Блогкемп Блог құрылтай Ұйымдастыру комитетінің Астана қалалық орталық бас басқармасы кезекті бас қосуын 17.02.2012, жұма Керуен штаб пәтерінің 3-ші қабатында
сағат 18.30 жасайтын болды.
Есігіміз жоқ ашық.
Күн тәртібінде екі мәселе:
1. Астанаға қашан шығамыз? Немен барамыз? Жалпы кім қашан жол жүреді?
2. Алматыда блогкэмптен алдын қашан жиналамыз? Астаналық ұйымдастырушылардың бізге берген тапсырмаларын талқылау керек. (Тапсырмаларды елордалықтар жақында айтамыз деген, не сұрағаныдарын өзім де ұқпадым...)
Фотигімді көптен бері көрмей, сағынып (белгілі бір себептер болып еді), әйтеуір қолыма тигенде, мынандай әдемілікті суретке түсіріп алмай, тыныш өмір кеше алмас едім. Сұлулықтың бәрі де табиғатта екеніне тағы да түсіндім.
Түстердің сан түрлілігі, аспанның құлпырғаны, бәрі бәрі көркем! Соны көре алатыныма АЛЛАға шүкір!
Керекинфо еркін блог жүйесінде «Блог құрылтай», «Блогкемп» деген алашапқынның басталғанына көп бола қойған жоқ. Алда болар шараға қатысты жарияланған, жарияланатын жазбалар «тақырып аясынан тыс жердегі» юзердің әуелі сұрау белгісін (не бұл?), содан кейін сұрау белгісі мен леп белгісін (не айтып кеттіңдер?!), соңынан тек леп белгісін (ой, немене, блогкемп, блогкемп деп бәрің, басқа әңгіме жоқ па!) туғызуы мүмкін. Қызықтың көкесі әлі алда, Құдай сәтін салса, наурыздың аяғына таман он жазбаның тоғызы құрылтай туралы болады, сол кезде «асанқайғылатқан» кейбіреулер болмаса, өзгеміз баяғы сауын айтқан қазақтың ар жақ-бер жағынан табылармыз деп үміттенемін.
БлогҚұрылтай жақындаған сайын, кездесулеріміз жиіліне түседі. Бүгін де 13 адам болып жиналған екенбіз. (Біз үшін қасиетті сан болып кетті ғой дейм, иә? Алдында да отырғанда 13 адам едік.) Арамызға Қуаныш та қосылды. (Келгеніне ол да, біз де өте қуаныштымыз) .
Жиналдық, ойлағаннан аз адам болды, бірақ ойламаған адамдар келді))) Қуанышты көріп, қуанып қалдық, Толыбай мырза келіп, көңіліміз толды))) Оған қоса, АКЫ екеумізден бөлек 3 әдемі қыздар келіп, нәзік жандылардың құрамы көбейді)))
Сомен суреттер: