Қай универде оқыған жақсы? (физика пәнімен, техникалық мамандық)
Барша Керекинфо тұрғындарына сәлем!
3 күннен кейін биылғы түлектер ЖОО-ға грантқа түсу үшін құжаттарын тапсырады. Оқушыларымның көбісі Алматыда оқығылары келеді. Бірақ Алматыдағы универлер жайлы білетіндері аз.
Оқушыларым меннен де "Қайсы универ таңдаған дұрыс?" деп сұрап жүр. Менің Алматыдағы университеттер туралы білетінім шамалы. Керекинфоның қолданушыларының 52-сі Алматылық екен. Пікірлеріңіз КЕРЕК! Сіздердің ой-пікірлеріңіз қандай? Мүмкін тағы да қосатындарыңыз бар шығар?
Әрі қарай

Алматыға 30 маусымда редакциялық тапсырмамен келдім. Бас қаланың ауа райы әдеттегісінен де әлдеқайда құбылмалы екен. Алматының аспаны бірнәрсеге, жұмыр басты пенделерге қатты өкпелеген бе деп қаласың. Сол күй адамдарға берілген бе, қалай...

Алматыда тарихы ғасырға жуық бір орын бар. Ол – М.Мақатаев және Д.Қонаев атындағы көшелердің қиылысында, нақтылай айтсақ, Мақатаев атындағы көше бойында, жаяу жүргіншілер өтетін жерде орналасқан. Халық арасында бұл жер «Жетім бұрыш» деп аталып кеткен. Міне, біз сенбі күні «Жетім бұрышқа» келдік. Жаңбыр жауып, күн бұлттанып, қараңғыланғанына қарамастан қыбырлаған тіршілік уақыт өткен сайын қыза түсуде. Сағат күндізгі 15:30 -16:30 аралығындағы бір сағаттың ішінде мұндағы халықтың сұранысын, жанарындағы қалауын, үйді жалға берушілердің ниетін аңғарып қалғандаймыз.

Қалай брат? Не хауар? Нестеватсың? Аманшылық па?