Blogcamp'13 админ көзімен

ЖОЛ
Өткенде Блог Құрылтайға баруға міндеттейтін себептердің алғашқысы ретінде достармен жолға шығуды көрсеткен едім. Бұл жолы да достармен бір пойызда болу бақытына ие адамдардың бірі едім. 23 сағаттық жолымыз тез өте шықты. Аз ұйқы, көп әңгімемен өтті де кетті.
ДОСТАР
Шымкентте түскен бойда бізден бір күн бұрын келген алматылық алконавттарға жалданған пәтерге жетіп келдік. Түнде футбол қарап және пәтерде думандатқан топ 1-2 сағаттай болған екен ұйықтағандарына, ояттық ептілерді. Жуындық, шайындық, құрылтайға бірге аттандық.
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Құрылтайдың алғашқы сағаттары әрине бұрыннан таныс, түкпір-түкпірден келген достармен құшақтасумен өтті. Кейін классикалық кіріспесөз, мастер-класс, сессиялар, сұрақ-жауаптар, кофе-брейк, стартаптар, қорытындылар, марапаттаулар. Бірінші рет планшетті болдым. Демеуші болған Талғатқа үлкен рахмет!

2011 жылдың 8 қаңтары. Сағат 4-тің кезі (таңғы емес). Абай мен Момышұлының қиылысындағы пиццерияда терезеге жақын столда үшеуміз отырмыз. Арамыздағы біреу тынымсыз пицца жейді. Біреу тынымсыз жазады. Мен ойланып отырмын. Тынымсыз пицца жеп отырған Димаш. Тынымсыз жазатын Асхат. Димашты жегізіп, Асхатты жазғызып, мені ойландырып қойған бір ғана мәселе бар. Блогшылардың басын қосу. Осылай отырғанымызға 1 сағатқа жуықтады. Дәл сол күні твиттерді парақтап отырып, Ерлан Қарин ағамыздың мына жазбасына көз түсе қалмасы бар ма?!
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
