Ілімен білім ортасын таба алмасаң бүлін!

Ілімен білім ортасын ұстай білмесең бүлін!
Әбілда деген әулиеге, парсы елінің бір қатын патшасы сауал қойыпты; -Алдында тағам бар болса да, оны өзі жемейді, аш отырады, сонда да ол әлгі тағамын басқаларға береді, бұл қандай адам? Әулие жауабы; -Бұл ақырзамандағы молдалар, олар халыққа дінді насихаттайды, бірақ өздері ешқандай амал қылмайды. Сұрақ; -Адам баласына неше жерден қорлық келеді? Жауап; -Төрт жерден қорлық болады: 1) шақырмаған жерге бару, 2) өтірік жала жабу, 3) дұшпаныңнан қажет нәрсеңді сұрау, 4) өліктен қалжа сұрау. Сұрақ; -Әр адамда қанша асыл болады? Әулие атамыздың жауабы; -Төрт асыл болады. Әуелгі асыл-иман, оның ұрысы-азғырушы шайтан болады. Екінші асыл-намаз. Оның ұрысы-күпірлік, яғни аяттарға теріс пәтуа жасау, ой жору, ортақ қосу. Үшінші асыл-ілім, оның ұрысы- тәкәпарлық, яғни өздерінен артық ілімді жоқ және тура жолдамыз деп өздеріне-өздері баға беру. Төртінші асыл-мейрімділік, оның ұрысы-бақылдық, мейрімсіздік, ата-ана аманатына, үмметтік салт дәстүріне қиянат жасау. Осындай аталарымыздың пәтуасынан, биғатарынан жоғарыдай мақал пайда болып және; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін.». «Бүлінген елден бүлдіргісін алма!» деп дін пәтуасын ортасын жол-жобасын алмай, діннің жібін ире білген елдерден, қызылбастардан келетін діни жолдан абай болыңдар деп біздерге аманаттапты. Ал енді Оңғар қажы Өмірбектің; Дат (09.11 201, №38) басылымына берген аманат туралы сұхбатында; «Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған… Біз жетпіс жыл бойы мұсылмандықтан безген халықпыз. (Астапыралла! біздің әке-шешелеріміз, ұры, залым, зиянкес, 70-жыл кәпір болыпты.) Ал тәуелсіздік тұсында келген ислам жұрттың берекесін алды. (Тағы да астапыралла деңіз! Береке берітін ислам, берекетсіздікке әкелетін ислам болып бөлінеді екен.) Өйткені бізде діни сауат немесе негіз болмады. (Астапыралла! Аманат та, уәде де; жан, рух сияқты негіз болмаған.) кім айтса, соған ердік. Қазақтың өзінің ұлтық дәстүрі ислам қағидаттарына сай келеді.» Абай атамыз қазақтың әулиелерінің намаз оқу, дұға жасау дәстүрінің өзінің қызылбастар намазынан көп ерекшелігі бар екенін жазғанын, бірде-бір муфтият діншілерінен оқыған де айтқандарын естігенде емеспін. Сонда Оңғар қажымыз қай дәстүрді, қандай бесінші (мүмкін қызылбастан келген қажылық дәстүрді) мұсылмандық қарызды меңзеп отырғаны белгісіз. Діни және сөз сауатына өзіңіз баға беріңіз оқушым… Енді қазақ әулиелерінің діни сауаттылығы қандай болған? «… Сау жүрек тесіле ме оқ батпаса, Оқ орнынан біздің ой-шыққан маса. Айық адам аңғармас ішкі сырды, Байқайды сол тесіктен мас қараса. Араққа ақыл, мастыққа ой билетпек,-Оңай емес ертерек ойланбаса. Тәкәпар өзімшілді құдай ұрар, Ақылына бас имей шалқаласа. Сопыларға біздің жар бір қараса, Жар нұрымен жүрегін араласа. Жанын жан, ескі иманын иман демей, Байғұстар қалар еді-ау таң-тамаша.» Шәкәрім атамыз, данның да иманның егіз екі екенін және ескірген иманды заман білімінен, құран құпия сырлары мен Раббымыздан түсіп тұратын, уахи, аян, түстермен жаңалап отыруды насихатап кетіпті. Абай атамыздың «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол..» деген өсиетінің шешімі де осында. Арақ-тәндегі қара қышқыл