«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа термелер байқауына шақырады
Терме – текті сөздің төресі, рухани тәрбиенің құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі. Өкінішке қарай, бір кездері сайын даланың саңлақ ұрпақтары ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғаны жасырын емес. Бабадан ұрпаққа аманат болған, кейінгі кездері кенжелеп қалған осынау өнерді «Әзірет Сұлтан» мешіті қайта жаңғыртпақ.«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанатында: «Әзірет Сұлтан» мешіті тек қана құлшылық орны емес, бас мешіт ірі рухани және мәдени-ағарту орталығы болуы тиіс», – деуі арқылы Президентіміз дініміздің алдағы жұмысы осы бағытта дамуы қажет екенін меңзеді. Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мешіті ұлтымыздың рухани тәрбие құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі, ұлттық өнеріміз – термеге бәйге жариялап отыр», – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы.
Оның айтуынша, қазақ халқы Ислам дінін әрқашан өзінің өнерімен сабақтастырып, дәстүрімен ұштастыра білген халық. Ұрпағына, бала-шағасына насихатты мақал-мәтел, жыр-дастан, хикаялармен және термелермен жеткізе білген. Қазаққа жай сөзден гөрі жыр-термелер қымбат. Себебі, қазақтың жыр-термелерінің барлығы – үгіт-насихат. Міне, осы дүниелерді ескерген мешіт осындау ауқымды шараны қолға алуға бел буып отыр.

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
«Қазақстанның Интернет ассоциациясы»
