ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады. АҚШ пен Еуропада PSA (Public Service Announcement) термині ретінде қолданылады.

Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.

Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.

Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.

Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.

Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.

Қосымша:

Ниагара сарқырамасы Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7-10 см жылжуда. Козий аралымен екі бөлікке бөлінген: канадалық бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.
Әрі қарай

Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Ақпарат әлемді билейді. Ақпаратты таратудың әртүрлі технологияларының дамуы біздің планетамызды үлкен «ауылға» айналдырғандай және бізді ол «ауылда» шынымен не болып жатқаны қызықтырады, дегенмен, сол болып жатқан жағдайлар туралы басқалардың не жазып, не айтатындығы одан сайын қызықтыра түсетіндігі шындық.
Біздің жетістігіміз бен өз өмірімізде қаншалықты алға жылжығанымыз санамызға қандай ақпаратты саралап енгізгенімізге байланысты.
Ақпаратқа ие болғандар әлемді билейді. Осы сөздің дәлелі ретінде австралиялық интернет-журналист, хакер Джулиан Пол Ассанжды (Julian Paul Assange) келтіруге болады. Wikileaks сайтын құрушы Ассанж 1971 жылы шілде айының 3 күні Австралияда дүниеге келген. Үлкен көлемде шпиондық жанжалдар, биліктің жоғары эшелонындағы жемқорлық, әлемдік державалардың дипломатияларының «жасырын» тұстары мен әскери қылмыстары туралы құпия құжаттарды көпшілік назарына жариялаған. 
Мемлекеттік құпия құжаттарды жариялау қылмыспен теңеледі. Және бұл үшін бас бостандығынан айрылатынын, тіпті өміріне де қауіп төнетінін біле тұра Ассанж осы «батырлығын» қалай және не мақсатпен жасады?
Wikileaks сайты өз жұмысын 2006 жылы бастаған екен. Алдағы уақытта қандай деңгейде жұмыс жүргізетінін білген Ассанж негізгі сервердің «үйі» Швеция болады деп шешті. Себебі, бұл ел журналистерге деген түзу ниетімен танымал. Сайттың басты ерекшеліктері: Интерфейс қарапайым және түсінікті, белгілі техникалық білімі жоқ адам да жеңіл қолдана алады; кез-келген адам өзіне белгілі болған құпия құжаттарды еш кедергісіз сайтқа жібере алады; криптографиялық технологияларды қолданудың нәтижесінде ақпарат жіберуші толықтай жасырын түрде қалады (анонимно) және оған ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ретінде құжаттар Wikileaks сайтына шықпас бұрын порталдың барлық серверлеріне көшірме жасалып, бір уақытта шығады. Нәтижесінде ақпарат қай жерден жіберілгенін анықтау мүмкін болмайды. 
Джулиан Ассанж Wikileaks сайтымен шектелмей, Ауғанстандағы соғысқа қатысты 100 мың, Ирактағы соғысқа қатысты 10 мыңдай құжаттарды баспасөз беттеріне де жариялауға берген. Олардың қатарында «әл-Жазира», «The Guardian», «Der Spiegel» және «The New York Times» секілді газет редакциялары бар. 
Бұл құжаттарды жариялау бұқара халыққа осы елдерде ғана емес, әлемде не болып жатырғанын жақсы түсінуге көмектеседі деген болатын Джулиан және ол қолында Пентагонның 15 мыңға жуық құпия құжаттары бар екенін де мәлімдеді. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Бүгінгі таңда Ассанж Лондондағы Эквадордың елшілігінен саяси баспана алып, сонда отыр. 2013 жылдың тамыз айында Wikileaks сайтында 400 гигабайттық құпия материалдарға сілтеме салынған. Бірақ, құжаттар құпия кодпен сақталған. Құпия код  Джулиан Ассанжға немесе Wikileaks сайтының негізгі өкілдеріне қауіп төнген жағдайда жарияланады делінген.
