Бүгін "корпоративка":)

Жыл соңы да жақын. 2012 де тәмәм болмақ, аз күнде. Бүгін біздің ұжым үшін ЖЖ. Ұжым боп тойлаймыз. Жаңа жылдық кештің бағдарламасында біраз жақсы дүниелер бар деседі білгіштер. Иншалла, мен қызмет еткен ресми 4 інші жұмыс орным, бұйырса, 3- ұжымдық кешім.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
Әрі қарай

"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.
Әрі қарай

Өлең жаздым, мінекей!

Өмір!
Өмір…
Өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық…
Бірақ, көппен теп-теңбіз!
… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,
Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!
Әрі қарай

Елордаға сәлеммен!

6 шілде күні Елордамыздың 14 жылдығына орай Ақтау қаласында мерекелік кеш өтті. Бұл шараға жергілікті шығармашылық топтармен қатар, Астана мен Алматы қалаларының эстрада жұлдыздары ән шырқады.
Астананың қуанышымен қатар Елбасымыздың туған күнімен сәйкес келгендігі, қазақстандықтар үшін үлкен жүрек жарды мерей той болды.
Әрі қарай

Жеміс-жидек жейтін маусым келіп қалды. Алақай!

Бізге келмеген жеміс Ақтауда қайдан демеңіздер. Суреттер архивтен алынған.



Ақтауда алма, мандарин, банан сатушыларының аузынан "Қытайдікі", «китайский» деген сөздердің орнына Түркменстан, Әзербайжан, Иран дегенді естисіз. Ақтауға жаңадан келгенде Қытайдың майда мандаринін іздеп, таппап едім.Қыстың күні үлкен мандариндер дәмсіз болады деген ой санамда қалыпты. Қате екен. Майда мандариндерсіз-ақ күн көріп жатырмын.
Әрі қарай

Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)



Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Әрі қарай

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЫЫЫЫЗ!!!

Бүгін Керектегі VKM, Малика, Венера Касымова деген қыздардың туылған күні!
Шын жүректен құттықтаймыз! Бақыт тілейміз, төмендегі жыр жолдары Олардың биік мәртебесіне арналады)))
Арда жұрт, аманбысың, Керек деген,
Мен бүгін қуанышты дерек берем!
Тап бүгін ВКМ ару туылған күн!
Бұл қызды мен көбіңнен ерек көрем!
Санасы сергек, білім, білігі мол,
Ойы да біразыңнан зерек дер ем)))
Айтқаны орындалып келе жатыр,
Астанаға көктем енді келед деген,
Күнтізбеде Наурыз деп тұрса болды,
Қар кетеді, Күн де нұрын төгед деген,
Венеражан, көктемің құтты болсын,
Орасын көңіліңді желекпенен!
Бар биікті бағындыр ойыңа алған,
Асу деген қалмасын, Сен өтпеген.
Таусылмайтын мол байлық берсін Тәңір,
Дос, туысқа шашсаң да шелекпенен!
Мен тоқтайын осымен, ендігісін,
Халқың айтсын, тілектес КЕРЕК деген!
Сөз соңында… Шолпанжан, әкел бетті!
Кім сүйеді, сол бетті мен өппеген)))

ПыСы: Кстати, саған арнап сыйлық алғам,
Оны енді… Кешке қарай бөлек берем)))
Әрі қарай

Президент Құлыбаевты отставкаға жіберді!

Бүгін бір тосын жаңалықтарға толы болды.

Әуелі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Маңғыстау облысына келіп, облыс басшысын ауыстырды. Бұрын ол Қырымбек Көшербаев болса, енді Бауыржан Мұхамеджанов атты әуелгі қызыл жағалы. Тенгриньюс.кз ақпараттық агенттігінің айтуынша, бүгінгі ауыс-түйістер кезінде Президент Көшербаевқа кінә қоймайтындығын, керісінше, осынша уақыт ереуілде тұрған мұнайшылармен келіссөзге келмеген "ҚазМұнайГаз" басшылығы кінәлі деп тапқан болатын. Соның нәтижесі ретінде "ҚМГ" басқарма бастығы етіп, сол Маңғыстау облысының тумасы, әрі сол өңірде облыс басшысы болған Ләззат Қиыновты тағайындады.
Әрі қарай

Көшербаев кетсін, Назарбаев келсін!