жындық, нәпсілік қуатпен, ал мастық- үш қышқылдың өз ара аласумен және әйелдік жыныстық шараппен де байланысты пенденің «жын-шайтанға» айналуын ескертеді. Енді ілімен білімнің ортасын ұстай білмеуге бірден-бір себепші, қазіргі таңдағы рухани ауру, және көптеген білімді, ілімді жастарымыз және масхаб діншілерінің ең үлкен қателігі- ол, сыншылдық! Және бұл қасиетті бір жақты қабылдап, өздерін сынай бастасаң ашуға басып, құса салу, осы миларындағы сары суға айналған жын қуаттары мен жүректеріндегі шайтандық тіл қуатарының арасының, мойын арқылы қосылып кетуінен, мастық пайда болады. Ал мастық-дегеніміз; «Өзінің жасына, қоғамдағы орнына, отанына жасаған қызметінен қарамай «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт!» деген ұғымен; Жол дегеніміз-ЗАМАН, ҒЫЛЫМ, Алла тағаланың «Өзі» екенін, өздерін «намазхан» атағандар, дін имамдарының да көбі түсінбейді. Пайғамбарымыз; «Білімді адамның пәлекеті-өзін басқалардан жоғары санауы» деп ескертіпті. Ал енді ілімен білім ортасы дегенімізді пайғамбарымыз; «Адамзатқа екі түрлі білім беріледі, бірі құпия ділінде, бірі тілінде» деген. Бұл өсиетті тіл білімін арап тілі деп өзгертіп алған діншілеріміз. Негізінен құранға қарсылық және аятта; «Дәуітке, Сүлейменге ғылым берілді де, құс тілі үйретілді» деп ескерткен. Және сонымен бірге, таудың, шерік әскерлердің, жындардың, шайтан тілімен барлық өнерлердің де тілі берілген. Құранда қанша тіл білмі бар екенін ашық санмен белгілеп, пайғамбарымыз сандық мәнін де ескертіп кеткен. Ал, алпы әлем білімінде де, философияда да бұл ұғымдар ежелден ислам дініне дейін де бар. Қытайлықтар ділді «ЦИ» ал тілдік білім, пайғамбарлық қасиетті «ЦИГУН» деп атаған. Ал қазақта бұл ұғымды философ, психолог ғалымдармыз жоғалтып, сонан өздері де, ұлтты этнос, нәсілді ұлт деп шатасқан. Діл білімінің негізін, қарапайым түсіндірмесін, Абай атамыз 223-санымен белгілеп ашып берген. Енді діл білімі дегеніміз, әр ұлттың тілдік, үндік, таңбалық ерекшелігі және әйелдер қанында болатын 11-жұлдыздық таяқшалар түрінде кездесіп, және қандай әйелдің текті, қаны таза екенін анықтайтын тәсілін де білеміз. Әйел затының қанымен, еркек қанын араластыруға да болмайтынын, көптеген рухани аурудың осындай жағдайдан пайда болкын да әлем әзір білмейді. Қазақ әулиелері ғана біледі! Және қазақта бұрын 4-ші топ қаны болмаған. Енді 4-ші топ өзге нәсілдерден қазаққа қандай ділдік үндерді алып келді?.. Осындай ата жолындағы генетикалық білімдердің, қазіргі таңда шет елдің ғалымдарына миллиондаған қаражатқа сатуға болатын ақпараттар болғанмен, қазақтың бір қара баласы жаңалық қылып ашып, әлемдік сыйлық алып, қазақтың аруақтық білімінің, әлем алдында даңқын асыратын болса, деген үмітпен ғана сабыр сақтап күтеміз. Бұл туралы әлем ғалымдарының гентика білімін ақтарып шығып, тек қазаққа ғана тән ақпарат және масхаб, т, б сопылық, діни топтардың және еліміздегі өздерін тәкәпарлықпен білімді санайтындарға арналған әулие баларымыздың дайындап қойған оқпаны екені де хақ. Барлық нәрсенің ортасында «Аруақ» яғни Құдайдың құдірет қолы, қандағы ділі бар! Бұл туралы алғашқы ақпаратарды «Діл- дініңнің, тіл-иманыңның айнасы» деген тақырыппен Укепедия сайтына орналастырып қойдым. Керек болғандар іздеп барар.
Әрі қарай