Жасаған істерінен сөз бостандығын қалыптастырып, әлемде әділдік орнату, адам құқығын қорғау, құпияларды жариялау арқылы басқарушы элитаны «аяғын аңдап басуға» итермелегендей көрінеді. Алайда, бір емес, бірнеше әлемдік «айдаһарлардың» құйрығын басқан бір адамға барлығы жүріп қарсы тұра алмағаны қалай деген заңды сұрақ туады. 
Интернет-журналистің АҚШ-тан бастап, көптеген батыс елдерінің мемлекеттік «құпия» құжаттарын жариялап, қылмыс жасағанына қарамастан, оны халықаралық арнайы қызмет органдары іздеу салып, ұстай алмай жүргендігіне сену қиын. Wikileaks сайтында жарық көрген құжаттардың көпшілігінің АҚШ-қа қатысы бар. Америка Құрама Штаттары бәріне белгілі көп мөлшердегі ақшалай ғана емес, адами ресурстарымен, хакерлерімен, ұлттық қауіпсіздік агенттіктерімен қалайша бір сайтты жауып, жұмысын тоқтатуға күші жетпей отыр?
Джулиан Ассанж Остинда өткен технологияны дамытуға арналған South by Southwest халықаралық конференциясында Skype арқылы сөз сөйлеп, «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Ұлыбританияның мемлекеттік байланыс орталығы біздің планетамызға «тыңшылық» жүргізетін болады, себебі, бұл бағыттағы олардың мүмкіндіктері 1,5 жыл сайын екі есе өсу үстінде» екенін мәлімдеді. 
«Әрбір адамды бақылау мүмкіндігі көп ұзамай шындыққа айналады, бұл алдағы бірнеше жылда шешілетін мәселе» деді Ассанж. Сонымен қатар өз сөзіне «біз жаңа тоталитарлық әлемге аяқ басып келеміз, Сталин немесе Пол Пот кезіндегідей емес, әрине,  тоталитарлық-тұрақты бақылау жүргізу мағынасында» дегенді сенімді түрде қосып айтты [1]. 
Америкалық лингвист, философ, саяси аналитик – Ноам Хомский өзінің зерттеулерінде «БАҚ көмегімен адамдарды басқарудың 10 әдісін» келтірген болатын [2]. Солардың ішінде «бірте-бірте енгізу» мен «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу» әдістері бар. Америка Құрама Штаттарының арнайы бақылау агенттіктері адамдарға бақылауды күшейтпесе, әлсіретпейтіні анық. Дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттер мен адамдар арасындағы ақпараттық-коммуникациялық байланыстарды, интернет желісіндегі процестерді, смс-хаттамаларды, пошта жәшігі арқылы хат алмасуларды, ұялы телефондармен сөйлесулердің барлығын бақылап отыратындығын, жазылып, сақталатындығын 2013 жылы Американың арнайы агенттіктерінде жұмыс жасаған Эдуард Сноуден мәлімдеген болатын. Онымен қоса «PRISM», «X-Keycore», «Tempora» сынды жобалар туралы да құпия құжаттарды жариялауға берген. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Әскери адамдарға «бұрынғы» деген сөз қолданылмайтыны белгілі. Ал Сноуден сынды арнайы қызмет өкілдерін «бұрынғы» деп айтуға тіптен келмейді. Қандай «қылмыс» жасаса да оның бір себебі, анық «миссиясы» бар. Сноуденнің «миссиясы» Американың әлемге бақылау орнататындығы туралы «құлаққағыс» ретінде тұспалдап көрсету, аудиторияны соған дайындау немесе осы арқылы алдын ала қоғамның реакциясын біліп, саналарына судай сіңіргісі келген шығар. Бұл ақпарат интернет арқылы бұқараға тез жетіп, таралып, уақыт өте келе қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болады. Осылайша Ноам Хомскийдің БАҚ арқылы басқарудың бірінші әдісін байқауға болады.