Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?


Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.

Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!
Әрі қарай

Журналистика мамандығы

Маған журналистика мамандығы ұнайды.Күннен күнге қызығушылығым арта түсуде.Арманым белгілі журналист болу.Алға қойған мақсатыма жетуге бар күшімді саламын.Менің журналист болатына ешкім сене бермейді.«Сенен журналист шығады деп ойламаймын» дейді кей адамдар.Бірақ, олардың сөздерін көңіліме алып жүргенім жоқ.Өсе келе одан да басқа сөздерді естуім мүмкін.Соның бәріне де тайсалмай, шыдауға тырысамын.Оған сенімдімін.
Әрі қарай

ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ ( оқиға)

Кокшетау облысынын зеренди ауылынын бир отбасында коптен коптен тунгыш сабилиери дуние келеди. Бул сәби жастайынан өзгелерге қараганда ерекше болады.3 жасынан бастап би өнерине катысып, жүлделі орындарға ие болады. Ата — анасы қыздарын мақтан тұтады.Қыздың арманы алматы облысындағы Жургенов атындағы оқу орнына тусу болатын.Сабағында жаксы окып, жан-жақты бола тұра би онерин биринши катарға коятын.Жазғы демалыста сыныптастарымен саяхатка шығады.Өз тұратын мекендеги окжетпес тауына шығам деп оқыс қайғыға душар болады. Жедел-жардеммен ауруханаға алып кетеди.Алғашқы комек корсетилгеннен кейин даригер ұзақ жылдар бойы емделу керигин айтады.Қыз куни туни жылаумен өтеді.Ойлаған арман мақсатына жете алмай қаламымба деп ойлай, кундери қайғырумен болады.Жылдар бойы турли ем алып жаста да комеги болмайды.Астана қаласына арнайы КВТО мен барып, улкен дарежели профессорларға қаралады.Бұндада керекти емин алса да оған даригерлер би онерине катыса алмайтын айтады.Жастайыннан армандап келе жаткан мақсаты орындалмай қалады.
Әрі қарай

Рамазан Стамғазиев - Арман

video.mail.ru/mail/aitbai62/628/996.html

Арман

Атқан таң, шыққан күндей,
Жайнап алдан-оу, дәриға-ай алтын дәурен-ей,
Қайда қалған-ой,
Ой арман.

Айналған айдынынан, жалғыз аққу
Адасқан әнімбе едің-ай,
Қайран арман-ай,
Ой арман.

Ахоу-ай жалған, арман, арман
Аққудың көз жасындай көлге тамған-ай,
Ой-арман,
Аққудың көз жасындай көлге тамған,
Жанымды тербетесің шерге толған,
Ой-арман.

Жастық шақ, нөсерлетіп
Тез басылған-оу,
Өткен соң қайта оралмас-ай, өз басыңнан-ау,
Ой-арман.

Арудай, арман құсын,
Айналайын, мөлт етіп тұна қалған-ай,
Көз жасыңнан-ай,
Ой арман.

Ахоу, ай-жалған, арман, арман
Аққудың көз жасындай көлге тамған-ай,
Ой арман,
Аққудың көз жасындай көлге тамған,
Жанымды тербетесің,
Ой арман.
Әрі қарай

Қисайып алғым келеді

Тамақ ішкеннен кейін ұйқы неге қысады дегенде, бір қуақы адам ішің созылғанда, бетіңнің терісі төмен қарай тартылады деген екен. Менікі де сол, әбедте тамақ ішіп алғаннан кейін 15-20 минут қисайып алғың келеді. Менің әжем үнемі солай жасайтын, тамаққа отырарда қасына жастығын, көрпесін дайындап алып, 1-2 шесе шәйін ішкеннен кейін, қисая кететін…
Әрі қарай

Бір қылмыскердің қажыры


Бір ақылды адам жазықсыз сотталып, түрмеге түсіпті. Ол түрмедегі өмірінің текке өтпеуі үшін түрме ішінен бір кітапхана ашуды ойлайды. Ол қайрымдылықпен айналысатын жеке тұлғалар мен қоғамдық қорларға әр аптада хат жазумен болыпты. Осылайшы оның алты жыл уақыты өтіпті, бір күні бір қайырымдылық ұйымынан оған екі жүз доллар ақша мен уақыты өтіп кеткен, оқуға татымайтын бірқанша кітаптарды тапсырып алады. Бұл ақша оның кітапхана құруына мүлдеп жетпейтін еді. Сонда да ол қатты қуанады.
Сол уақыттан бастап, ол әлгі екі жүз долларға парақ және пошта маркасын сатып алып әлгі қайрымдылық қорларына әр апта сайын екі реттен хат жазатын болыпты. Ол ақыры өз арманына жеткен екен.
Әрі қарай

Алматы-Астана-Алматы

Шұғыл шараулар шығып Астанаға теміржолмен емес, ұшып баруға тура келді — бір қалғып алып жеттім.
Қайтарға билеттің табылғаны — плацккард. Көршілер, әңгіме:… 67 жасар апайдың хикаялары мен өмірге деген өздік көз қарасы біресе күлдіріп, біресе мұңайтты. Қайнап тұрған өмір — апай осындай адам болса, балалары(қыздары) қандай болды екен деген оймен келдім… Әзірше, өзектісі — апайдың өмірге құштарлығы(агент, екі симкалық сотка + теле2 + далаком, планшеткамда да бар дейді :-) ) МЛМ-ге деген жеке көз қарасы тіпті ерекше — мақсаты өз жүйесін ашу(брендовый зат іздеп жүрсе керек)
Әрі қарай

Алтайдың ар жағына кеткен ару

Арман Тұрдалиев деген азаматтың Премьер-министрдің блог-платформасына жолдаған хатын оқыған боларсыздар. Хаттың мазмұны: өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан немесе некесін қиған Қазақстан азаматы міндетті түрде азаматтықтан айрылуы тиіс. Соны заңдастыру қажет. Алайда, Арман алаңдап жатыр екен деп, қалыңдықтар бас қатырып жатқан жоқ. Керісінше, шетелге ұзатылғандар саны артып жатыр екен. Мысалы бізде (Ақт- авт.) былтырмен салыстырғанда, аралас некеге отыру 36 пайызға көбейген.Күйеу балалар- Ресей, Өзбекстан, Германия, Түркия, Қытай, Австралиядан. АХАЖ-дағылар қазақстандықтар арасындағы некеден гөрі шетелдіктермен құрған отбасы берік болады дейді.
Әрі қарай

Не қамшының сабы, не пенденің нысабы жетпес армандар...

(сурет)Жас кезіңде орындалмаған тілек-армандарың үшін күйзелесің. Ал жасы орта жастан асқандар — арман-тілектерінің орындалғаны үшін өкінеді. Сол баяғы жас кезіндегі орындалмайтындай болған армандар мен тілектері…

Жас болсаңыз екінші тұжырымға таңдануыңыз мүмкін. Осы жайлы кеңірек сөйлесіп көрелікші.

Әрі қарай