Менде толықтай келісемін..

Бүгін кешке интернетті ашып, мына мақаланы кездейсоқ көріп қалдым. Елбасымыз туралы жақсы да, жаман да әртүрлі әңгімелер бар ғой, бірақ осы сөзіне екі қолымды бірдей көтеріп, толықтай қосыламын.
Біз мұсылман мемлекетіміз, мұсылманның келешегін қолдаймыз, алайда, елімізді орта ғасырға тартпаймыз. Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазір нешетүрлі жағдайлар орын алып жатыр. Дініміз ислам, біз одан кеткеміз жоқ, оны қолдаймыз. Алайда, соның ішінде неше түрлі ағымдар бар. Сол ағымдарда жүрген жастарды «жасотандықтар» тәрбиелеп, жәрдем берулері керек. Біз мұсылман екенбіз деп халқымызды орта ғасырға тарта алмаймыз. Біз мұсылмандардың болашағын қолдаймыз. Мұсылмандықтың да, біздің де өз жолымыз бар. Барлықтарын сыйлаймыз, ой-пікірін құрметтейміз. Алайда, бізге арабтардың киімін басымызға жапқызып, қыздарымызды, әйелдерімізді орта ғасырға қарай тарту — біздің жолымыздан емес», — деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы қазақтар -көшпенділер ат үстінде жүрген халық екенін, ал оның жанында атқа мініп әйелі де серік болып, қыздары да жүретінін айтты.

serke.org/news/prezident-kazaktardy-arabtarga-el%D1%96ktemeuge-shakyrdy
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

20 жылда тек 73 адам жинай алған жамағат таратылды

«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.

Әрі қарай

«Тәңіршілдігі» несі?

Діннен алыстау адаммын. Арақашықтығымызды шартты түрде, осы күні стандарт боп кеткен жиырмасантиметрлік қытайы сызғыштың шкаласына орналастырсам, дін – нөлге, мен шамамен 13-14 сантиметрге жайғасар едім. Неліктен сызғыштың ең соңғы межесіндемін деп айта алмаймын? Себебі, атын қоймаған, бірақ сенетін құдайым бар, айталық – Әділет. Батаға бет сипайтынымды, Құрбан айтпен құттықтайтынымды һәм сүндеттелгенімді басшылыққа алсам – өзімді ислам үшін, ислам мен үшін жоғалған деп есептемеймін.

Енді осы пақырыңыз әнеугүні барып «Шал» фильмін көреді ғой.
Әрі қарай

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға
Ібілісті қарғап, түзу бір жолдан тайдырған
Азапқа ылайық мазаққа ғана сай қылған
Мың шақты емес миллион жылға айдалып
Қор болар ме екем қып-қызыл шоққа айналып
Адамның ұлы ем дүниеге мынау таралған
Дәрежемді айтсам періштеден артық жаралған
Бүгінде бірақ періште қайда мен қайда
Кім созар қолын мүшкілдеу біздің жағдайға
Бауырларым да, бала-шағам, дос, жекжатым
Шайқаспай беріліп шайтанға әскер боп жатыр
Бәріде дана бәріде көсем шетінен
Дәуірлеп дәурен сүруге мықтап бекінген
Ақырет қамын жасамай жүріп әлекпен
Алланың ұлы мейірімінен дәметкен
Сол оттан қорқам, тозақтан қорқам тозақтан
Көрмейді соны қазақтар біздің көзі аққан
Ағылған солай парақорлардын парады
Маскүнемің әне қолтығына қысқан арағы
Жемқорын анау отырған әрең тыныстап
Зинақорың жүр шоколад, шампан, гүл ұстап
Сопылар кетті Аллаға пірін серік қып
Зіркілдеп зікір салғандарыңнан зеріктік
Дымыңды білмес дүмшелер кетті молда боп
Құдайым оңда, әруағым өзің қолда деп
Сәуегей, балгер, тәуіптер кетті дес бермей
Құранның қатал ескертпелерінен сескенбей
Әр төмпешікті әулие санап асыға
Мәр-мәрдан өріп, кесене салдық басына
Қарасаң қайда ағыл да тегіл ысырап
Ысталды кеуде тәңір кәріне ұшырап
Өнерде жүрген сезімнің сансыз құлдары
Сендерде болдың тақ пенен даңқтың құрбаны
Ақын мен әнші серіліктен ептеп татса дәм
Оралың барда ойна-күл деп қақсаған
Жазушы қайтпек бауыры бүтін басы аман
Кейіпкерлердін тағдырын ойдан жасаған
Сан ғасыр бұрын бақилық болған кісінің
Қиялға еріп саламыз сурет мүсінін
Айтылған ғайбат сөздерге сөзсіз жауап бар
Саулайды тілден тірнектеп жиған сауаптар
Қалады ертен қарқ та қарқ, күлкі қалжының
Тозақта шөлдеп, ішкенді ыстық қанды ірің
Жегенің сонда тікенек тектес ас болса
Ата-анаңмен де алмайсын онда достаса
Шайтанға тозақ, жәннәттән оған үміт жоқ
Солқылдақтарды әкетіп жатыр үгіттеп
Сондықтан түскен төрт кітап, сансыз пайғамбар
Сақтаныңдар деп сайтани сауық сайраннан
Жаратушы өзі жөн сілтеп сені қорғаса
Азғырушыға қашқын келеді алдаса
Ғибадат түгел, құлшылық бүтін болмаса
Ниетім түзу жүрек таза деу далбаса
Раббына құл боп өмір сүргісі келмеген
Түсінбей қойдым тәкәппарсыған елге мен
Көз жұмып барып ел ішкен уды менде ішкем
Әдісі артық нәпсіні сонда жеңбестен
Сәл ерте білсем, сан соғып калмай оңбастан
Сәждеге мандай тигізбеспе едім он жастан
Құрышты судай қайнатқан пештен көп ыстық
Азаптан қорықпай әз-әзілдермен өбістік
Қимастай қызық хараммен жиған мал-мүлік
Сорлатар ма екен төзгісіз отта жандырып
Өртеніп жатып өлейін десем өле алмай
Өкірер ме екем өмірге екі келе алмай
Біз қайбір достар пайғамбар сынды асыл ек
Асығып аққан судаймыз, құмы, тасы көп
Шын мұсылман боп өте алмау сұмдық қасірет
Жәрдем бер Алла, жәнәтті бізге нәсіп ет. Әмин!