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Екіншісі, «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу». Жоғарғы «система» адамдардың физиологиясымен қатар психикасы туралы да өте көп мөлшерде ақпарат жинап, басымдыққа ие болды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында интернет, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халық туралы әр түрлі бағытта деректер жинақталады. Олар Facebook, Twitter, Instagram т.б. тіркелу кезінде (аты-жөніңіз, суретіңіз, телефон нөміріңіз, айналысатын кәсібіңіз), қолдану кезінде (күнделікті суреттеріңіз, немен айналысатыныңыз, қызығушылықтарыңыз, GPS арқылы әрдайым жүрген жеріңіз, ой-пікіріңіз) тағы да басқа әркімнің өзі жазған ақпараттары арқылы қолданушының психикасын толықтай зерттеп біледі. Ал адамның психикасын білу дегеніміз – сол адамның қоршаған ортадағы болған оқиғаны түсінуін, елестетуін, қабылдауын, ерік, сезімін білу деген сөз. Психиканың жоғары нысаны – адам санасы. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адам санасы басқарылады деген сөз. Адам санасын басқару – күштеп емес, адамдарды «саналы» түрде өзіне тиімді жаққа бұру, керек іс-қимылдарға итермелеу. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Байқап қарасақ, тарихы тереңде жатқан АҚШ-қа Wikileaks сайтында жарияланған «құпия» құжаттар ешбір кесірін тигізбейтіндей. Құжаттар қатысты болған мемлекеттік өкілдер не жазаға тартылып, не өз орнынан түсті дегенді естімедік. Сноуденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттіктері мен барлау орталықтары «бақылауын» тоқтатты деп ешкім айта алмайды. Тарихта бірнеше рет кездесетін «ақпараттың жайылып кетулері» Американы басқалардың алдында одан сайын күшті қылып көрсететіндей. Әлемді мысымызбен басып отырмыз дегендей пиғылдарын үсті-үстіне дәлелдей түсетіндей.
Ресейлік жазушы, журналист, саяси сарапшы Д.Ю.Лысков pravda.ru сайтындағы жарияланымында былай дейді: «Wikileaks жеке мақсаттармен жасалған дүние ме, әлде АҚШ мемлекеттік департаментінің қаруы ма?» деген пікірталаста басы ашық тұрған нәрсені назардан шығарып аламыз, ол – Wikileaks-тың АҚШ тапсырысымен жасалғандығы.
Алайда, Wikileaks-ты кім жасағаны маңызды емес. Джулиан Ассанж бен оның ең басты ақпарат берушісі Бредли Меннингтің оқиғалары шынайы ма, әлде ойдан шығарылған «аңыз ба», оған ешкім ешқашан нақты жауап бере алмайды. Себебі, қандай жағдай болмасын күмән болуы заңдылық» [3]. 
Ең бастысы бірнеше жыл ішінде ғаламторда әлемнің назарын өзіне аудартқан ақпараттық ресурс таралды. Бұл ақпараттық ресурс ғаламшарымыздың көптеген мемлекеттерімен қатар, экономикалық аймақтарының да саясатына айтулы өзгерістер әкелді. 
«Тек бір ғана нәрсеге сенімді бола аламыз, яғни, ештеңеге ақи-тақи сенімді болмау керек» — деп Үлкен Плиний айтқандай [4], бұл ақпараттық ресурсты кім шығарғанын нақты айта алмаймыз. Оның мұндай жұмбақтығы оған тағы да күш қоса түсетіндей. Қалай болғанда да Wikileaks ақпараттық қоғамда әлемдік деңгейде көрініс берген ең ықпалды ақпараттық қару ретінде тарихқа енгені анық.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

