рет жолығасыз? Үш түстен құралған қарапайым бағдаршам «Тоқта, дайындал, жүр!» деп жанып – өшіп, қаншама адамның мезгілінен бұрын көз жұмуынан сақтап тұр екен?! Ол түсін алма кезек ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін түсіндіретін құрал ғана ма?..
Әрі қарай

Ұстаз, оқушы, ата-ана


Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.
Әрі қарай