авторы СЕРІК ҚАЛИЕВ
Әрі қарай

MSN: “Мюллер «Хрусталь түнін» қайталағысы келеді”

Батыс әлемі реті келсе мұсылмандарды тұқыртып алуды жөн санайтынын талай мәрте дәлелдеген. Бұл жолы исламға қарсы пікірді швейцариялық азамат білдіріпті.

Оңшыл саясаткер Александр Мюллер туиттердегі парақшасына:

«Бізге «Хрусталь түні» қайта керек тәрізді. Бұл жолы мешіттерге қарсы»,деп жазыпты.

Фашистік неміс үкіметі тұсында, 1938 жылы қарашаның тоғызынан онына қараған түні еврейлерді жаппай қыру орын алған болатын. Нәтижесінде, 100-ге
Әрі қарай

Хайуаннан қай жеріміз артық?

— Ух — деп демімізді алдық. Мамыр айының соңы. Оқушыларға сабақ, бізге жұмыс тамамдалды. Яғни жазғы демалыс. Сонымен не керек, біздің академия осы жылды аман-есен, жақсы аяқтадық деген ниетпен молда шақырып, құран оқытып, мал шалды. Бәле-жала осы жылмен кетсін, келесі жыл мамыражай болсын деген ниетпен…
Әлқисса, менің осы мектепке келгеніме екі жыл өтіп кетіпті. Осындағы кездерімді есіме алып отырғанымда, белгілі бір оқиғаларға байланысты кейбір сәттер есіме түсіп соны баяндағым келіп отыр.
Әрі қарай

Ислам әлемі: ащы ақиқат


Дүниежүзінде 1,5-2 миллиард мұсылман бар деп болжануда. Демек, мұсылмандар әлемдегі жан санының 25 пайызын (1/4) құрайды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, мұсылмандар христиандардан кейін екінші орында.
Әлемде 57 мұсылман мемлекеті бар, бұлар Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер. Демек, әлемдегі барлық мемлекеттердің 30 пайызы (1/3) мұсылмандардікі. Бұл да үлкен көрсеткіш. Дүниежүзіндегі минералды ресурстардың, энергия көздерінің айтарлықтай бөлігі мұсылман елдерінің еншісінде екенін назарға алайық.
Әрі қарай

«ҚАЗАҚСТАН - НҰРХАЛАЛ» САЙТЫ АШЫЛДЫ


Жақында ғана өз қызметін бастаған «Қазақстан – нұрхалал» тұтынушылар кооперативі өзінің екі тілдегі (қазақша, орысша) сайтын (www.nurhalal.kz) ашты. Онда дініміздің харам мен халалға қатысты ұстанымдары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары, алуан тақырыптағы діни танымдық материалдар, Ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен артықшылықтары, жат ағымдардың теріс іс-әрекеттері мен ниет-пиғылы жан-жақты көрініс табатын болады. Сонымен қатар еліміздегі халал өндірісінің жай-күйі, жаңа құрылған тұтынушылар кооперативінің қызметі және оған мүше болудың шарттары мен талаптары, жеңілдігі, тұтынушылар құқын қорғаудың жолдарына қатысты берілген сұрақтарға жауаптар, т.б. жедел ақпараттар жарияланады.
Әрі қарай