(Суреттер интернет желісінен алынған)

Мені
twitter: twitter.com/Raiymbek94
Facebook: www.facebook.com/raimbek.ramazanov?ref=tn_tnmn
желілерінде оқыңыз. Рахмет!
Әрі қарай

Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Бағана қарап отырып, Лю Идің туындыларын көріп қалып, соның бір суретін толығырақ түсінуге тырыстым. Түсіндірмені таптым да. Аударып шықтым шама-шарқымша. Бұларды жалаңаш денелі қыздар деп емес, айтары бар өнер туындылары деген көзқарастамын.
Әрі қарай

Әуежайға қамалған алтау

Эдуард Сноуден
Міне, бүгін Эдуард Сноуденнің Шереметьево әуежайында қамалып отырғанына апта болды. Осыбір экс-барлаушы ел мен елдің арасында "қысылып қалған" жалғыз жан емес. Әлем тарихында тағдырдың тәлкегімен әуежайдың транзиттік зонасында күнін өткізгендер баршылық. Солардың әлемге танылып, шу шығарып, дау тудырған алтауы мыналар:

Мехран Карими НассериМехран Карими Нассери
Осынау саяси босқынның арқасында Стивен Спилбергтің «Терминал» көркем фильмі түсірілген. 1977 жылғы Ирандағы саяси наразылықтарға қатысты деп елден шығарылған оған төрт жыл өткен соң Бельгия жерінде саяси босқын мәртебесі беріледі. Еуродақ заңнамасы бойынша, Еуропа елдері аумағында саяси босқын атанғандар, кез келген Еуропа мемлекетінің азаматтығын алуға құқылы.
1986 жылы Ұлыбританиядағы туыстарына барып, сонда қалып қоймақ болған Мехран жол үстінде құжаттарын ұрлатып алады. Дымсыз қалған оны Хитроу әуежайынан Париждегі Шарль де Голльдің әуе айлағына қайтарады. Нассери сол жерде өзінің 18 жылын өткереді. Франциядан шығарып тастай алмайды, себебі ол бұл елге төлқұжатымен, заңды түрде енген. Бельгияға да орала алмайды, ол үшін төлқұжат қажет, ал оны алу үшін Бельгияға бару керек.
Тоғыз жыл өткен соң ғана Бельгия үкіметі ирандықты төлқұжатсыз қабылдауға дайын екендіктерін айтады. Бірақ, Нассери Ұлыбританияға кеткісі келеді. 2006 жылы қатты ауырғандықтан, әуежайдың маңындағы қонақүйге көшеді. Әлі күнге дейін сонда тұрып жатыр.
Әрі қарай

Жалаңаш қыздар не ойнап отыр?

Мына суреттің авторы Лю И атты канадалық қытай суретші. 6 наурыз 2005 күні Нью Йорктегі бір көрмеге қойылған бұл сурет біраз дау-дамай және пікірталас тудырған екен. Суреттің аты «Пекин 2008».

Бұл сурет не туралы?

Суретте қытайлардың маджонг ойынын ойнап отырған қыздар бейнеленген. Терең мағына бар бұл суретте.

Арқасында тату бар қыз — Қытай.

Үстінде киімі бар, қолын басының артына ұстап, ойланып отырған қыз — АҚШ.

Жатқан қыз — Ресей.

Ойынға беріліп кеткен жалаңаш қыз — Жапония.

Ал ойыншыларға қарап, қолына жеміс табағын ұстаған қыз — Тайвань.

Қытай қыз «шығыс самалы» атты комбинация шығарыпты (3 бірдей тас). Екі мағынасы бар: Қытай экономикасы шығыс самалын жақсы қолдануда, сондай-ақ ол қытайлық ракетаның да аты. Былай қарасаң комбинация жақсы сияқты болғанымен, бұдан кейінгі тастардың қалай шығатыны белгісіз. Және қытай қыз басқаларға көрсетпей 2 тас ұрлап отыр. Бір ойы бар.

АҚШ қыз бәрін түсініп, қарап отырған сияқты, нақты жоспарлары бар. Және Тайвань қызға да қарап отыр, бір көзін қысып бір нәрсе меңзеп тұрған да сияқты.

Ресей еш қызығушылықсыз жатқан сияқты. Бірақ негізінде олай емес, бір аяғы АҚШ-тың тізесін басып жатыр, бір қолымен Қытайға тас ұрлап берді. Ортақ бір ойлары бар.

Жапон қыз ойынға берілген, басқаларда шаруасы жоқ. Тек өз "қолын" қарауда.

