Байтасовтың отбасында
Тараздағы террактте өз денесін гранатаға тосқан Байтасовтың ерлігін ескеріп, біз де естелік бермекші болып келіскен едік қой. Сурет дайын болып, Айкона беріп жіберген еді. Неге екенін қайдам, суретті алған соң біраз уақыт барудың сәті түспеді. Тек, сенбі күні кешкісін барып қайттым. Сіздердің де қайғырып көңіл айтатындарыңызды, КерекИнфо блогшылары мен Ғаламарт атынан деп суретті табыс еттім. Жары Гүлжамал, анасы Гүлзат рахметтерін айтып жатыр.
Әрі қарай

Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.
Мен қазақ әншілерін көп тыңдай бермейтінім белгілі. Ара-арасында рэптер болмаса. Сол кішкене ғана әннің орындаушыларының бірі Рассим. Тараз қаласының тумасы. 1988 жылы туылған дейді кей деректер. Қазақ түрік лицейінің түлегі. Рассимнің маған ұнаған үш өлеңі бар: