Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.








































Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.