Астанада кездесу. 02 қараша. 18-30да

Астаналық керекшілер, бүгін 02 қараша сағат 18-30да Керуеннің 3-ші қабатында жиналамыз.

Астанаға қонақ болып келіп жатырған атыраулық sigma , қарағандылық Abilakim мен алматылық qisyq та бұл кездесуге келеді.

Бұл басқосуда тағы бір жақсы жаңалық болғалы тұр. Жаңа сайттың тұсаукесері болады. Кездесуге келгендер алғашқы болып көретін болады ;)

Мұмкін болса Wi-fi қабылдағыш құралдармен келсеңіздер болады.
Әрі қарай

Кеше не бітірдім

Жазғы каникулдан кейін жаңа маусым басталғалы біраз болды. Жұмыс бабындағы дүрбелеңдері реттелген болар деп топшыладым, „Чемпионста„ ойнайтын рок-группа қайта жиналды. екі аптасын жіберіп, кеше тыңдауға барғам бұрынғы әдетімше. Біраз үзілістен соң барғасын ба, әлде басқа факторлар болды ма ойындары ауыз толтырып айтарлықтай керемет шықпады. Оның үстіне бастықтары форматтарын өзгертіпті, бір идиоттың берге плейлистімен ойнайтын болыпты. Сол кеште тек қана екі рок, бір рок-н-ролл болды, қалғаны блюз. Сосын да болар керемет кайф болмады.

Амандық болса, 1 қараша күні Астанада боламын, бір керемет рок ойнайтын кафелер болса жақсы болар еді. айтып отырыңыздар.
Әрі қарай

Орталық, шығыс өңірлерге саяхат)))

Сонымен, сабақ басталмай жатып қыркүйектің 8-і күні алғашқы жолымыз Қарағандығы жүріп кеттік. Саяхатқа шыққандар: мен (Мәншүк), Әйгерім, Жаңылай, Назерке, Даяна, Арнат. Қарағандыға біз қыркүйектің 10-нда Қарқаралыда болатын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына бардық.
Әрі қарай

Палшыға бардым

Астанада "Қазақстан" сауда орталығының жанында кофе қалдығымен пал ашатын армян әйел бар. Ставка — 2000 теңге. Әйтеуір елдің бәрі соны мақтайды. Таныс құрбым (тұрмыста) жұмыс таппай жүрген, соған баруды ұсынды. Өзі бір жағынан Шымкентке қайтқысы келіп, шешімге келе алмай жүр екен. Соның жауабын білмек. Мен еріп баратын болдым, одан бізге тағы бір Семейлік қыз ілесті, ол да Астанаға жақында келіп жұмысқа тұрған еді.
Бардық. Есік алды тап-тұйнақтай, но бірақ адам деген көп. 11:30-дан 16:00-ге дейін кезек күтуге тура келді. Анадай кезекті күткен соң, мен де кірмекші болдым.
Әрі қарай

Азияпарктағы түнгі жеңілдіктер

10-ы күні түнде Астанадағы Азияпарк сауда орталығында түнгі жеңілдіктер болды. Сағат кешкі 22:30-дан 03:00-ке дейін. Машина мен адам қырғын. Ешқандай бутикке кіре алмай жәй әншейін қарап қайттым. Қызық концерт те болды. Пижамамен келгендерді киноға тегін кіргізіпті. Азияпаркке бұрын көп адам бармайтын еді, мыналары қызық акция болды. Алматылықтарға таңсық емес шығар, бірақ астаналықтар үшін бұл бір тосын акция болды.
Әрі қарай

Мұндай да болады)))

Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай Қарағанды облысында жыл басынан бері облыстық-республикалық деңгейде ауқымды іс-шаралар өтуде.Қыркүйектің 8-9-10 күндері айтысы бар, мүшайрасы бар, ән конкурсы бар обшым небір қызықтардың бәрі қатар -қатар келеді. мен ән конкурсының басы қасында жүретін топтамын. Отпускаға кетерде жер-жерге конкурс шарттарын жіберген едім, енді жұмысқа шыға салып келген құжаттарды қарап отырып қызық суретке тап болдым. Конкурсқа қатысушы өзінің белгілі бір көлемдегі суретін жіберуге міндетті.Астаналық бір қыз соткамен түскен (2 мп ғой деймін) оның үстіне гүлді-гүлді рамкасы бар суретін жіберіпті)))) Сірә, конкурсқа бірінші қатысып тұр ау деймін))))
Әрі қарай

Парадқа дайындық қалай?









Бүгін Тәуелсіздік сарайы алдында 30 тамыз күні өтетін әскери парадтың алғашқы дайындығы туралы қысқаша репортаж жасауға барғанмын. Дайындық жақсы өтіп жатыр. Парадқа 2000-нан аса әскери қызметші мен 200-ден астам әскери техника жұмылдырылғалы жатыр. 25 шілдеден басталған дайындықтың жақсы екені алаңдағы саптық шеруде айқын көрінді. Астана маңындағы Қырқыншы станция жақта далалық лагерьде 172 палатка тігілген. Оның ішінде 9 шаруашылық пункт тамақтандыруға арналса, әскерлерді жуындыру үшін 6 далалық монша үздіксіз жұмыс істеп тұр. Оған қоса бір мезетте 82 адам жуына алатын душ та іске қосылған. Әскери мамандар керек-жарағын алу үшін далалық дүкен жұмыс істеп тұр. Медициналық пункт бар. Әскери қызметшілерді аспен қамтамасыз ету жауапкершілігін «Нұр ислам» фирмасы өз мойнына алыпты. Сенбі, жексенбі күндері әскерилерді Астананы аралатып, Алжир музейіне апарған. Биыл парадқа жаңадан төрт қорап қосылған. Былтыр әйелдер «коробкасы» біреу болса, биыл екі «коробка» қыздар сапта жүріп өтпек. Сосын теңіз шекарашылары, тау атқыштар бригадасы келген.
Парад-2011 лагерь жиынының бастығының орынбасары подполковник Ринат Ахметов парадты жыл сайын өткен дұрыс дейді. «Себебі, Астаналықтар мен қонақтардың бәрі түгел келіп көреді деп ойламаймын, былтыр келіп көре алмағандары биыл келіп көреді. Қарулы Күштерді, әскери техникамызды өз көзімен көргені дұрыс. Ол Отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелейді», — дейді.
Суреттерді өзім түсірдім.
Әрі қарай