Осының алдында жазған «Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек» атты постымды
Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!

деп аяқтаған болатынмын. Сол тілек орындалатын секілді. Бүгін, яғни желтоқсанның 22-сі күні Елбасы НӘН Ақтауға ат басын бұрды. Дұрыс шешім күтеміз.

Айтпақшы: Бейресми көздер бойынша, жаңа ғана Көшербаевтың орнынан алынғаны туралы ақпарат алдым. Облысты енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады.
Әрі қарай

Жаңаөзен оқиғалары мен ол туралы пікірталастар туралы

Өзім аттас ілімнің жаман тұсы сол: кез келген, кім көрінген, көлденең көк атты, вертикал есек мінген, не керек — айналыспайтын адам жоқ. Тіпті кейде, осы саясатпен мал екеш мал да айналысатын шығар деп ойлаймын: бейшараларда тек тіл жоқ сияқты.
Дәл сол уақытта — саясат логикалық баспалдақ салып алып сөйлейтін ілім. Саясатта «Ақшасы көптер қанап жатыр!», «Шетелдегілер көре алмай отыр!» деген, асбөлмеуи-қатын өсек іске аспайды.
Бұған қоса, адамның бір осал тұсы бар. Ол — қорытынды шығаруға қажеттілік. Неге екені
Әрі қарай

Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек

Тәртіпке бағынған құл болмайды! (Бауыржан Момышұлы)

… Естіп жатырсыздар.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын міне тойлап бастағанда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бүлік бұрқ ете түсті. "Қалай болды, кім бастады, неден, неге?.." деген т.с.с. сұрақтарға жауап бермеймін. Бере де алмаймын. Өйткені, мәселенің түп-төркіні алыста жатыр. Ал оқиғаға себепші — әрі билік, әрі оппозиция және «адамның құқын қорғағыш» әміркандық һәм батыси ұйымдар мен сымақтар. Келіспессіздер, алайда бұл менің пікірім. Бірі бері тартса, бірі ары тартты. Енді қара халық зардап шегуде…
Әрі қарай

Алматыны аңсау

Ат терлетпей-ақ, поездің түтінің шығарып (көз жасымды көлдетіп) Ақтауға да жеттім-ау. Мені сүйікті Алматымнан кетуіме себепкер болған Ақтауды қалай жатырқамайын. Алайда мен келгелі жел де соқпады, күн де күлімдеді. Маған ұнағысы келгендей. Қала аралауға әлі мүмкіндік болмады. Шағын, жылы қала екен. Каспийді көрдім алыстан. Кинопремьералар Алматымен бірдей-ақ жүріп жатыр екен.
ПыСы: Пропискам Ақтауда болса да, жүрегім Алматы деп соғады:
Әрі қарай

Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды.
Әрі қарай

Стинг не үшін келмеді?



Стингтің Астанаға келмеу себебі — Қазақстанда адам құқықтарының сақталмауында екен. Amnesty International деп аталатын халықаралық адам құқығы ұйымының ескертпесімен Стинг Астанада жоспарланған концертіне бармау туралы шешім қабылдапты. Бұл туралы әншінің өз вебсайтында жарияланған.
Әрі қарай

Рэп-басқосу: MC Ali - Бір тудың астында (ft. Tarlan, Biko, G-HAD отбасы, MC ASA, BNN, Шоқан, Hazard, ШYNGYS)

Тағы да қазақша рэп-басқосу

ЕСКЕРТУ: ӘНДЕ БАЛАҒАТ СӨЗДЕР БАР, СОНДЫҚТАН ОНДАЙ СӨЗДЕРГЕ АЛЛЕРГИЯСЫ БАРЛАР ТЫҢДАУДАН БАС ТАРТҚАНЫ ЖӨН. АТА-АНАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАНЫНДА ӘННІҢ ДАУЫСЫН ҚАТТЫ ШЫҒАРЫП ТЫҢДАУҒА ДА КЕҢЕС БЕРІЛМЕЙДІ. ТЫҢДАП ҚОЙСАҢЫЗДАР, ЕСКЕРТПЕДІ ДЕМЕҢІЗДЕР!



Әрі қарай