Тайвань қызыл ұлттық киім киген. Мүмкін ол қытай мәдениетін жалғастырушы болғандығынан ба екен? Бір қолында жеміс табағы, бір қолында пышақ. Ол Қытайға суық, жаман көзқараспен қарап тұр. Бірақ ойынға қосыла алмайды, қолынан келетіні жеңімпазға жеміс тазартып беру.

Терезенің ар жағында өзен жағасы және жаман ауа райы тұр. Үлкен жел көтеріліп, бір апат болатындай.

Бөлмедегі портрет те қызық. Сунь Ятсеннің мұрты, Чан Кайши сияқты жылтыр бас, бет-әлпеті Мао Цзедунге ұқсайды.

Қыздардың киімдеріне келейік.

Қытайдың үсті жалаңаш, бұтында іш киім және юбка.

АҚШ халат және ішкөйлек киген, бірақ белден төмен жалаңаш.

Ресей тек лыпамен қалған.

Жапония толығымен жалаңаш.

Бір қарағанда АҚШ ең күштісі сияқты болып көрінеді, киімі де бар үстінде. Басқалары жалаңаш. Бірақ АҚШ-тың төменгі жағы жалаңаш. Ресей мен Қытай жалаңаш болып көрінгенмен, негізгі құпия жерлері әзірше жабық.

Бұл ойынды "ұтылған шешінеді" ойыны деп қарайтын болсақ:

Осы раундты Қытай ұтылса Ресейдің жағдайына жетеді (КСРО құлаған кездегідей).

Егер АҚШ ұтылса ол да Ресейдің жағдайына жақындайды.

Ресей ұтылса ештеңесіз қалады.

Жапонияда ештеңе қалған да жоқ. Енді ұтылса ойыннан шығады.

Қортындылайық:

АҚШ жақсы қыз болып көрінгісі келеді, бірақ енді ұтылса құриды. Барлық жақтан қауіп бар оған. Ресей екі жақпен де келісіп, ойнап отырғандай. Ең залым, ең қауіптісі осы. Басқалармен тас ауыстырып ойнап отыр. Қытайда қандай тастар бар екенін көре алмай отырмыз. Қанша тасы бар екені де белгісіз. Үстел астында Ресеймен тас ауыстырып отыр. АҚШ ештеңе көре алмай, Ресей мен Қытай өзара келісіп ойнап отырғандарын ойлағаннан басқа ештеңе істей алмай отыр. Жапония әлі де ойында, ұтылса ойыннан амал жоқ шығады. Тек түсініксізі Қытай ғана. Не ойлап отырғанын ешкім білмейді. Тайвань бәрін көріп, түсініп отыр. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ойынға қатысуға мәртебесі жетпейді әлі.

Бұл ойынды Қытай немесе АҚШ жеңетіні анық. Бірақ АҚШ-та күш көп болғанымен ол покер емес қытай ойыны маджонгты ойнап отыр және қытайдың ережесімен…

"Мұсылмандардың адалдығы" фильмі


Күллі мұсылман қауымының наразылығын тудырған мына бір фильм АҚШ-та түсірілген. Режиссері — Сэм Бейсиль. (Израильда туған) Қазір осы фильм мұсылман мемлекеттерінің өз елдеріндегі АҚШ елшілігіне шабуыл жасауына себеп болуда. Оны мына жерден көре аласыздар.

ал мынау фильмнен үзінді www.youtube.com/watch?v=qmodVun16Q4&feature=player_embedded

Мұхаммед (с.ғ.с.) бейнесін сомдаған актерлердің тірі жүргені жоқ, себебі дінде пайғамдарымыздың бейнесін сомдауға тыйым салынған.
Әрі қарай

Проксаны "ұйықтату"

Қыркүйектің 2-сі күні (түнде)еліміздің біраз бокссүйерлері көк жәшікке телмірді. сондай-ақ дәл осындай құбылыс поляк жанкүйерлерінің ішінді де орын алыпты. Себебі, АҚШ-та біздің Геннадий Головкин мен Гжегож Прокса өзара кім мықты екендігін анықтау үстінде еді.WBA бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты тартып алмақ болған Проксаның әрекетінен түк өнбеді. Дей тұрғанмен оны оңай қарсылас деуге де келе қоймас. 4 раундта алған нокдаунынан кейін есін жиып, 5-ші раундта бірақ құлады ғой қасқа бала.
Сөйтіп біздің Гена (жаңалықтардан баяғыда естіп алғандарыңызға сенімім мол) өзінің 24-ші жеңісіне қол жеткізіп,21-ші нокаутын қойын дәптеріне түртіп қойды.

