Есіңізде ме, үйдегі аста-төк айран-шұбаттан жеріп, дүкеннің бөтелкеге құйылған кәуділгі қара суына құмартып тұратын балалығымыз? Көршім Гена тіскебасарға алып шыққан котлетін біресе көзіме, біресе мұрныма тақап; үйдің жанындағы өзенге барып қалай шабақ аулайтынын, оны еттартқыштан қара нанмен араластырып өткізіп, ұқыптап пияз бен аскөгін және салып, қалай қуыратынын айтып бергенде ауыздың суы құрып, сол балалық оянды: мана жеген ет пен ішкен сорпа бекер, жалпы бар өмірім бекер өтіп жатқандай көрінді. Шешімім де көп күттірмеді: «жұмыстан келген соң бір сағатқа қармақпен балық аулауға барып тұрам!». Тіпті алтын желбезек балықтарды суырып алып жатқанымды және қасымдағылардың бұл табысыма деген қызғанышын елестеттім. «Тәңірдің таңы атсын осы бар ғой!» деп, күпініп-дөңбекшіп шықтым. Не құдірет десейші осы желігуді: таң ата енді ашылып жатқан базардан қармақ-инені далбаса қымбат бағаға іле кеттім. Балық аулайтын асай-мүсейді жұмысқа алып келгенімде,
Қан төгілсе – қасірет, жас төгілсе – мұң ғана… Солай ма? Сіз білесіз бе, көз жасының химиялық құрамы қан құрамына ұқсайды. Болмашы ғана өзгерістері бар. Көз жасының бір тамшысы адам ағзасы туралы ақпаратты қаннан кем бермейді екен. Адамдар неге жылайды? Ер адамдар неге көз жасын көрсеткісі келмейді? Әйелдер неге көз жасымен қорғанады?
сурет Сыйымдылық — конденсатор…
Бұл жерде көңілің сиса да басқасы сиамайтынына көзіммен қоса басқа жерлерімде жетті.
Әрине — эелектро… тұрғысынан.
Небір электро(…… ...)айымдар — сіздердің токтырыңыз бөлек табиғат — ренжімеңіздер.
Еркектің тірлігіне араласпаңыздар, дейін десем — Кюри ханымға тарих арнаған Бек пен Рыстарды қайда жіберем?
Олай болса ойларыңызды қосыңыздар ;-)
… Түйіні: Керекшілер — белесебепеттен шаршадым: Қазақша қарапайым арбама қолдану жолында мені сол пәле(конденсатор) жалпамнан түсірмейтіндей амалын айтыңдаршы :-(
Біраз уақыт бұрын ұн мен газеттен декупаж жасап ілемін деп Алтыградусқа уәде бергем. Бүгін сіздерге ұсынамын. Керек заттар: газет, су, ұн, стакан, краска (сурет салу үшін)
Күмістің адам ағзасына пайдасы зор деседі. Күмістің денсаулыққа пайдасы ғылыми түрде дәлелденген бе?
Нұржан Құныпиянов, Алматы қаласы
Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған.
Майк Лоуэри (Mike Lowery) пен Пол Прайс (Paul Price) HEB қондырғысын ойлап тауыпты (гидроэлектрлік кішкене бөшке-генератор ), жылғалар мен өзендердің энергиясын қолданады. Қоршаған ортаға мүлдем зияны жоқ. HEBтің ерекшелігі — кез келген су ағысында