ПыСы: Керектік жігіттер Майқұдыққа келіп тойлаған түні, Генамыз да біздің үйде, біздің подъезде менің служагымның үйінде болыпты. Служагым «Сендердікіне кірейік дедік те, ұялдық » дейді. Ән салып, шулап жатқанымызға қызығыпты негізі.

Әрі қарай

Бейтараптық!

«Ресей «Сирия» және «Иран» сияқты халықаралық мәселелерді реттеу бойынша өзінің ұстанымын қалыптастыруда бейтарап болады», — деп мәлімдеді Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин.
«Сириялық мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұстанымыз, біздің ешкімді де қостамайтындығымызды білдіреді. Алда да осылай болады деген үміттемін», – деді Путин Ресейдің саяси зерттеулер орталығының президенті Владимир Орлов, Ресейдің Иран мәселесі бойынша өзіндік ұстанымда еместігі туралы өзінің ойын білдіріп, «америкалықтардың әр басқан қадамын қолдауды Ресей қашан қояды?» деп сұрақ қойғаннан кейінгі, сарапшылармен болған ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту сұрақтарына арналған кездесуде.
Сонымен қоса, премьер, «Ресей басқа да мемлекеттердің, әсіресе араб әлеміндегі елдердің «сириялық» және «ирандық» сұрақтар бойынша көзқарастарын ескереді, деді.
Орловтың, «тек еуропалықтар мен АҚШ-тың ғана емес, сонымен қатар Түркия, Мысыр, Индонезия, Қытай мен Бразилия сияқты мемлекеттердің пікірлерін есепке алу» жөніндегі үндеуіне жауап бере, Путин Мәскеу, сарапшының айтқан «барлық серіктестермен жұмыс жасауда» деп растады.
«Мысырмен жұмыс жасау қиынға соғып отыр, өйткені мемлекет өте күрделі ішкісаяси жағдайда тұр. Бірақ Мысыр – араб әлеміндегі көшбасшы, ал араб әлемінде Иранның ядролық қаруға ие болу мүмкіндігіне үлкен күмәнмен қарайды. Яғни, араб мемлекеттері бұған толықтай қарсы», — деді Путин. Оның айтуынша, «оған үлкен дәлел – араб әлемінің Сириядағы оқиғаларға деген көзқарасы». «Бұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және біз осыны ескереміз», — деп ой білдірді премьер. «Бізде өзіміздің жеке қызығушылықтарымыз бар, бірақ біз жедел әрекет етіп, әлемде не болып жатқанын түсініп, ешқашанда көлеңкеде қалмауымыз қажет», — деп айтты ол.
Бұрынырақ Ресей мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға қарсы санкция енгізу қаупі болған резолюция шешімі жобасына екі рет «тосқауыл» қойды. Ресей зорлық-зомбылықты тоқтату және халықты қорғау мақсаттары шеңберінен шығып кеткен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен Ливияда басталған әскери күш шаралары тектес «ливиялық сценарийді» қайталау қажет емес деп санап, Сирияны санкциялармен қорқыту әрекеттерін құптамай, қарсы шығуда. Сирияда 2011 жылдың наурыз айының ортасынан бастап антиүкіметтік наразылықтар тоқтамай келеді. Күн сайын адам өлімдері туралы хабарламалар келіп түсуде – оның ішінде бейбіт тұрғындар да, әлеуетті күш құрылымдарының қызметкерлері де бар.

Ал Қазақстан ше, таяу шығыстағы мәселелер жөнінде қандай ұстанымда екен?!
Әрі қарай